DataLife Engine / Әке, папа

Әке, папа

Әке көрген – оқ жонар,
шеше көрген тон пішер

Әкелі жетім анық жетім,
Шешелі жетім жарым жетім.

Әкем аты шапқан сайын өрлейді.

"Әкем бар" деп мақтанба топқа түсері жоқ болса.
"Балам бар" деп мақтанба жаман туған боқ болса.
"Ағайыным бар" деп мақтанба дос-дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса (Төле би).

Әкем маған ат берді, "далақта да шап" деді.

Әкемнің өлерін білсем өнерін сатпас па едім.

Әкемнің шоты аса-аса тиеді.

Әкенің жақындығы жездедей-ақ.

Әкең бермегеңді базар береді.

Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.


Әке балаға қарыз,
Бала далаға қарыз.

Әке балаға сыншы.

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.

Әкелі бала жаужүрек,
Әкесіз бала сұмжүрек (Бұқар жырау).

Әкең жақсы кісі еді жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді жетімдерге ана еді.

Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер

Әкең мұрап болғанша отырған жерің ой болсын.

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгеңде қайтпексің?

Әкең өлседе әкенді көрген өлмесін.

Әке сөзі — оқ,
Шеше сөзі — боқ.

Әкесі бардың арысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Әкесіз жетім гүл жетім,
Шешесіз жетім тұл жетім.

Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.

Әкесі қоңыз атанғанның баласы доңыз атанады.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.

Әкесінің баласы — адамның баласы, адамның баласы — бауырың.

Әкесі оқ атпағанның баласы боқ атпайды.

Әкесі өлгеңді де естіртеді.

Әкесі сыйламаған кісіні баласы сыйламайді.

Әке тұрып бала сөйлесе — ер жеткені,
Шеше тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені.

Әке ұрған ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.

Сайына қарай саласы,
Әкесіне қарай баласы.


Қажетті сілтемелер:

01.05.2019
Вернуться назад