Ерке Есмаханға өзін танымал еткен "Алло" әнін орындауға тыйым салынған

Ерке Есмаханға өзін танымал еткен

Жоғын іздеп жүріп хитке айналған “Қайда?” әнінің орындаушысы, танымал әнші Ерке Есмахан енді “Алло” әнін орындай алмайды. Төреғали екеуінің жұлдызын жаққан бұл әнді Еркеге айтуға тыйым салынған, деп хабарлайды nur.kz.

Бұл жайлы әнші GAKKU арнасына берген сұхбатында айтты.

"Қазір бұл ән менің репертуарымда жоқ. Әннің авторы хит әнді басқа әншілерге сатқанына байланысты, менің енді орындауға қақым жоқ. Бірақ Төреғали басқа әншілермен бірігіп, орындап жүр", – дейді Ерке.

Онымен қоса, әнші сұхбат барысында Баян Мақсатқызының орталығымен қош айтысқанын айта кетті.

"Бір жыл бұрын маңызды шешім қабылдап, әрі қарай өзім жұмыс жасауға бекіндім. Әрине, қорқыныш болды. Біраз уақыт бойы продюсеріме айта алмай жүрдім. Бірақ тәуекелге бел буып, осындай шешім қабылдадым. Баян Мақсатқызы да, Бағым Мақсатқызы да түсіністікпен қарап, маған тек сәттілік тіледі" , – дейді ол.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Төреғали, Жоғын, жаққан, дейді, Бірақ, іздеп, басқа, менің, Мақсатқызы, хабарлайды, салынған, тыйым, айтуға, Еркеге, шешім, жұлдызын, айналған, “Қайда, екеуінің, әнінің, Ерке Есмахан, Ерке Есмахан, Төреғали, Жоғын, жаққан, дейді, Бірақ, іздеп, басқа, менің, Мақсатқызы, хабарлайды, салынған, тыйым, айтуға, Еркеге, шешім, жұлдызын, айналған, “Қайда, екеуінің, әнінің, Ерке Есмаханға өзін танымал еткен "Алло" әнін орындауға тыйым салынған, Ерке Есмаханға өзін танымал еткен "Алло" әнін орындауға тыйым салынған