Ит

 Ит

Ит - ырыс.

Ит - адамның құлағы.

Ит - опа, қатын - жапа.

Ит ұяласын аңсайды.

Ит ұяласынан қорықпайды.

Ит те бойдағында керіледі.

Ит тұмсығы жерде жатпас.

Ит төлеуі - бір күшік.

Ит үреді, керуен көшеді.

Ит жеген ішінен таусылар.

Ит арың болса - ауылдың намысы.

Ит күшігін ырылдап сүйеді.

Ит иттігін істемесе, іші ауырады.

Ит жеңгенін талайды.

Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.

Ит не жесе, соны құсады.

Ит мініп, ирек қамшылап.

Ит баласы - сүйгінші,
Тұра бара құсқыншы.

Ит арбаның астында жатып «сүйредім» дер.

Ит құтырса, иесін қабар,
Торғай құтырса, бүркітке шабар.

Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.

Ит иттігін істемей қоймайды.

Ит итке жерошақта жолығады,
Қу қуға намаздігер - намазшамда жолығады.

Ит итаяғын жаламай тойынбайды.

Ит аузына түскен соқта жаншылмай қалмайды.

Ит қорыған жерге өш.

Ит атасын танымас.

Иттің атасы жоқ.

Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша.

Ит те киімге қарап үреді.

Ит үрген жерде ауыл бар.

Ит иесіне үрмес.

Иттің бәрі тазы емес,
Еттің бәрі қазы емес.


Иттің ырылдасқаны - амандасқаны.

Иттің ішіне сары май жақпас.

Итке тұмар жараспас.

Итке артқан қос далада қалады.

Итке берсең асыңды,
Иттер тартар басыңды.

Итті «күшім-күшім» десең, аузыңды жалар.

Итті иесімен қина.

Итті күшігінде үйрет.

Итпен құда болсаң, боқпен той жасарсың.

Иттің боқ жемесе басы ауырады.

Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады.

Иттің мойынына алтын қарғы тақсаң да,
Боқ жеуін қоймас.

Иттен өзге бұралқы.

Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.

Иттің басын алтын табаққа салсаң,
Шоршып түседі.

Қорыққан ит үш күн үреді.

Бұралқы ит үріп жағады.

Жетелеген ит аңға жарамас.

Жетелеген төбет қораға үрмес.

Үре білмеген ит үйіне ұры келтірер.

Ақсақ ит айға қарап үреді.

Оңбағанның иті ұры кеткен соң үреді.

Алжыған төбет айға қарап үреді.

Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.

Үрген ит кісі қаппас.

Қабаған ит қайыр байлайды.

Кішкене ит қартайғанша күшік.

Үндемеген ит қабар.

«Кет!» десе, ит те кетеді.

Аш иттің артын сұқ ит жалайды.

Жеңген ит желкесінен.

Тауындағы түлкіні табындағы тазы алар.

Ел жатпай ит тынбас.


Жақсы ит - иесінің көзі, құлағы.

Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.

Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.

Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.

Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді.

Ауыл итінің құйрығы қайқы.

Солақайға сорпа жоқ,
Соқыр итке боқ та жоқ.

Көп жорытқан ит күшәлаға жолығар.

Итаяғын ит екеш ит те қорғайды.

Қыры кеткеннің иті қырын жүгіреді.

Алтын қарғы ит мойнында да жүреді.

Иттің де тәңірі бар.

Жас қаншықтың көзі сау.

Ит иесіне тартады,
Түйекеш түйесіне тартады.

Ит ұяласын таламайды.

Иттің құлы - итақай.

Иттің шені - қарғыбауы.

Үрген иттен қорықпа,
Ол қабам деп хабар бергені.
Үрмеген иттен қорық,
Ол білдірмей қабам дегені.

Ит - жеті қазынаның бірі.

Қартайған ит жатып үреді.

Жетелеген ит сақ болмайды.

Ит міндетін үрумен өтейді.

Төренің иті төрде үреді.

Үре білмеген ит үйге қонақ келтіреді.

Күшігінде таланган ит оңбас.

Ұялы күшіктей.

Көк ит көп итті жеңбес.

Бұйдалаған нар тайлақтай,
Жетелеген тазы мойнақтай.

Қызыл ит қысырамайды.

Ит сүйекке қақалмас.

Ит жатқан жерде сүйек қалмас.

Жақсы ит - малға серік.

Иттің құйрығын тартсаң, орнына барады.
Ет артқан түйеге ит ереді.


Жүгірген ит мал санатпайды.

Итке мылтық не керек?

Құрсағы жібіген ит жатпас.

Аш ит тапқанын асай береді:
Иесінің түйесі ме,
Тажалдың иесі ме, бәрі бір.

Қырда қасқыр ұлыса,
Үйдегі иттің бауыры сыздайды.

Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.

Ауылға жақындағанда ит озады.

Ақсақ ит сау иттен сауға сұрайды.

Еңбексіз ит жер,
Бейнетсіз бит жер.

Майлаған қайысқа ит өш.

Ілгері басқанның иті оттайды.

Сары майдан дәметкен итің құрысын.

Нәжісті доңыз, сүйекті ит жинайды.

Иттің жатқан жері - төсегі.

Бәрі жеген бөксемді иттен неге аяйын.

Құр сүйекті ит те қаузамайды.

Қойға қасқыр шапса, ит семірер.

Елсізде ит те жолдас.

Өз көшесінде ит те жолбарыс.

Күші жоқ ит жүгірмес.

Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.

Қорасында қойы жоқтың итінің сағын қара.

Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.

Күніне жүз түлкі алса да,
Тазының ит аты қалмайды.

Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.

Ауыл-үйді бала мен ит араздастырады.

Итті Құдай иесімен қинасын.

Итке маржан не керек?

Ит ашуын тырнаумен алады.

Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді.

Иттің күні үрумен өтеді.


Ит жегенше иесі жесін.

Қанден ит қартайса да, шәуілдеуін қоймайды.

Құс қарайды құрымға,
Ит қарайды жұрымға.

Итке сүйек тастасаң қаппайды.

Иесі баққан ит семіз.

Иттің құтырғаны - өлгені.

Қырдағы қырғауылды қырамын деп,
Үйдегі тазыңнан айырылып қалма.

Иттің бажасы көп, құдасы жоқ.

Ит жүрсе, сүйек табады.

Далада бөрі ұлыса,
Үйдегі иттің іші ашиды.

Көпке күлкі керек,
Тазыға түлкі керек.

Айыр етекті шапандыға ит өш.

Қасқыр қорыққан төбеттен қаншық қорықпайды.

Ұры ит тойса да, тіміскілеуін қоймайды.

«Кел, кел» көп болса, ит те салауатты.

Ит тойған жеріне.

Ит тобын арыстан бастаса,
Барлық ит арыстан болады,
Арыстан тобын ит бастаса,
Барлық арыстан ит болады.

Ит басына іркіт төгілген.

Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды.

Иттің құсығы өзіне тәтті.

Боқ жемес ит болмайды.

Қасқырлы жердің иті айтақшыл.

Қартайған ит шүкісін шығарып өледі.

Қанден иттің ңартайғаны білінбес.

Шолаң иттің арыны ңатты.

Күшік өсіп, ит болады.

Сірке өсіп, бит болады.

Ит айдауға көнбейді,
Шошңа байлауға көнбейді.

Ит сүйекті көтіне ңарап жұтады.

Ерке ит ауыз жалайды.

Ит иесін қаппайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі