17 жастағы көкпардың көшбасшысы


Көкпар- нағыз ерді шынықтыратын алаң. Қазақтың ұлттық ойынын дәріптеп, талайды тамсандырған шабандоздар бар. Тілләбек Cүлейменовтің жанкүйері болып, көкпарға бет бұрған Сарыағаш жасөспірімдер тобының көшбасшысы- Өскенбай Тұрматбек ойынның қыр-сырымен бөлісті.
-Көкпарға қалай және қанша жасыңда келдіңіз?
-Бұл ойынға бала кезімнен қызығамын. Дегенмен, 15 жасымнан қолға алдым.
-Жеңіс үшін көп дайындалу қажет . Ал, сіз дайындыққа қанша уақыт жұмсайсыз?
-Көкпар білекті де жүректі жігіттердің алаңы. Қара күш пен асқан шыдамдылықты талап етеді. Қызығушылығым басым болғандықтан, жаттығу алаңдары мен бәйгелерге жиі барамын. Өзім жас шабандоз болғандықтан, мейлінше көп жаттығуға тырысамын.
-Ойын барысында айналаңыз бәсекелестерге толы болады.Барлығы бір серкеге таласып, жерден алуға тура келеді.Сол сәтте, қалай жылқыдан құламай берік отыруға болады?
- Мені де бұл ой алаңдатты. Бірақ, арнайы жаттығулардың арқасында үйрендім. Уайымдаудың қажеті жоқ. Ең оңай тәсілі жылқымен жиі дайындалу қажет. Сонда өздігінен тәжірибе артады.
-Денсаулығыңа қауіп төндірген сәттер болды ма?
- Ия. Көкпар өте көп жарақаттанатын сайыстардың бірі деп ойлаймын.
Өзімнің басымнан өткен оқиғамен бөлісейін.Ойын барысында қабырғам сынып, екі ай емделдім. Дегенмен, көкпарға деген қызығушылығым одан әрі арта түсті.
-Ата-анаң қарсылық танытты ма?
-Иә! Дәл осы жарақаттан соң ата-анам мүлдем бұл жолды таңдауыма келіспеді. Денсаулықтағы мәселе мен үшін үлкен кедергі болды.
-Бұл мәселені қалай шештіңіз?
-Бірінші ағама алғысымды білдіремін. Мейлінше мені қолдады. Ата-анамның келісімін алып,бірге белестерді бағындырудамыз.
-Жеткен жетістіктеріңіз жайлы айта кетсеңіз
-Жасым небәрі он жетіде. Екі жыл болды көкпармен айналысып жатқаныма. Қаншама бәйгеде бақ сынасамда, неше салым салғанымды санамаппын. Мен үшін дәл қазіргі жетістігім өз тобымның көшбасшысымын. Яғни команда капитанымын.
-Соңыңыздан еріп келе жатқан жас шабандоздарға қандай ақыл-кеңес бересіз?
-Айта кеткенімдей әлі өте жаспын. Тәжірибемде жеткіліксіз. Өзімде көкпарды жан-жақты ізденіп жатырмын. Кішігірім берер кеңесім: қиындығынан қорықпай , еңбектеніңіздер. Келеңсіздіктер болса,сынбаңыздар! Себебі жетістік қайсарлық пен еңбектің арқасында келеді.


Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Ұлттық ойын: Көкпар
» Ұлттық ойын: Ат үстіндегі тартыс
» Ұлттық ойын: Инемді тап
» Ұлттық ойын: Теңге алу
» Ұлттық ойын: Домалақ ағаш
» Ұлттық ойын: Таяқ ойнау
» Ұлттық ойын: Айдап сал

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2

Пікір жазу



Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы