DataLife Engine / Түлкі

Түлкі

Бір түлкі жеті бөріні алдайды.

Түлкіні түн асырайды.

Түлкінің қызылдығы - өзінің соры.

Түлкінің өз терісі өзіне жау.

Түлкі терісінен жазады,
Бай малынан жазады.

Әр таудың түлкісін өз қыраны алады.

Арыстандай әлің болса,
Түлкідей айлаң болсын.

Қарғаның құдасы көп,
Түлкінің жолдасы көп.

Көп жорытқан түлкі терісін алдырар.

Арыстан болсаң жау үшін,
Түлкідей болсын әдісің.

Түлкіні құрылған қақпан ұстамайды,
Құруын тапқан ұстайды.
Түлкі өз құйрығын куәлікке тартады.

Тазыдан қашқан түлкі қақпанға тап болады.

Түлкінің ақыр тоқтайтыны - Ішік сататын дүкен.

Түлкі түгінен жазады.

Түлкі бөрінің тілегін тілейді.

Түлкі жатарында жер таңдамайды.

Түлкінің түсіне тауық кіреді.

Айлалы түлкі алдырмас.

Ит жүйрігін түлкі сүймес.

Ит алған түлкіде сын болмас.
11.12.2015
Вернуться назад