Қостанай облысында бірден 3 ауданды топан су басып қалды » ZHARAR © 2016 | казакша жаналык Қостанай облысында бірден 3 ауданды топан су басып қалды, новости в костанае Қостанай облысында бірден 3 ауданды топан су басып қалды




  • »

Қостанай облысында бірден 3 ауданды топан су басып қалды

Қостанай облысында бірден 3 ауданды топан су басып қалды казакша Қостанай облысында бірден 3 ауданды топан су басып қалды на казахском языке

Табиғаттың тосын сыйы Қостанай облысына тап келді. Мұнда Таранов, Қарабалық, Федоров аудандарының бірнеше елді-мекен ағынды судың астында қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір апат аймағында облыстың төтенше жағдайлар қызметі тайлы-тұяғымен жүр. Бүгінгі күнге дейін 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал олардың үйлері тұруға жарамсыз, белуардан суда қалған. Жұртшылық аудан орталығындағы мектептер мен уақытша тігілген тұрақжайларда жан бағуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, үлкен көлемдегі су Ресейдің Челябинск облысындағы су бөгетінің жарылуынан Қазақстанға қарай арқырап аққан. Сәт сайын көбейіп жатқан суды облыстың басқа өңірлеріне жібермес үшін қолдан бөгеттер тұрғызылуда.

100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Жергілікті атқамінерлердің ақпаратына сүйенсек, қосымша арықтар қазылғанмен су өте жай кетуде. Су басу қаупі тағы 10 шақты елді-мекенге төніп тұр.

Қостанай облысында төтенше жағдайға байланысты су тасқынынан жапа шеккендер үшін арнайы телефон желісі қосылған.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 3 387
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

. .