Табиғат көріністері туралы мақал-мәтелдер жинағы

Табиғат көріністері туралы мақал-мәтелдер жинағы

Табиғат - тал бесік.

Жер - ана, ел - бала.

Қара жерге халық ие.

Жер - ел ырысы.

Табиғат туралы мақал-мәтелдер 

Жер - таусылмайтын қазына.

Жер - ырыстың кіндігі,
Еңбек - ырыстың қазығы.

Жер тағдыры - ел тағдыры.

Жер бауыры - жазық.

Сұлулық жерден өніп, көктен жауады.

Жері байдың елі бай.

Ағаш жапырағымен,
Жер топырағымен сәнді.
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.

Жерін қорлаған жерленбей қалады.

Жер тойынбай ел тойынбайды.



Қажетті сілтемелер:



Сыр бойы - нұр бойы.

Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

Ел құты - қария,
Жер құты - дария.

Жеріне қарай астығы.

Жер отты болса, мал сүтті.

Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім.

Сорлы жерге аңбас шөп шығады.

Отырған жерден отын кес.

Мақтаның анасы - жер,
Атасы - су.

Қара жерге қар жауар,
Қарды көрген бір мұрат;
Қара жерден қар кетсе,
Жерді көрген бір мұрат.

Ормансыз жер жалаңаш,
Армансыз ер жалаңаш.

Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.

Көрмеген жер таныс болмас,
Көрінген жер алыс болмас.

Әр нәрсенің болжауы бар,
Ши жуандап қамыс болмас.

Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Ай мен Күн өлмейді,
Қара Жер өлмейді.

Кеудесі түкті Жер-ана,
Құт дарыт та, жарылқа.

Адамды аздыратын - дерт,
Жерді аздыратын - өрт.


Жер - қазына,
Су - алтын,
Мал - байлық.

Арқан бойы жердің,
Тұсау бойы жақындығы бар.

Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп.

Қара жерді жамандама,
Қайтып сонда барарсың.

Қауым елді жамандама,
Қарғысына қаларсың.

Мал семіз болса, төл егіз,
Жер семіз болса, дән егіз.

Жерсіз ел тұл,
Елсіз жер тұл.

Қара жер қарыз арқаламайды.

Малы жоқ деп ерден түңілме,
Шөбі жоқ деп жерден түңілме.

Ер елімен жақсы,
Жер кенімен жақсы.

Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы.

Жер құнары - саз.

Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер жетім.

Аспанда тіреу жоқ,
Жерде белдеу жоқ.

Жердің бақыты тайса,
Су сайға құлайды.

Көкте байлау,
Жерде тұрлау жоқ.

Жер екеш жер де ауырады.

Талқы - ерге пайда,
Тамшы - жерге пайда.

Жердің аласа-биігі бар,
Жолдың ашығы-тұйығы бар.

Жер - қазына, су - гауһар.

Жер құлағы жетеу.

Алтын тағың болғанша,
Алақандай жерің болсын.

Жер зымыранса, дүние қараң.

Күн - күйеу, жер - қалыңдық.

Жер - жеті қат,
Аспан - алты қат.

Егесіз ел азар,
Иесіз жер тозар.

Ер күйігінен жер күйігі жаман.

Күнде сызат жоқ.

Ай бетінде дақ бар.

Ай жарығы әлемге,
Шам жарығы түбіне.

Табиғат көріністері туралы мақал-мәтелдер 

Айды етегіңмен жаба алмайсың.

Ай ортақ,
Күн ортақ.

Айдың жартысы жарық, жартысы қараңғы.

Ай астында жаңа жол.

Ай күннен артық,
Күндіз Күнсіз де жарық.

Күннің көзін балшықпен сылай алмайсың.

Ай шалқасынан туса, ай бойы аяз.

Ай арасы - толас.

Үркер - жұлдыздардың ағасы.

Үркер мен Ай ауыл-үй қонысты,
Үркер мен Ай тоғысты.

Бұлт ала, жер шала.

Бұлт қайда қонса,
Береке сонда қонар.

Бұлт өзеннен бу алса жауады.

Ит күшіктеп сауын болмас,
Бұлт болмай жауын болмас.

Бұлт та бұйрықпен жауады.

Бұлттанған күн жаумай қоймас.

Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.

Өткен бұлттан жаңбыр күтпе.

Жел жеріне, жекен суына.

Жел жебедей жерге тығады.

Жел - дауылдың шақырушысы.

Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығады.

Көшерін жел біледі,
Қонарын сай біледі.

От суымайды, сөнеді.

Оттың ісі - қуырмақ,
Желдің ісі - суырмақ.

Күйерің де, сүйерің де - от.

Жақын оттың жарығы күшті.

Пайдасыз бұлт теңізге жауады.

Әуеде бұлт болса,
Жерде шерім етік ұртын томпайтар.

Бір қап жел едік,
«Пыс» еттік те, басылдық.


