DataLife Engine / Батыр, батырлық, ер, ерлік, батылдық, батыл

Батыр, батырлық, ер, ерлік, батылдық, батыл

Нар тәуекел - ер ісі.

Тәуекел нарды жығады.

Тәуекелдің көңілі тоқ.

Тәуекелсіз іс бітпейді,
Тәуекел етпеген арыңтан өтпейді.

Тәуекел ет те, тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.

Ер жолдасы - тәуекел.

Уайым түбі — тұңғиық,
Батасың да, кетесің.
Тәуекел түбі - желқайық,
Мінесің де, өтесің.

Тәуекел бас жарады,
Бас жармаса, тас жарады.

Қанша берік дегенмен,
Тәуекел де қажиды.

Тісің барда ысқыр,
Мұрның барда пысқыр.

Мұрның барда бір сіңбір.

Екі кеменің құйрығын ұста, жетсе бұйрығың.

Көз - қорқақ, қол - батыл.

Күш батылдыққа ереді.

Батыл болсаң, батыр да боласың.

Шешінген судан тайынбас.

Көз жұмбай дария кешпек жоқ.

От ішінде туған оттан қорықпайды.

Тәуекелдің нары күшті.

Таудан арқасы бардың,
Тастан жүрегі бар.

Тисе терекке, тимесе бұтаққа.

Тісің барда бір шайна.

Жалаң аттың жалымен,
Жалаң қылыш жүзімен.

Қылышты қорқақты
Сойылды батыл соғады.

Тәуекел тау жығады.

Тәуекелдің кемесі суға батпас.

Тәуекел ел сақтар.

Тәуекел дария кештіреді.

Тәуекел - көзсіз батылдық.

Тәуекел тау бұзады.


Батыр - елдің сәулеті,
Балқұрақ - колдің сәулеті.

Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.

Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.

Батыр бастас.

Батыр - айғақ, палуан - куә.

Батырдан - сауға, мергеннен - сыралғы.

Батырға да жан керек,
Пақырға да жан керек.

Батырлық айқаста танылар.

Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар,
Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар.

Батырға таяқ та жарақ.

Айлалы батыр алдырмас.

Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр жерде жатыр.

Шамасыз батырлық - шарасыз өлім.

Елуінде ер дана.

Ер мойнында қыл арқан шірімейді.

Ер шекіспей (өліспей) бекіспейді.

Ер тарықпай молықпас.

Ер қаруы - бес қару.

Ер кезегі үшке дейін.

Ер елуде бала мінезді,
Ер сайыста шала мінезді.

Ер - елдің ық жағының қалқасы,
Жел жағының панасы.

Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.

Ер - елдің айнасы.

Ер сасқанда белгілі,
Ат шапқанда белгілі.

Ер есімі ел есінде.

Ер арыса - аруақ, ат арыса - тулақ.

Ер не көрмейді,
Ер көңіл есе бермейді.

Ер болсаң, бопсаға шыда.

Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.

Ер қосы жүре түзеледі.


Ер татулығы — ел татулығы.

Ер басына күн туса,
Долданар да, тасынар.
Жауын жеңсе жарқырап,
Жауған күндей ашылар.

Ер айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жегі айтқаны.

Ер аруағьі қарулы.

Ердің сыкшысы - елі.
Ерден ердің қаупі бар.

Ерді кебенек ішінде таны.

Ер жігіт не көрмейді,
Ер көңіл не бермейді.

Еруліге - қарулы.

Ерді көрсең, Қыдыр тұт,
Асты көрсең, қадір тұт.

Ерді жаяулық емес, қаяулық аздырар.

Ердің малы - елдің малы.

Ерлік білекте емес, жүректе.

Ердің малы елде, еріккенде қолда.

Ерлікте қорлық жоқ.

Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.

Ерлік көрсеткенге оқ та дарымас.

Ердің ерлігін білмеген
Құдайдың бірлігін білмейді.

Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.

Ердің атағы туырлықтай,
Өзі бұлдырықтай.

Ел - ырыстың кілті,
Ер - ырыстың қорғаны.

