DataLife Engine / Биология | Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі

Биология | Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі

Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі



Мақсаты: Қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелердің (ацетон) сапалы анықтау.



Көрсеткіші: балада қантты диабеттің анықталуы.



Кері көрсеткіші: жоқ



Керекті құралдар:



· Экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар.



· Сүзгіш қағаз.



· Горшок.



· Резеңке қолғап.



Іс-әрекет алгоритмі:



1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.



2. Керекті құралдарды дайындау.



3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.



4. Экспресс-диагностикаға арналған таблеткаларды (құрамында: нитропруссид, күкірт қышқыл алюминий бар) алып, сүзгіш қағаздың үстіне қою.



5. Таблетканың үстіне таза горшокқа жиналған зәрдің 2-3 тамшысы қосылады.



6. 1-2 минуттан кейін таблетканың түсі өзгереді.



Нәтижесін бағалау: Таблетканың түсін шкаламен салыстыру:



· Ақшыл сары-«әлсіз оң» (+);



· Қызыл-қоңыр-«оң» (++);



· Шие түстес-«күрт оң»(+++);



7. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.



Ескерту:



1. Материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.



2. Таблетка болмаған жағдайда: 10 гр.натрий нитропруссид, 20 гр.аммоний сульфат, 20 гр. сусыз натрий карбонатты алып мұқият араластырып ұнтақталады.

19.10.2018
Вернуться назад