Орман - жер сәулеті.

Тегін ағаш тез қасында жатпайды.

Жуан ағаштың жаңқасы мол.

Даланың көркі - ағаш.

Ағаш бір жерде өседі.

Нәзіктік талға жарасымды,
Қаттылық қайыңға жарасымды.

Бетегесі шоңқайған қояндай.

Тікеннен - гүл,заһардан - бал.

Тікен өскен жерге тікенек шығады,
Гүл өскен жерге гүл шығады.

Қарағайда қырық бұтақ,
Біреуі ғана қамшыға сап.

Қураған ағаш иілмейді,
Қураған шыбық егілмейді.

Бір тал кессең, он тал ек.

Мәуелі ағаш майысқақ.
Мәуесі бардың әуесі бар.

Жемісті ағаштың мәуесі төмен.

Шетен кесілсе, шеттігі өсіп жетіледі.

Ағашы аласа болса да, алмасы тамаша.

Арша - орман анасы.

Тұқымы келіспей, түсімі келіспейді.

Елемеген бұта көз шығарады.

Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.

Миуасыз ағаштың бұтағы тік.

Қисық ағаштың бұтағы да қисық.

Бұтағы көп ағашқа құс қонады.

Биік ағаш бұрын құлайды.

Ғұмырыңды ұзартқың келсе, ағаш ек.

Жеміссіз ағаш жұтайды.

Аялы ағаш саялы.
Қайқайып тұру терекке жарасар.

Қолағаш болса да, қолға тоқ болсын.

Ағаш тамырынан су ішер.

Бір құшақ ағаштан бір оқтық шығады.


Биік ағаштың басын құрт жейді.

Жас ағашқа сүйеніп кәрі ағаш күнелтер.

Гүл - шаттықтың белгісі.

Гүл патшасы - раушангүл.

Ағаштан ағаш рең алады.

Саяқты үйреткен - таяқ.
Қураған терек құлап тынады.

Қыстың көзі - қырау.

Қыс қысыларсың, жаз жазыларсың.

Қыс қыстығын қылмаса,
Жаз жаздығын қылмайды.

Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,
Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

Күн қораланса, күрегіңді сайла,
Ай қораланса, арысыңды сайла.

Боранды күні боқ құтырады,
Бала мен ит қүтырады.

Бір Құдайға асы болма,
Жүлдыздарға қарсы болма.

Түн тынышсыз болса, үйқы қашады,
Күн тынышсыз болса, күлкі қашады.

Ертеңгі күн құлақтанса,
Еліңді жау шапқандай күйін.

Кешкі күн құлақтанса,
Келінің ұл тапқандай сүйін.

Арқада қыс болмаса, арқар ауып несі бар.

Сақырлаған аязда сары қамысты панала.

Сақырлаған сары аязда
Сары қамысты қыста,
Малыңа сая, өзіңе үй болады.

Жаз сайға қонба,
Қыста қырға қонба.

Қопалы жерге қонбаңыз,
Өрт шықса үй кетер,
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл болса күй кетер.

Туған Ай тұрса,
Үркерге қарсы қарап.

Қыс түсер,
Шақырайып боран борап.

Үркер үйден көрінсе,
Үш ай тоңсан қысың бар.

Ел жатқанда жамбастан көрінсе,
Жаз шықпағанда несі бар.

Үркерлі айдың бәрі қыс.

Үркер шырқай берсе, күн суи береді,
Үркер төмендей берсе, күн жыли береді.

Үркер мен Айдың өзі біледі,
Есепшінің көзі біледі.

Үркер жерге түспей жер қызбайды.

Қатып қалған қайысқа сорпа бүркер,
Аспандағы жұлдыздың алтауы Үркер.


Жазда қонысыңды дөңге сал,
Қыста қонысыңды көңге сал.

Көктем, көктем нұрын төккен.

Көктем гүлмен көркем.

Жаздың бір күні қыстың мың күніне татыр.

Қыс та қысырайды.

Жазда жадырасаң, қыста қалтырайсың.

От амалы - ойылған қыс,
Сәуір - сәнді қыс,
Зауза, саратан, сіздерден де қорқам.

Зымыстан көрмей жаздың қадірін білмейсің.

Үркер үйден көрінсе,
Үш айдан соң жаз болады.

Қаңтар ауса, қар тұрмас.

Наурыздан соң қыс болса,
Мизамнан соң жаз болмас.

Инедей тесіктен түйедей суық өтеді.

Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз.

Жазға жетсең, қыс күніңді ұмытпа.

Жайлауы жақсының әр бұта түбі бір кесек ет.

Төмен қонсаң, сел алар,
Биік қонсаң, жел алар.

Маусым - табаныңнан таусыл.

Қылышын сүйретіп қыс келеді.
Аз болмай - жаз болмайды,
Жаз болмай - мәз болмайды.

Қыс шілдеде жілік жүгірер,
Жаз шілдеде күлік жүгірер.