Етігін шешпей ер тыңаймас,
Ер-тоқымын сыпырмай ат тыңаймас.

Ел даусыз болмас,
Ер жаусыз болмас.

Ел шаруасыз болмас,
Ер жарасыз болмас.

Ер көрмеймін деген жерік үш көреді,
Ат баспаймык деген жерік үш басады.

Ездің тілі - батыр,
Ердің қолы - батыр.

Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.

Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.

Жауынгерге жара да жарасады.

Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас.

Қаһарлы қамал бұзады.


Назыңды ер көтерер,
Ер көтермесе, ел көтерер.

Өзіңді ер білсең, өзгені шер біл.

Тымырсық болса, ер оңбас,
Тоңға жатса, мал оңбас.

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.

Аман ердің аты шығар.

Су тасыса - жиегіне,
Ер тасыса - еліне.

Өкпеден соққан жел жаман,
Елінен безген ер жаман.

Ылдисыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.

Алыстан шабынған батырдың күші қайтар.

Жүк ауырын ер көтереді.

Оқсыз мылтық - таяқ.

Шын батыр сын үстінде танылар.

Түзде жүріп, жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп, құрт қайнатқан батырмын.

Алыстан ердің дәрібі бар,
Қасына барсаң, баладай.
Алыстан таудың дәрібі бар,
Қасына барсаң, обадай.

Ер қартайса, қазаншыл болады,
Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады.

Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.

Жаулық тартқанның бәрі қатын емес,
Бөрік кигеннің бәрі батыр емес.

Ердің атын не аты шығарады,
Не қатыны шығарады.

Ер жаңылып қолға түсер,
Құс жаңылып торға түсер.

Ер айтпас, айтса қайтпас.

Батырдың басы екеу болмайды.

Ер басына күн туса,
Ереуіл атқа ер салар.

Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа жаниды.

Ер иесіз қос табар.

Ел күйінгенде күйінген батыр,
Ел сүйінгенде сүйінген батыр,
Ерегісте мыңға татыр.

Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.

Ердің жасы - екі елу.

Батыр - аңғал, палуан - аптық.

Саналы ерде сауыт бар,
Санасыз ерде қауіп бар.
Ерді ел мүддесі өсіреді.

Ер қуаты - қаруы.


Ерден иман құтылмас.

Батыр түсінде жау кореді,
Балықшы түсінде ау көреді.

Ебін тапқан ер өлмес.

Ат сыны - біреу, ер сыны - мың.

Баталы батыр арымас.

Ердің ері - егеудің сынығы.

Ер намысына қарай шабады.

Батыр әлмейді, мерт болады.

Байға жалтақ, батырға қошемет көп.

Шын жомартқа жолықсаң,
Су орнына бал берер.
Шын батырға жолықсаң,
Сен үшін жан берер.

Ердің құны - екі елу.

Сарман тауда салқын жоқ,
Саналы ерде ұйқы жоқ.

Жерді тамшы, ерді қамшы ширатады.

Тамшы — жерге пайда, талқы — ерге пайда.

Корқақ қонған жерінен де қорқады,
Батыр жауын жеңгенше жортады.

Ер - егіз.

Ер - елінде әз.

Ердің аты көлдей, өзі шөлдей.

Асылды зергер, ерді ер таниды.

Ердің аты елменен,
Ел қорғаны ерменен.

Ердің құны - жүз түйе,
Көздің құны - елу тайлақ.

Керуен көркі - нармен,
Батыр көркі - армен.

Қой еркесі - серке,
Ел еркесі - ер.

Бай бастас,
Би құлақтас,
Батыр қандас.

Нар жолына шөгер,
Ер жөніне көнер.


Кілем төрге керек,
Қылыш ерге керек.

Аттан аттың несі артық?
Жүрісі мен күші артық;
Ерден ердің несі артық?
Ерлігі мен ісі артық.

Ат үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.

Ер елін сағынса,
Ер-тұрманын тағынар.

Ерден ердің несі артық?
Бір сөйлеген сөзі артық.

Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүрінбей ел танымас.

Ат күйгелек болса, арық болар,
Ер күйгелек болса, кәріп болар.

