Қамшымен бойжеткенді сабаған жігіттің әрекеті желіні дүр сілкіндірді

Қамшымен бойжеткенді сабаған жігіттің әрекеті желіні дүр сілкіндірді казакша Қамшымен бойжеткенді сабаған жігіттің әрекеті желіні дүр сілкіндірді на казахском языке


Желіде қазақ жігітінің қызылжарлық арумен алдымен сөйлесіп, кейін қамшы ала жүгірген видеосы тарап кетті деп хабарлайды ZTB паблигіне сілтеме жасаған nur.kz.

Instagram желісіндегі ZTB паблигінде түн ортасында қазақ жігітінің белгісіз бойжеткендермен сөйлесіп, кейін қамшы алып сабай жүгірген видеосы пайда болды.

Автор аталған видеоға «Міне, қазақтың қыздарын осылай жазалау керек» деген жазба қалдырған. Сондай-ақ, ол бейнежазба авторы ретінде желіде azat_abyken деген атпен тіркелген ер азаматты көрсеткен.

Видео авторының мұнымен не айтқысы келгені де түсініксіз. Онда тек «Қай жақтансыз?» деген сұрақ қойылады, ал бойжеткен оған «Петропавлданмын» деп жауап береді. Кейін, ер-азамат оған қамшы алып, сабай жөнеледі.

Желі қолданушылары бірден аталған видео авторын сынға алып, «қазақ жігіттерінің тек нәзік жандыларға ғана шамасы келеді», «намыссыз», «әйел адамға қол көтеруге болмайды» деп пікірлерін жаудырған.





KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, деген, жігітінің, қазақ, сөйлесіп, кейін, жүгірген, видеосы, паблигіне, аталған, сабай, сілтеме, Желіде, хабарлайды, кетті, қызылжарлық, арумен, алдымен, жасаған, тарап, деген, жігітінің, қазақ, сөйлесіп, кейін, жүгірген, видеосы, паблигіне, аталған, сабай, сілтеме, Желіде, хабарлайды, кетті, қызылжарлық, арумен, алдымен, жасаған, тарап, Қамшымен бойжеткенді сабаған жігіттің әрекеті желіні дүр сілкіндірді