Қазақ салт - дәстүрі: Тоқым қағар

Қазақ салт - дәстүрі: Тоқым қағар казакша Қазақ салт - дәстүрі: Тоқым қағар на казахском языке


Жігіт деп түркі тілдес халықтарында батыл және ержүрек жасөспірімдерді атайды. Бұрын Еуропа елдерінде атқа мінуді әскери адамдарға үйретсе, біздің көшпенді ата бабамыз балаларын кішкентай кезінен жылқыға міңгізетін. Қазіргі кезде де үлкен бәйгелерде жас балаларға аттың тізгіні сеніп тапсырылады. Бірақ жас шабандоз қайсар, төзімді, жауынгерлік рухы және қанында атқа құмарлығы болуы тиіс. Бұрыңғы кезде қазақ отбасында ұл бала туылса, оған арналып түрлі дәстүрлер орындалатын. Кейбір дәстүрлер қазіргі кезге дейін сақталып келе жатыр. Ұл бала туылғанда, оның бесігіне жігітке тән заттарды іліп қояды. Мысал ретінде қамшыны және пышақты келтірсе болады. Бұның бәрі бала өскенде батыр, мықты, берік, қайсар болсын деген ниетпен істеледі. Қазіргі уақытта ұмытылып бара жатқан салттар да бар. Мысалы бұрыңғы заманда баланы беделді кісінің үзеңгісінен өткізіп оның батасын алған. Ал өскенде ол кімнің үзеңгісінің астынан өткенін айтқан. Осындай абырой балаға жауапкершілік болып, оны жаман істерден сақтаған.

Кейін бала 3-4 жасқа келгенде оны ашамайға міңгізеді. Осы жастан бастап бала атқа міне бастайды. Атқа мінуді толық меңгерген уақытта, оған тағыда бір дәстүр арналады. Ол дәстүрдің аты Тоқымқағар. Осы дәстүр бала бірінші рет өз үйінен басқа жаққа сапарға шыққан кезде жасалады. Бала сапарға шығуға дайын болғанда, оның әкесі ауылдың кісілерін шақырады. Ауылдың кісілеріне дастархан жайылады. Олар шай және тамақ ішеді. Кейін үлкен ақсақал балаға бата жасап, тілеу айтып оны шығарып салады. Тоқымқағар - ерекше дәстүр. Жылқының жалын тартып мініп, қолына тізгінін ұстаған балаға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол атын өзі жүргізіп, бірінші сапар жасайды. Ол уақытта адамдар үлкен қашықтыққа сапар жасайтын. Себебі қазақ халқы көшпенді болған. Сол кезде орта есеппен алғанда бала 8-10 жас аралығында, бірінші сапарына аттанатын. Сегіз жасар балалар ерте есейіп, жүзден астам шақырымды өзі жалғыз өтетін. Сол себепті бұның астарында еңбекқорлыққа баулу, жылқыны өмірлік серік ретінде құрметтеу жатыр. Осы уақыттан бастап баланың өмірі, қартайғанға шейін жылқымен байланысты болады.

Қазіргі кезде осы дәстүр ұмытылған. Себебі қазір сапарға жылқымен аттанбайды және жылқы басты жылжымалы мүлік болып есептелмейді.






KZ » Қазақ ұлттық ойын, киім, тағам, салт-дәстүр жинағы, тоқым қағар деген не, тоқым қағар сөзінің мағынасы, тоқым қағар мәлімет, токым кагар малимет, токым кагар магынасы, токым кагар википедия, токымкагар туралы малимет, тоқымқағар туралы мәлімет, тоқым қағар деген не, тоқым қағар сөзінің мағынасы, тоқым қағар мәлімет, токым кагар малимет, токым кагар магынасы, токым кагар википедия, токымкагар туралы малимет, тоқымқағар туралы мәлімет, Қазақ салт - дәстүрі: Тоқым қағар