Белгілі журналисті қорқытқан Төреғалидың тағы бір былығы ашылды (фото, видео)

Белгілі журналисті қорқытқан Төреғалидың тағы бір былығы ашылды (фото, видео) казакша Белгілі журналисті қорқытқан Төреғалидың тағы бір былығы ашылды (фото, видео) на казахском языке

Елімізге белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалидың халықты әлі де менсінбей отырғанын айтып, елімізге белгілі тележүргізуші Асхат Садырбайға жазған хаттары мен телефон арқылы әншінің көкелері көрсеткен қоқан –лоққының аудиожазбасын жариялады деп хабарлайды nur.kz.

«Төреғали Төреәліні мен ғана жазғандай тегі, барлықтарыңыз сыртымнан ғайбат пікірлеріңізді аямапсыздар. Бар жазығым сахнаны сыйламайтын кім еді ол деген сұрақ қойдым. Төрештеріңіз хейтерлерді аямай жинапты. Қарша боратып жатыр мен туралы жағымсыз пікірлер. Не дейін?

Әзірге мен Төрештеріңіздің ұялып, кешірім сұрап тұрған түрін байқамадым. Әлі де "мен, мен" деп өршігіп барады. Халықты итке теңеп, қазақтың шалдары құтырған деп есіріп тұрған әпендіні байқадым. Бұл жігіт өзіне өте көп алады екен. Журналистерді көзіне ілмейді. Егер сол журналистер болмаса, бұны кім танитын еді? Халыққа әнін тыңдатып, эфирден көрсетіп, танымал еткен менің әріптестерім! Семіздікті қой ғана көтереді деген осы. Сахнаға қызара бөртіп шығып, екі қолын сермеп қояр емес, әкесіндей емес, атасындай қарияға: "енек" дегені қай сасқаны?!»,- деп жазады ол.

Әншіні «кешірейік, бала ғой» деген жандарға ол Төреғалидың екі баланың әкесі екенін алға тартты.

«Кешірейік деп қояды бір кісілер. Жүріңдер сол әрқайсысын кешіріп. Еркелігі ғой, балалығы мен шалалығы дейтіндей бозбала емес. Екі баланың әкесі. Дап-дардай жігіт ағасы. Егер дәл осындай жайт Еуропада, әлде мына тұрған Ресей мен Өзбекстанда болсын, қызанақ, жұмыртқа лақтырып елден қуып шығар еді.

Белгілі журналисті қорқытқан Төреғалидың тағы бір былығы ашылды (фото, видео)

Қарт кісі айтса, жөнімен айтты. Концертке демалу үшін келді, тойға емес. Той мен концертті бұл әнші шатастырып алған тәрізді. Мүмкін атай соңғы ақшасына билетін сатып алған шығар? Сол атайдың орынына өзіңіздің әкеңізді, әлде атаңызды қойыңызшы. "Шығарып жіберіңдер" деп сүмірейтіп дүйім жұрттың алдында масқара етті. Қарт кісінің қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса ше? Ал, бұл болса "шал, шал" деп әлі айылын жимай, мағынасы жоқ, түкке тұрмайтын әнін айтуда»,- дейді журналист.

Осылайша ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында «Төреғалиға тіл тигізбе» деп белгісіз екі ер адамның бір-бірімен сөйлескен әңгімесінің аудиожазбасын жариялады.





KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Төреғали Төреәлі, торегали тореали, аудиожазбасын, жариялады, журналист, деген, Төреғалидың, тұрған, көрсеткен, қоқан, –лоққының, баланың, хабарлайды, жігіт, әкесі, әншінің, алған, көкелері, Елімізге, арқылы, айтып, Төреғали Төреәлі, торегали тореали, аудиожазбасын, жариялады, журналист, деген, Төреғалидың, тұрған, көрсеткен, қоқан, –лоққының, баланың, хабарлайды, жігіт, әкесі, әншінің, алған, көкелері, Елімізге, арқылы, айтып, Белгілі журналисті қорқытқан Төреғалидың тағы бір былығы ашылды (фото, видео), Белгілі журналисті қорқытқан Төреғалидың тағы бір былығы ашылды (фото, видео)