DataLife Engine / Соқырлық, надандық, пасықтық, топастық

Соқырлық, надандық, пасықтық, топастық

Бір басқа - бір көз.

Соқыр көбелекке тең.

Соқырдың тілегені - екі көзі.

Соқырдың арманы - көз.

Соқыр көзіне сенбейді, қолымен көреді.

Соқыр - сезгіш, саңырау - көргіш.

Соқыр кінәмшіл,
Саңырау секемшіл.

Соқырға көрсет, кереңге естірт.

Гауһардың қадірін соқыр қор қылады.

Қитар бір затқа қарап,
Екі нәрсе көреді.

Таз - әңгі, соқыр - қиық,
Бұйықта бар аз қиық.

Соқыр көргенінен жазбас.

Соқырдың қожасы - құлағы,
Ақсақтың аяғы - таяғы.

Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.

Саңырау бас десе, ңұлаң дейді.

Саңырауға сәлем берсең,
«Атаңның басы», -дейді.

Керең екі күледі.

Керең адамның аузына қарар,
Соқыр адамның дауысын тыңдар.

Кещеге бәрі күлкі.

Өмірі зақым жылқы бақсын,
Үзеңгісін ұзын тақсын.

Керең кемітсе де, семіртсе де күледі.

Туа мүкіс қозғалмас.

Соқырдан қарауыл қойсаң,
Жұртыңды жауға алдырар.
Наданнан қарауыл қойсаң,
Еліңді дауға қалдырар.

Ақсақ көп жүреді,
Соқыр көп көреді.
28.11.2015
Вернуться назад