Ат ерінді, ер мұрынды келер.

Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас.

Өзінің елін таныған ер,
Әрбір істің қамын жер.
Өзінің елін танымаған ер,
Намысын сатып, арын жер.

Ен-таңбасы болмаса,
Малды қайдан танырсың?
Аң найзасы болмаса,
Ерді қайдан танырсың?

Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес.
Айтулы ерге оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес.

Арғымаққа оқ тисе,
Жабыдай боп туламас.
Қас батырға оқ тисе,
Жамандай боп шуламас.

Өршіл рухтан өлмес батыр туады.

Батырдан барымташыл туады.

Инабат - ер азығы,
Инабатты ер - ел қазығы.

Ерлігі бар елге жағар.
Айласыз батыр алдырар.

Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес.

Көңілі пасық ерде дәулет болмас.

Мал тапқан ердің жазығы жоқ.

Жолбарыстың артында тері,
Батырдың артында елі қалады.

Жер нені көтермейді,
Ер не көрмейді.

Он екі жылда ердің басы салауат.

Ердің ғайбатын айтпа,
Қайратын айт.

Пірдің соңы - Бекет,
Ердің соңы - Есет.

Батыр аңғал, ер көдек.

Ердің басы - тәуекел.


Алдында жатыр ақмарал, атып ал да олжалан.

Арпасыз ат қыр аса алмас,
Арқасыз батыр жау ала алмас.

Арыстан айға шауып мерт болғанмен
артында жортқан баласы
арыстандық етпей қоймас.
Ақсұңқар ауға шырмалғанмен
ұясынан ұшқан балапан
сұңқарлық етпей қоймас.

Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.

Бақ-бақ еткен текені
қар жауғанда көріңіз.
Батырсынған жігітті
жау келгенде көріңіз.

Балпаң, балпаң кім баспас,
басарға балтыр шыдамас.

"Басым бұлтқа тиер" деп бұққан — батыр.
"Кесірім жүртқа тиер" деп ыққан — батыр.

Батыл аңғал, ер көдек.

Батыл,батылдың ісі мақұл.

Батыл болмай батыр болмас.

Батылдық батырлықтың сауыты.

Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.

Батыр аңғырт, бай саңғырт.

Батыр бастас, бай қоныстас.

Батыр болатын бала ерге үйір,
Қызтеке бала зерге үйір.

Батыр болған ханға қас,
Мерген болған аңға қас.

Батыр болсаң жауды қайтар,
Шаруа болсаң малды қайтар,
Шешен болсаң дауды қайтар.

Батыр бір оқтық,
Бай бір жұттық.

Батырға да жан керек,
Пақырға да жан керек.

Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.

Батырға таяқ та жарақ.

Батырдан барымташы туар даңғой (Абай).


Батырдан сауға, мергеннен сыралғы.

Батырдан хат — достарға қуат.

Батыр деме батырды шеп құрған дауға батпаса.
Төре деме төрені ел тілегін таппаса (Дулат).

Батырды бәрекелді өлтіреді.

Батырды жауда,
Шешенді дауда сына.

Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.

Батырдың бір ісі тентек,
Қорқақтың екі ісі тентек.

Батырдың да басы екеу емес.

Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.

Батырдың өмірі қысқа.

Батыр елдің ажары,
Бал құрақ көлдің ажары.

Батыр елінде, балық көлінде.

Батыр жарасыз болмас.

Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ қалтырап жүреді.

Батыр қол бастар,
Көсем жол бастар,
Шешен сөз бастар.

Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса.
Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.

Батырлықтың белгісі
жауға шапқан ұрандап.
Балуандықтың белгісі
алқаға түсіп сыбанбақ.

Батыр мақтанса
жауға шапқанын айтар.
Қу мақтанса
алдап қаққанын айтар.

"Батырмын" деп кім айтпас, барарға жүрек шыдамас (Ақтамберді).

Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.

Батыр ортақ, бақ жалқы.

Батыр ортақ, ер ортақ,
күн ортақ, ай ортақ.
01.05.2019
Вернуться назад