"ЭКСПО-ға" тағы 33 миллиард теңге бөлінетін болды

"ЭКСПО-ға" тағы 33 миллиард теңге бөлінетін болды

Үнемге көштік деп мәлімдеме жасаған Есімовтің "ЭКСПО-сына" тағы 33 миллиард қаржы бөлінетін болды деп хабарлайды 31 арна.

Қаржы құрылысты жылдамдату үшін жұмсалмақ.

Қыркүйектің басында айтылған дағдарыстан өсуге жетелейтін президенттің жаңа жоспары бойынша 233 млрд теңге экономикалық өсімге беріледі. 97 млрд агроөнеркәсіпке болса, 112 млрд теңгеге жаңа зауыт, кәсіпорындар іске қосылады екен. Терроризммен күрес үшін үкімет 70 млрд жұмсамақ. Ал шығыны шаш етектен "ЭКСПО-ға" тағы 33 млрд теңге берілетін болыпты.

"136 млрд ірі жобаларға жұмсалады. Соның ішінде 33 млрд теңге "ЭКСПО" құрылысын жетелдету мен өткізілуіне беріледі. Тағы 53 млрд Назарбаев университетіне, бұл да "ЭКСПО-ға" қатысты нысандар", - дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Ал елдің жылдар бойы жинап терген зейнетақысынан 112 млрд теңге банктерге беріліп қойыпты. Қалғанын қаржы орталықтары алудан бас тартып отыр екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?