Ата-ана, Әке шеше, бала, қыз туралы мақал-мәтелдер жинағы

Ата-ана, Әке шеше, бала, қыз туралы мақал-мәтелдер жинағы

Мазмұны


Әке туралы мақал-мәтелдер 

Әкесіне қарап ұлын,
Шешесіне қарап қызын таны.



Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас. 


Ата-ана туралы мақал-мәтелдер жинағы


Ата-анам бар болсын,
Аузы-мұрыны жоқ болсын.

«Әй», дейтін әже жоқ,
«Қой», дейтін қожа жоқ.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ата-анадан жар жақын.
Туысқаннан мал жақын.

Үй де қараңғы, әжем де жоғалды.

Атаның құны, ананың сүті.

Күтсең ата-анаңды,
Кешірер атаң қатаңды.

Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.


Бала туралы мақал-мәтелдер топтамасы

Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.

Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім — анам» дейді.

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.



Пайдалы сілтемелер:



Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.

Ағайын — алтау,
Ана — біреу.

Ана алақанының аясы —
Ақ шынардың саясы.

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?




Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал.

Бала тентек болатыны — үйінен,
Ердің тентек болатыны — биінен.

Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Ананың сүйген жері:
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді.

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Жетімге жеті бидай да тамақ.

Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Ана сүтін ақтамағанды
ешкім мақтамайды.

Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.

Баласыз ана — гүлсіз алма.


Әзілің жарасса,
Атаңмен ойна.

Ата балаға сыншы.

Ата баласының
Ат меңіндей белгісі болады.

Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.

Ілгері басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Үлкен бастар
Кіші қостар.

Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — қас жетім.

Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.

Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер,
Адам болатын баланың,
Маңдайы жазық келер.

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Нар баласын қарпып сүйер

Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.

Балалы үйрек көлден кетпес,
Балалы жесір елден кетпес.

Болатын елдің баласы
Бірін бірі:
«Батыр!»дер.
Болмайтын елдің баласы
Бірін бірі:
«Қатын!» дер.

Ашаршылықты көп көрген
Өзі тоймай «мә» демес,
Жетімдікті көп көрген,
Үш шақыртпай «ә» демес.


Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Қазанға тиме, қарасы жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.

Мал балада қалды,
Бай далада қалды.

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.

Жақсы бала қонаққа үйір,
Жақсы тай атқа үйір.

Күлшелі бала — сүйкімді.

Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.

Келіннің сөзі кетпендей,
Баланың сөзі батпандай.

Болатын бала — пысық,
Жауатын күн — ыстық.

Өлетін бала молаға қашады.

Жылайын деген бала,
Әкесінің сақалымен ойнайды.

Өз балаң,
Өзекке тепсең де кетпейді;
Кісі баласы,
Кісендесең де тұрмайды.


Үш баланы өсіргенше,
Үш шаһар апат болады.

Баласы бардың өңі ойнар,
Балтасы бардың қолы ойнар.

Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

Балаөз несібесін ала туады.

Күндес көргеннің қызын алма.

Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады.

Жалғызбаласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.

Балаханнан үлкен,
Ашамайнардан үлкен.

Немере етін жеп, сүйегін береді.

Жетімнің ризығы — жұрттан.

Бала — бауыр,
Дос — тамыр.

Көргенсіз бала — көкірек,
Өнерсіз бала — өкірек.

Ерке бала — екі жылар.

Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.


Қыз туралы мақал-мәтелдер


Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.

Отаулап берген қыздың
Отын, суы аз болмас.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 10
  1. Сен
    Сен 15.10.2023 20:26
    0 + 0 -
    Сіздер қандай мақал жазғансыздар ~~~~ не сөз ата анам бар болсын жақсы ғой аузы мұрны жоқ болсын дегені қарғыспа не пәле ?????)))))(((
  2. Оқырман Абылайхан
    3 + 5 -
    Сабақты етістік қатысқан мақал- мәтелдер керек
  3. Аресен
    Аресен 22.11.2020 11:57
    3 + 6 -
    Норм
  4. Алина Бекбалина
    1 + 4 -
    Очень красивые,познавательные и интересные поговорки.Мне понравились,и на урок пригодились 20 поговорок.Спасибо сайту Жарар что вообще помогаете просто читать познавать,или на уроки запасную руку помощи!!!
  5. Aygerim Maratova
    Aygerim Maratova 12.02.2016 11:39
    3 + 1 -
    Керемет
  6. Aygerim Maratova
    Aygerim Maratova 12.02.2016 11:38
    5 + 0 -
    Керемет.
  7. Дилназ Муратбек
    1 + 3 -
    елим аман журсин
  8. Алтынай Жексекен
    1 + 0 -
    Отбасы туралы мақалдар
  9. Нурдаурен Самигуллаев
    1 + 0 -
    Норм
  10. Азамат Отегенов
    4 + 2 -
    рахмет ойымыздан шыкты

Ілмектер: Қазақша Мақал - Мәтел: Ата Ана Әке шеше, Қазақша Мақал - Мәтел, Ата Ана Әке шеше казакша макал мател, пословицы на казахском языке, Қазақша Мақал - Мәтел: Ата Ана Әке шеше туралы макал мател, Қазақша Мақал - Мәтел: Ата - Ана Ұл бала мен қыз бала, Ата - Ана Ұл бала мен қыз бала казакша макал мател, ата ана туралы макал мател, аке шеше туралы макал мател, әке-шеше туралы мақал-мәтелдер, ата ана туралы мақал мәтел, ұл бала туралы мақал-мәтелдер, қыз бала туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском про родителей, пословицы на казахском про мальчиков, пословицы на казахском про девушек, отбасы туралы мақал-мәтелдер жинағы, отбасы туралы макал мателдер казакша, пословицы на казахском о семье, жанұя туралы мақал мәтелдер, ата ана туралы макал мателдер казакша