Судың пірі - Сүлеймен.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Бұлақ басынан тұнады.

Судың да сұрауы бар.

Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.

Су патшасы - мұрап,
Түн патшасы - шырақ.

Сұмырай келсе су құрыр.

Сусыз жердің шөбі аясыз,
Ұлсыз елдің малы аясыз.

Ел ағыны мен су ағыны бір.

Еділ басынан былғанып, сағасынан тұнады.

Еділ суы бар болса, елге жетер.


Жайың басынан жел тұрса,
Жаз да болса қыс болар.

Теңіз дәмі - тамшыдан.

Терең судың ағысы білінбес.

Тұйық судың түбі - құрт.

Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар.

Терең құдықтың суы тәтті.
Шөлдегі шұқанақ суға толмас.

Сағадағы су ішер, аяқтағы у ішер.

Саяз су сарқырап ағады.

Дария жанынан құдық қазба.

Тама берсе, тамшыдан дария болар.

Толықсып аққан дария - мейірманды қария.

Шолақ сай тез тасиды.

Ағын судың арамдығы жоқ.

Өзен жағалағанның өзегі талмас.

Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

Өзен бойы тұрғанда,
Өзге жерге қонбаңыз.

Көлдің көркі - құрақ,
Таудың көркі - бұлақ.

Қалған көлге бақа айғыр.

Бақа сисе, көлге сеп.

Көл азса, сазаны кетіп, табаны қалады.

Ел азса, жақсысы кетіп, жаманы қалады.

Көп жүрген көгерер,
Көл аққан жерге нұр кірер.

Қыдырдың қасында болғанша,
Бұлақтың басында бол.

Нұр - Ай сұлулығы,
Су - сай сұлулығы.

Тау бұлағымен көрікті,
Бұлақ құрағымен көрікті.

Көктің суын көптен аяма.

Құзда қар ерімес.

Бидің жолы - ақ, судың жолы - сара.

Арнасыз жерден су ақпайды.

Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады.


Сағым суға сусының қанбас.

Жылға суы таусылса, тау тесіледі.

Өзен көлге, көл елге құяды.

Сай сайға құяды,
Шұқанаққа дәнеңе жоқ.

Су қадірін шөл зардабын шеккен біледі.

Су ағады, тас қалады.

Тау да шөгеді, су да солады.

Шөлдегенге сағым су болып көрінер.

Шөлдеген адамға сағым - дария-су.

Су аяғы құрдым.

Ағын су - тегін су.

Тау бұлағы сәнді, көл құрағы сәнді.

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр,
Жерге жауған нұр.

Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жаздағы ылғал - елге ырыс.

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

Күн жауса, тондыны ұрар.

Ақ қар болса, ақ нан көп.

Күн шыққан соң,
Қуарған суды Күн жұтады,
Күн батқан соң,
Суарған суды Жер жұтады.

Ағын су ақ татыр,
Ақ шабағы бал татыр.

Кімнің отын оттасаң, соның суын ішерсің.

Су бір аққан жерінен мың ағар.

Су анасы - бұлақ,
Сөз анасы - құлақ.
Көл жағалаған өлмес.

Көрмеген көлде естімеген құстың үні бар.

Теңізді төңіректегеннің несібесі егіз.

Қырдағыға жаңбыр жауса,
Шыңдағыға қар жауар.

Бүгінгі қар - ертеңгі нәр.

Сұлу дегенге су да риза.

Күріштің күні сумен.

Жер байдікі, су сайдікі.

Ағын су арнасын табады.

Көлдің құты кетсе,
Көкқұтан бір жыл бұрын кетеді.


Шал болғанмен қария болмас,
Шалшық су жиналып дария болмас.

Шөл жағалап қонба, көл жағалап қон.

Найзағай көп болса, жаңбыр аз.

Сылдырсыз аққан судан без.

Жұма жауса, сенбі тынар,
Сенбі жауса, қашан тынар?

Бұлаққа бұлақ қосылса, егізбіз дер,
Көлге көл қосылса, теңізбіз дер.

Қамыстың басы майда, түбі суда.

Су жұмсақ, тамшылап тасты теседі,
От жұмсақ, темірді балқытады.

Жатқан тастың астымен су ақпайды.

Алыстан үрген ит қаппас,
Төбеге төменнен су ақпас.

Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің сұрауы бар.

Елдің құты белеңде,
Судың құты тереңде.

Кірді сумен жуады, суды немен жуады?

Қысқы шілдеде ну сақта,
Жазғы шілдеде су сақта.

Көзіңді қалдыр -бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр - жақсылық мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр - бау өсіріп, жаса нұр.

Бұлақ суын теңізге сүйрейді.

Ойламаған ми сасиды,
Ақпаған су сасиды.

Тұнық суда түлен туады.

Сасық суға ащы бұта бітеді,
Сасық суда бақа айғырлық етеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі