DataLife Engine / Егіншілік

Егіншілік

Жер тоймай,
Ел тоймайды.

Жеріне қарай, егін ек,
Жолына қарай жегін жек.

Қыс азығын жаз жина.

Арпа, бидай —
Ас екен,
Алтын, күміс —
Тас екен.

Тамыр тартқан — тарықпас.

Жемісті ағаштың басы төмен.

Қос жүре түзелер.

Берген алар, еккен орар.

Егінші жылда арманда,
Балықшы күнде арманда.

Не ексең, соны орарсың.

Күріш арқасында күрмек су ішер.

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.

Шегірткеден қорыққан егін екпес.

Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар.

Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.

Ағын суы бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.

Сулы жер —
Нулы жер,
Бұлақты жер —
Тұрақты жер.

Толықсып аққан дария —
Мейірбанды қария.

Еріншек егіншіден
Елгезек масақшы озады.

Егінші — мәрт,
Жер — жомарт.

Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла.

Шағала келмей жаз болмас,
Шаңған болмай боз болмас.

Тікеннен — гүл,
Заһардан — бал.

Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.

Орақшының жаманы,
Орақ таңдайды.

Айыр пішен қасында,
Кісен кереге басында.

Шаруа болсаң,
Қос етегің кең болсын.

Диқан жауында тынады,
Балықшы дауылда тынады.

Кешкі күн құлақтанса
Қатының ұл тапқандай сүйін.
Ертеңгі күн құлақтанса,
Еліңді жау шапқандайкүйін.

Сабағы жаман дақылдың
Дәні де жаман.

Сағадағы су ішеді,
Аяқтағы у ішеді.

Ағашы аласа болса да,
Алмасы тамаша.

Мәуелі ағаш — майысқақ.

Жеті тоқсанда жер мұздайды.

Егін ырыс таңдамайды.
Еңбек таңдайды.

Егініңді дөңге сал,
Дөңге салсаң — көңге сал.

Балық бәсін алады.
Елін есесін алады

Әйел — ерімен,
Диқан — жерімен.

Су — семіз,
От — арық.

Қатты жерге егін шықпас,
Қаңғыған басқа білім жұқпас.

Жаздың қамын қыс ойла,
Біройлама, үш ойла.

Жүре-жүре арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Сөз сағасы —
Құлақ,
Су сағасы —
Бұлақ.

Су ішетін арығы жоқ елдің
Сүзіп алатын балығы жоқ.

Терін төксе жеріне
Жертілеуін береді.
Елінсүйген еріне
Елтілеуін береді.

Ынтымақ — елдің ырысы.
Ылғал — жердің ырысы.

Еленем десең, елге жақ,
Жер емем десең, жерге жақ.

Таза болсаң, судай бол
Бәрін жуып кетірген.
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрімізді өсірген.

Жер тоймай — ел тоймайды.

Мезгіл жетсе, мұз ерір.

Бабасы еккенді,
Баласы орады.

Жаман сайдың суы тасыса
Өткел бермес.

Суы бардың — буы бар.

Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы
Жазда сөкті жинасаң,
Қыста бала азығы.

Етікшіні
Балға мен біз асырайды.
Егіншіні
Кетпеннің жүзіасырайды.

Жақсы мұраптың
Соңынан су ереді.
Жаман мұраптың
Соңынан шу ереді.

Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете,
Жауындата келеді.

Жауынгер сапта ойнасын,
Ағын су жапта ойнасын.

Жаз келді,
Үйрек ұшып, қаз келді.

Ақ қар көп болса —
ақ нан көп.

Тары жеген —
тарықпас.

Еменнен қатты ағаш жоқ,
Көп жатса жерде дерт ілер.
Болаттан қатты темір жоқ,
Тасқа салса кертілер.

Тәжірибелі егінші
Еліменен кеңесер,
Ел кеңесі аз десе,
Жеріменен кеңесер.

Масақтың — дәні тәтті.

Жердің көркі:
Орман, тоғай, бұлағы,
Елдің көркі:
Қала, қыстақ тұрағы.

Тауға сүйенген,
Таудай бәледен аман қалады.

Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.

Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап отжанар.

Бұлыңғыр күннің артынан
Бұлтты түре күн шығар.

Ойдағы үй — селдікі,
Өрдегі үй — желдікі,
Жазықтағы үй — елдікі.

Жер —ана,
Ел — бала.

