Астанада қоғамдық көлік айдап, телефонымен ойнаған жүргізуші жұрттың ашуына тиді (видео)

Астанада қоғамдық көлік айдап, телефонымен ойнаған жүргізуші жұрттың ашуына тиді (видео) казакша Астанада қоғамдық көлік айдап, телефонымен ойнаған жүргізуші жұрттың ашуына тиді (видео) на казахском языке


nur.kz порталына Астана қаласының тұрғыны хабарласып, қоғамдық көлікте телефонымен ойын ойнаған жүргізушіге шағымданды.

Видеожазбаны жолдаған азамат тек Алматыда ғана емес, Астана қаласында да қоғамдық көлік жүргізушілері адамдардың өмірін қауіпті жағдайға қоятынын айтуда.

"Бұл Алматыдағы жағдайға байланысты Астананың жауабы. №17 бағыттағы автобус жүргізушісі біресе жолға, біресе телефонына қарайды. Мүмкін ол адамдардың өмірі мен денсаулығынан да маңыздырақ нәрсе көріп отырған болар", - дейді куәгер.

Сондай-ақ жүргізуші мен кондуктор өздерін видеоға түсіріп тұрғанын білсе де, міз бақпай тұра беріпті. Куәгердің сөзіне сүйенсек, қоғамдық көліктегі қызметкер әдейі камераның алдына тұрып алып, ақшасын санаған. Осылайша олар мүмкін болатын қауіптілікке бей-жай қарайтындарын көрсетіп тұр деп ашынады ол.

Айта кету керек, Алматы қаласында қоғамдық көлікті жүргізіп отырып, телефонымен ойнаған азаматқа қатысты шара қолданды деген ақпарат редакцияға әлі келіп түскен жоқ.





KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, қоғамдық, Астана, телефонымен, ойнаған, порталына, шағымданды, жағдайға, адамдардың, біресе, қаласында, жүргізушіге, қаласының, көлікте, хабарласып, тұрғыны, Осылайша, санаған, ақшасын, тұрып, алдына, қоғамдық, Астана, телефонымен, ойнаған, порталына, шағымданды, жағдайға, адамдардың, біресе, қаласында, жүргізушіге, қаласының, көлікте, хабарласып, тұрғыны, Осылайша, санаған, ақшасын, тұрып, алдына, Астанада қоғамдық көлік айдап, телефонымен ойнаған жүргізуші жұрттың ашуына тиді (видео)