DataLife Engine / Мамандық, маман, кәсіп (дәрігер, ұстаз, егінші)

Мамандық, маман, кәсіп (дәрігер, ұстаз, егінші)

Бал ұстаған бармағын жалар

Ұстаның бізі сүйкімді,жақсының сөзі сүйкімді

Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін

Алтын менен күмісті,
Зергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаны,
Мерген үшін жаратқан.

Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.

Шеберді саусағы асырайды

Бейнет қыл да зейнет қыл.

Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.

Алуан-алуан кәсіп бар,
таңдай біл де,талап қыл!


Пайдалы сілтемелер:



Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.

Диқан жерді анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді.

Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды

Малды баға білмеген пайданы таба білмейді

Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек
Гипократ

Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады

Жұмысы жоқтың ырысы жоқ

Ата кәсіп балаға нәсіп.

Күндіз қойын күтерсін,кешке жүнін түтерсің.

Атан түйе жүк астында қартаяр.

Тігіншіні инесі асырайды.

Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.

Орақшының жаманы орақ таңдайды.

Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.

Еріншектің ертеңі бітпес.

Шеберді саусағы асырайды.

Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.

Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.

Түйір нан – тамшы тер.

Сен істі сүйсең, іс саған бас.

12.10.2016
Вернуться назад