Жер байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Жаңбыр жауса —
Жердің ырысы,
Егін бітсе —
Елдің ырысы.

Жалғыз еменгежай түскіш.

Кімнің тарысы піссе,
Соның тауығы.

Жалғыз ағаш орманға қарайды,
Жалғыз бала қорғанға қарайды.

Елді жер —
Еңісті жер.
Еңісті жер —
Жемісті жер.

Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.

Кімнің жерін жайласаң,
Соның отын оттарсың.

Асылдың сынығы –
Айдынның тұнығы.

Көше қаланың —
Көркі.
Көкорай —
Даланың көркі.

Тарылы
Елге барсаң,
Жарма жерсің,
Балықты елге барсаң,
Қарма жерсің.

Қабығы қатты жаңғақтың,
Дәні тәтті.

Атына қарай —
Тұрманы.
Егініне қарай —
Қырманы.

Сөзі көп те, мәні жоқ,
Сабаны көп те, дәні жоқ.

Мақтаның анасы — жер,
Атасы — су.

Құстың жайын салған білер,
Құдықтың жайын қазған білер.

Жеріңді баптай білсең —
Астықты қаптай білесің.

Еге білсең,
Егін тасқа да бітеді.

Кәрі ағаш — бұтағымен,
Кәрі адам — ұрпағымен.

Қисық бұтаққа да,
Қызыл жиде бітеді.

Биіктаудың басы қыс,
Баурайы жаз.

Таудың биіктігін төбе аңғартады.
Маяның биіктігін көде аңғартады.

Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жыр сыйлы.

Қолымен қоға жұлмаған,
Аузымен орақ орады.

Су басынан тынады,
Балық басынан шіриді.

Қайығына қарай ескегі,
Қойына қарай кескегі.

Мың шыбық шаншып өсірсең,
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның
Өзіңе қорған салғаның.

Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.

Бел орақтың шыңы бір,
Шаруаның мұңы бір.

Бұлт — Жаңбыр жаршысы.

Арық қазған — су ішер,
Араздасқан — у ішер.

Жерін қорлаған
Жеріне сыймайды.
Елін қорлаған
Еліне сыймайды.

Жер — адамның бесігі.
Ел — бақыттың есігі.

Басыңды көтеріп елден сұрағанша,
Басыңды иіп жерден сұра.

Теңіз кешкенге
Өзен сирағынан да келмейді.

Теңізді қасықтап төгіп
Сарқа алмайсың.

Берекесі кеткен ауылдың
Айтқаны өсек болар,
Аңдығаны төсек болар,
Берекесі кірген ауылдың:
Айналдырғаны шаруа болар.
Еккені тары, жегені жарма болар.

Отты жаға білмеген
Пықсытады.
Шөптішабабілмеген
Қоқсытады.

Жақсылық еккен алғыс орады.

Кемедегінің жаны бір.

Көрінген таудың алыстығы жоқ.

Жылқы бақсаң.
Құрығыңды сайла.
Егін ексең,
Ұрығыңды сайла.

Егінші жауында тынады,
Қайықшы дауылдатынады.

Жапырағы — қамқадай,
Топырағы — торқадай.

Тырс-тырс еткен тамшы
Тасты теседі.
Былш-былш еткен өсек
Басты кеседі.

Көк шықпаған жер —
Көтерем мал сияқты.

Бағбан өлсе бақ жетім,
Құлан кетсе қақ жетім.

Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.

Тары болса,
Тауық табылады.

Жас ағашқа сүйеніп,
Қу ағаш та күнелтер.

Судың терең, саязын
Ағысынан білерсің.
Аттың жақсы, жаманын
Шабысынан білерсің.

Түнгі су — ну,
Күндізгі су — бу.

Күтімді егін бітімді.
Бітімді егін түсімді.

Егініңді күн суар,
Күн суарма, түн суар.

Аялы ағаш —Саялы.

Тікен гүлін қорғайды.
Балқурай бүрін қорғайды.

Тамыры терең теректер
Тамызда да қуармас.
Тамыры көп жігітті
Ешкім батып қузамас.

Шашпа бекер барыңды,
Таусылса өзім табамдеп.
Іркіп ұста малыңды,
Сенбе елден алам деп.

Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.

Балықшының байлығы
Етек, жеңі кепкенше.
Егіншінің байлығы
Ендігі жыл жеткенше.
03.09.2013
Вернуться назад