"Жігіттер қайда?": Астаналық кондуктор жолақысын төлемеген ер азаматпен төбелесе кетті



Астанадағы автобустардың бірінде оқыс жағдай орын алды. №51 маршруттың кондукторы жолақысын төлемеген азаматпен төбелесіп, оны мәжбүрлі түрде қоғамдық көліктен шығармақ болған. Ашулы азамат кондуктор және жолаушылармен жаға жыртысқан деп хабарлайды nur.kz порталы.

Кондуктор мен жолаушы арасындағы "теке-тірес" Instagram-дағы пабликтердің бірінде пайда болған. Жазба авторының айтуынша, оқиға қаладағы №51 автобуста орын алған екен. Жолақысын арнайы карта арқылы төлемеген жолаушы, аталған әрекеті үшін кондуктордан сөз естіпт тынады. Ашулы кондуктордың "Жігіттер қайда? Шық автобустан" деген сөзін анық естуге болады. Ал жолаушы кондуктордың мұндай сөзіне шыдамай оған қарсы шығады. Ол тіпті әйел адаммен жаға жыртысуға дейін баратынын көруге болады.

Желі қолданушылары болса аталған бейнежазбаға қатысты түрлі пікір қалдырған. Олардың бірі "Ақысыз жүретін жолаушыға солай ету керек", "Өте дұрыс, автобустан шықсын" десе, енді бірі "Бір ретке кешіруге болатын еді", "Кондуктарлар әдепсіз, ұят" деген пікірлерін жаудырып жатыр.





KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, бірінде, төлемеген, жолаушы, болған, Астанадағы, автобустардың, кондуктордың, автобустан, деген, болады, порталы, хабарлайды, жыртысқан, кондуктор, азамат, жолаушылармен, шығармақ, азаматпен, жағдай, бірінде, төлемеген, жолаушы, болған, Астанадағы, автобустардың, кондуктордың, автобустан, деген, болады, порталы, хабарлайды, жыртысқан, кондуктор, азамат, жолаушылармен, шығармақ, азаматпен, жағдай, "Жігіттер қайда?": Астаналық кондуктор жолақысын төлемеген ер азаматпен төбелесе кетті