Мақпал Жүнісова: Өз елімнен кететін шығармын » ZHARAR © 2016 | Жүнісова, Мақпал, Халық, әртісі, отандық, жасап, мүмкін, сілтеме, жазады, Comode, көріп, шығармайды, бермекпін, Қазақтың, болса, жылай, қашанғы, ешқайда, жүргендей, отырсыз




  • »

Мақпал Жүнісова: Өз елімнен кететін шығармын

Мақпал Жүнісова: Өз елімнен кететін шығармын казакша Мақпал Жүнісова: Өз елімнен кететін шығармын на казахском языке

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова концерттерде бой көрсеткенімен, отандық телеарналардың өзін эфирге шығармайтынына налыды. Қайда барса да, алдынан кесе-көлденең кедергілер шығатын Халық әртісі өз елінен кетуді де ойластырып жүргендей, деп жазады NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап.

Мақпал Жүнісова сұхбат барысында қызы Мерей аяққа тұрып кеткен соң, елден кетуі мүмкін екенін ашық айтты. Бұған себеп, әншінің өнері отандық арналардан көрсетілмеуінде екен.

Өзіңіз де көріп отырсыз, ешқайда шығармайды. Мен қашанғы жылай бермекпін?
"Жасырмаймын, ондай ойым бар. Өзіңіз де көріп отырсыз, ешқайда шығармайды. Мен қашанғы жылай бермекпін? Оған дейін зейнетке де шығып қалармын. Басқа мемлекетке баруым не болмаса туған жеріме кетіп қалуым мүмкін. Ауылыма барып, бауырларымның жанында тып-тыныш өмір сүргенге не жетсін?", - деді Мақпал Жүнісова.

Әртіске Алматыдағы үлкен үйді ұстап тұрудың өзі оңайға түспейтін көрінеді. Күнделікті үй шаруасына көп қаржы жұмсауына тура келеді. Көлік жүргізе білмейтін әнші қазірде рөлге отыруға мүлдем қорқады. Сол үшін жүргізуші жалдайды.

"Бір тиын да жинамаппын. Айтқанымдай, артық ақшам болса, бәрін таратып жүреді екенмін. Бір үйімді сатып, депозитке салсам ба деп енді ойланып отырмын. Бәрі уақыттың еншісінде. Қызым аман-есен мектебін аяқтап, жақсы оқуға түссе деймін. Одан басқа мақсат-мұрат жоқ. Несібемізге қарай бұйырғанын көрерміз. Шақырған жерден қалмай, шақырмаған жерге бармаймын. Жағдайымды жасайтын болса, ән айтуға дайынмын", - деді Халық әртісі жоспарымен бөлісіп.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 1 366
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .