Алматыда Тұңғыш Президент күнінде бас шыршаның шамы жағылады » ZHARAR © 2016 | қазақстан жаңалықтары, қазақстан жаңалықтары жаңа, қазақстан жаңалықтары новости казахстана, новости казахстана на казахском , тұңғыш президент күні жаңалық, новости на день президента 1 декабрь, алматы день президента казахстана




  • »

Алматыда Тұңғыш Президент күнінде бас шыршаның шамы жағылады

Алматыда 1 желтоқсанда қаланың бас шыршасының шамдарын жағу дәстүрі қалыптасқан. Мерекелік шара қала әкімі мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Республика алаңында өтеді.

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматы қаласы мәдениет басқармасының пиар-менеджері Рәшида Тыливалдиева хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы 3D - mapping шоу өтеді деп жоспарланып отыр. Бас шыршаның шамдары жағылған соң эстрада жұлдыздары, балалар үйінің, интернат тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары қатысуымен концерттік бағдарлама басталады.

"Мерекелік шара кешкі сағат 7-де басталады. Бұл күні қаланың 7 ауданында шырша шамдары жағылады деп жоспарланып отыр. Мерекелік шаралар өтетіндіктен Республика алаңы жабылады, көліктерді тек ғана "Алмалы" сауда үйінің маңына қоюға болады",-деді Р. Тыливалдиева.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 911
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .