МС Сайлаубектің қандай фильмге түсетіні белгілі болды » ZHARAR © 2016 | Сайлаубек, Серікбол, Басты, рөлді, комедия, дизайнер, хабарлайды, Қазақстандық, BNews, сомдайды, танымал, режиссер, түсіреді, Мекеновпен, Динияр, бірге, дебютант, Алматыда, екенін, керек




  • »

МС Сайлаубектің қандай фильмге түсетіні белгілі болды

МС Сайлаубектің қандай фильмге түсетіні белгілі болды казакша МС Сайлаубектің қандай фильмге түсетіні белгілі болды на казахском языке

Қазақстандық танымал дизайнер Жадо дебютант режиссер Динияр Мекеновпен бірге Алматыда комедия түсіреді. Басты рөлді Серікбол Сайлаубек сомдайды, деп хабарлайды BNews.kz.

Түсірілім ұжымының айтуынша, фильм мамырдың аяғына қарай көрермендерге жол тартады.

Фильмнің атауы – «Серік бол». Оқиға желісі Бақанас ауылынан басталып, ақыр аяғында қала тіршілігімен жалғасады.

МС Сайлаубектің қандай фильмге түсетіні белгілі болды

«Биыл жаңа фильмді қолға алып отырғанымызға өте қуаныштымын. «Тыйым салынған билерден» (А.) кейін біраз уақыт өтті. Келесі туындымыз да жоғары деңгейде болады деп күтеміз. Ауылда келін бола алмаймыз деп алдын-ала айтып жүретін қаланың қыздары туралы комедия түсірмекпіз. Дәстүрлердің өміршеңдігін көрсетіп, оны барлық қыз балалар білуі керек екенін айтқымыз келеді. Басты рөлді Серікбол Сайлаубек ойнайды. Оның талантына еш күмәнім жоқ. Серікбол осы жолы өзін актер ретінде көрсетеді»,- дейді продюсер Жадо.

Сонымен қатар, бұл фильмде Абай Бегей, Мұрат Бисембин, Ернар Айдар, Талғат Жорабаев, Асхат Торғынов, Өмірқұл Айниязов, МС Сайлаубек және т.б. түседі.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 691
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .