DataLife Engine / Би, билік, шешендік

Би, билік, шешендік

Аталыдан би қойсаң
адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң
босамас аузы парадан (Бұқар жырау).

Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.

Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның елін жау араламайды.

Әділ бидің өлгені — сөзінің болса жалғаны.
Ғұламаның өлгені — болмаса тәлім алғаны.

Әділ би халық үшін,
Залым би құлқын үшін.

Әділсіз болса би оңбас,
Әйелсіз болса үй оңбас.

Әулекі би ат үстінен билік айтар.

Барма ханға, өзі келер малға,
Барма биге, өзі келер дауға.
Бас-басыңа би болсаң
манар тауға сыймайсың.
Бір данаға жол берсең
жанған отқа күймейсің.


Пайдалы сілтемелер:



Батыр деген бір барақ ит,
екі қатынның бірі табады.
Би деген ақ шариғат,
Ілуде бір-ақ қатын табады.

Би айтқанды құл да айтады,
тек құл аузының дауасы жоқ (Төле би).

Би болған кісі бақырып бола ма екен.

Би болмақ ініден,
Белге шықпақ баладан.

Би болмасаң болма, би түсетін үй бол.

Би болмас белін жалпақ буғанменен,
Ағармас асылы арам жуғанменен (Әбубәкір).

Бидің жолы — ақ,
Судың жолы — сара.

Би екеу болса, дау төртеу.

Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.

Би жоқта жораға құл жүреді.

Билік айту оңай,
Біліп айту қиын (Шақшақ Жәнібек).

Билік мыкты болса, тірлік құгты болады.

Би мен бектің сәні жоқ:
елін қорғай алмаса,
тура жолға салмаса,
ыстығына күймесе,
суығына тоңбаса (Дулат).

Биің қылаң болса,
елің ылаң болады.

Болмайтын істің басыңда болма,
Бітпейтін даудың қасыңда болма.

Бұзылған елдің ішіне
сормандай би кез болар (Толе би).

Бұратынына бұрады,
бұрмайтынын қос қолдап ұрады.


Хан азарында қарашасымен қас болады,
Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады.

Шешендерді сынаған тізелескен дау болар.
Ер жігітті сынаған қарсы шапқан жау болар (Ақтамберді).

Шешен жауға жарамас,
Батыр дауға жарамас.

Шешеннің күші — шындық.

Шешендіктің сәні жоқ
басына бақыт қонбаса.
Батырлықтың сәні жоқ
тұтамдап оқ жонбаса (Дулат).

Шешеннің аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.

Шешеннің нақылы ортақ,
Көсемнің ақылы ортақ (Шәкерім).

Шешеннің сөзі дәмді келер,
ақыл берер, мәнді келер.

Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің бөзі ортақ.

Шешеннің сөзіндей, ботаның көзіңдей.

Шешеннің тілі — семсердің жүзі.

Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.

Шешенің судай төгілген,
Тындаушың бордай егілген.

Шын би сөзіңе бағады,
Сұм би көзіңе бағады.

Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.

Туғанына бұрғаны,
Биді Құдай ұрғаны.

Орақ ауызды, от тілді.
Ханға - хандық, биге - билік.
Биік қылаң болса, елің ылаң болады.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Биі көп елді дау аралайды,
Дауы көп елді жау аралайды.

Бидің айтқанын құл да айтады,
Бірақ аузының дуасы жоқ.
Әділ би халық үшін,
Залым би құлқын үшін.
Біріктіріп айтса, бидікі жөн,
Құрастырып айтса, құлдікі жөн.
Би болған адам ақырып бола ма?

Әулекі би ат үстінен билік айтар.
Барма ханға,
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.
Көп сөйлейді залым би,
Аз сөйлейді әділ би.
Батыр деген - барақ ит,
Екі қатынның бірі табатын.
Би деген - ақсары ат,
Бүтін елге біреу табатын.
Би болмасаң болма,
Би түсетін үй бол.
Ер басына жау келсе,
Ерлігі кетер басынан.
Би басына дау келсе,
Билігі кетер басынан.
Шын би сөзіне бағады,
Сұм би көзіне бағады.
Жаман би дауда алдырады.
Билігі барда - киелі ауыз,
Билігі кеткенде - күйелі ауыз.
Бас-басыңа би болсаң,
Манар тауға сыймассың.
Құлға да бір билік.
Жұт болса ит семіріп,
Иесіне айбат қылады.
Дау болса би семіріп,
Еліне айбат қылады.

Халқы жаманның биі азады,
Қатыны жаманның үйі азады.
Халқын алдаған би оңбас,
Қатыны салақ үй оңбас.
Өзі жаман туған шешесінен көреді,
Дау айта алмаған төрешіден көреді.
Шеберден - олжа, шешеннен — сауға.
Шешеннің сөзі - мерген,
Шебердің көзі - мерген.
Шешеннің сөзі ортақ.
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.

Байлаусыз шешен берекесіз сөз айтады.
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.

Батырды шешен аттан түсіріпті.
Дәлдеп атып жауды өлтір,
Дәлдеп айтып дауды өлтір.
Байлауы жоқ шешеннен
Үндемеген есті артық.
Бәйге алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып,
Қас шешендер сөз айтар.
Екі тізгін, бір шылбыр.
Таразы тура сөйлейді.

Ауыздан бірде от, бірде су шығар,
Бірі жандырса, бірі сөндірер.
Қанша шешен болса да,
Дауға салма малсызды.
Дау мұраты - біту,
Сауда мұраты - ұту,
Қыз мұраты - кету,
Жол мұраты — жету.
Би жоқта құл жүреді жораға,
Ит жоқта шошқа үреді қорада.
Ақкөңілден би қойсаң,
Бұрылмас сөзге арадан.
Қара жүректен би қойсаң,
Аузы кеппес парадан.
Соқырдан қарауыл қойсаң,
Елді жауға алдырар.
Наданнан би қойсаң,
Елді дауға қалдырар.
Бекзаттан би қойсаң,
Ойлар тамағын.
Бейзаттан би қойсаң,
Білмес сабағын.
Жаманнан би қойсаң,
Ашпас қабағын.
Басқа бақ жарасады,
Батырға жақ жарасады.
Аталы ерден би туса,
Халық пайдасына жанасады.
Би болғаннан не пайда,
Халыққа көмек болмаса?
Шөлдегі оттан не пайда,
Халайық көшіп қонбаса?
Шеберді олақ үшін жаратқан,
Шешенді доғал үшін жаратқан.
Қансоқта жеген ит тоймайды,
Пара алған би оңбайды.
Әділетсіз ұлықтан,
Қайырымды би артық.
Төрешіден қалмайды,
Айтушыдан қалады.
Әділ бидің кегі жоқ.
Жеті атасы би болған
Жеті жұрттың қамын жер.
Би болмаған би болса,
Құлақ-миын шағып жер.
Мал бақпаған мал бақса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса,
Билемеген ел қоймас.
Өз елін танымаған,
Елге би болмас.
Биің жылан болса, елің лаң болар.
Хан - тағында,
Би - шағында.

От ауызды, орақ тілді.
Шешен - көптің анасы.
Жүк ауса жазыдан,
Той төрелігі - қазыдан.

Қатыныңа құл болмасаң,
Үй болмайсың.
Халқыңа құл болмасаң,
Би болмайсың.
Қыңыр көшіп бай болмай-ақ қой,
Қисық сөйлеп би болмай-ақ қой.
Жігітті шешенсінген дауда сына,
Есерді батырсынған жауда сына.
Көсем - қиында, шеінен - жиында.

01.09.2013
Вернуться назад