БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото)

БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото) казакша БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото) на казахском языке

БҚО ауылдарының бірінде бұрын жұмыссыз жүрген азамат "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының "Бизнес бастау" бағдарламасы бойынша май өндіретін зауыт ашып жатыр деп хабарлайды nur.kz тілшісі.

Сабырғали Сисенов 49 жаста, ол Достық ауылында тұрады (бұрынғы Зеленов ауданы - автор). Бір жыл бұрын ғана ресми түрде жұмыссыз болған ол енді меншікті өндірісінің іске қосылуын күтуде.

БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото)

- Негізінде мен 90-шы жылдардан бастап аймақта шикізат тұқымын саттым, - дейді біздің материалдың кейіпкері. - Мен сатушы дилер болатынмын - күзде Ресейден шикізат тұқымын аламын да оны Оралға сататынмын. Біз шемішкілерді сорттап алатынбыз. Бұл жұмысқа мен барлық отбасы мүшелері мен туысқандарымды кірісітірдім. Кейде Ресейден май әкеліп сатушы едім. Оралда оған өте жақсы сұраныс болды. Бірақ мен өзімнің зауытым болғанын армандадым.

БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото)

Сабырғали Сисеновтың айтуынша, ол арнайы құралдар сатып алып, бизнес жүргізу негізін оқуға ұзақ уақыт ақша іздеген.

- Мен таныстарымнан "Бизнес Бастау" бағдарламасы туралы көп естідім, кейін бағымды сынап көрдім, - дейді кәсіпкер - Бағдарлама оқу барысында өзім үшін көптеген маңызды дүниелер жинадым - маркетинг, менеджмент және заң саласы бойынша қажетті білім алдым. Оқудан кейін ЖК ретінде тіркеліп, жаппай кәсіпкерлік және жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ құжаттар жинай бастадым.

БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото)

Сабырғали Сисеновке жылдық 6% жеңілдікпен 3 400 000 теңге несие берген.

- Мен бірден өзімнің шағын май зауытым үшін құрал жабдықтар сатып алдым, - дейді кәсіпкер - Қарашаның басында біз ашылдық. Менен бөлек зауытта үш адам қызмет етеді. Менің күнбағыс майым "Жергілікті май" деп аталатын болады.

БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото)

Батыс Қазақстан облысында күнбағыс майын өндірумен ешкім айналыспайды.

БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото)

Бастаушы кәсіпкер сонымен қатар біраз уақыттан кейін өндіріс ауқымы кеңейіп, қуырылған күнбағыс тұқымын сатумен айналысатынын жеткізді.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, бағдарламасы, тұқымын, Бизнес, күнбағыс, кейін, дейді, Сабырғали, кәсіпкер, жұмыссыз, бұрын, кәсіпкерлер, шикізат, сатып, сатушы, зауытым, өзімнің, бірінде, Ресейден, алдым, бағдарламасы, тұқымын, Бизнес, күнбағыс, кейін, дейді, Сабырғали, кәсіпкер, жұмыссыз, бұрын, кәсіпкерлер, шикізат, сатып, сатушы, зауытым, өзімнің, бірінде, Ресейден, алдым, БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото), БҚО-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото)