DataLife Engine / Дұшпан, жау

Дұшпан, жау

Әйел адам сырынды алса,
Дұшпан үштен бірін алады.

Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау (Абай).

Бүйірден соққан жау жаман.
Гүрілдеп келген жаудан,
Күлімдеп келген жау жаман.

Даттаушы түгел жау емес,
Мақтаушы түгел ел емес.

Дұшпан біреу болса да көптік етер,
Досың мың болса да аздық етер.

Дұшпанға кеңес берген де акымақ,
Дұшпаннан кеңес алған да ақымақ.

Дұшпанға сырынды берме, сыр алдырып қырынды берме.

Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.

Дұшпан дос арасынан шығады.

Дұшпанды кісі десең басың кетер.

Дұшпан көзі төртеу.

Дұшпаннан түк тартсаң да пайда.

Дұшпан не демейді,
Түске не кірмейді.

Дұшпанның күлгені — сырыңды білгені.

Дұшпанның шырқын алам десең суыртпақтап сырын ал.

Дұшпан шақырса барма,
Дос шақырса қалма.

Дұшпаның көзге мақтар,
арамдығын ішіне сақтар.

Дұшпаныңнан бір сақтан,
Жаман достан мың сақтан.
Дұшпаныңнан бір сақтан, сырты майда, іші қан.
Ел ішіңде жар-жора достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан (Ы. Алтынсарин).
03.09.2013
Вернуться назад