Пәле, дау, егес, жанжал,қақтығыс, талас, тартыс, ұрыс, шатақ

 Пәле, дау, егес, жанжал,қақтығыс, талас, тартыс, ұрыс, шатақ

Пәленің алды - қар, арты - дауыл.

Пәледен машайың қашады.

Пәле қуған пәлеге жолығады,
Жала қуған жалаға жолығады.

Ермек қуған пәлеге жолығады,
Еңбек қуған қазынаға жолығады.

Сөз қуған пәлеге жолығады,
Шаруа қуған олжаға жолығады.

Пәле қайда деме, аяқ астында.

Пәлелі жерді баспа, бассаң саспа.

Пәлелі жерге бармағыңды тықпа.

Үндеместе пәле бар, отбасында шала бар.

Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Дау - айтыс, барымта - қайтыс.

Бір дау бір дауды қуады.

Айтысқан соң дау емес пе,
Алысқан соң жау емес пе?

Жер дауы мен жесір дауы бітпейді.

Дауға барсаң, бірің бар,
Жауға барсаң, бәрің бар.

Дау арылмас, алтын шірімес.

Дау қырық жылда бітсе де,
Қыршын біттім дер.

Дауың жоқ болса, кепіл бол.

Бір дауда екі күнә жоқ,
Бір істе екі жаза жоқ.
Бір қазаға екі жаза жоқ.
Қарау - нәпсінің құны.

Жаманның көңілін ауласаң да, дауын даулама.

Тілеп алған бөгелек,
Өзіңе де сол керек.

Тамыр түбі - дау,
Құрдас түбі - жау.

Ит құтырса, иесін қабар,
Дау құтырса, биін табар.

Барымта қайтыс болмай,
Дау айтыс болмайды.

Ала жібін алмасам,
Даудың менде несі бар?
Ел шетіне қонбасам,
Жаудың менде несі бар?

Көштің байсал тапқаны,
Көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны,
Төрешіге барғаны.

Барымта алған мал емес,
Қуып алған құн емес.

Оқтаулы мылтың бір күн тұрса, өзі атылады.

Айыбы бар адам кеңестен қалмайды.

Әр тірлікке төнер бір зауал бар.

Қаралығы күйедей,
Қараулығы түйедей.


Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге тиеді.

Қылыш түбі - ұрыс.

Ұрыс бар жерде ырыс жоқ.

Кезеген аяқ боқ басар.

Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар,
Одан болмаса, иман табар.

Көрген жоқ болса, естіген куә.

Айғақтың тазасы күнәні мойынға салар.

Тәубеден соң күнә жоқ.

Пәленің басы бурылдан.

Туған мен туған табысады,
Тумағанға пәле жабысады.

Жанын аямаған жау алады,
Малын аямаған дау алады.
Дау төрт бұрышты,
Қамшы екі бұрышты.

Зекетсіздің малы арам,
Тілсіздің дауы арам.

Мәрт келмей жұтқа,
Қазы келмей дауға барма.

Дауды інешен бітірмейді, шебер бітіреді.

Басы дауда, малы айдауда.

Күнге қарағанның көзі қарығар.

Жазасын тартпайтын жамандық болмайды.

Ұрыс ырыс қашырар.

Көргенді күштеген жеңер.

Қырсық қырық ағайынды.

Сауға сұраймын деп дауға қалыпты.

Екі мақұл дауласса,
Сөздері асқар ала таудай болар.

Жамандық қылсаң пәле күт,
Бәріне де зауал бар.

Азаптан қашсаң, дозаққа ұшырарсың.

Өз айғағы өзінде.

Бір нақақты күйдіргеннен,
Он қылмыстыны ағартқан артық.

Ерден елтірі даулап алсаң да олжа.

Сезікті секіреді.

Жортушының басы жолда қалады.

Кірмеске кіріспе, басың қалар ішінде.


Жаба берсе жаланы,
Жаладан жуғын қалады.

Қысасқа - қан, оқысқа - жан.

Жазыққа - жаза, айыпқа - әнжі.

Айран ішкен құтылады,
Шелек жалаған тұтылады.

Кісіге қарсы ұстаған қара пышақтың ұшы қарыс ұзарады.

Ашу үстінде ант жүрмейді.

Ант ішкеннің үйіне барма, айрандай жұғады.

Ант бұзған оңбайды,
Салт бұзған сорлайды.

Сау басына сақина тілеп.

Өз қорлығыңнан жат қорлығы жаман.

Ұзында өшім, қысқада кегім жоқ.

Кісіде ақың кетсе де, хақың кетпесін.

Мен саған жауырынмын ба?

Пышақ жаны - қайрақ.

Алты бақан, ала ауыз.

Аш пәледен қаш пәле.

Нау жүрген жерде дау жүреді.

Науды аяма, дауды ая.

Даукес түсінде дау көреді.

Алдынан дау,
Артынан сөз кетпеген.

Ырыс баққан дау бақпас.

Барымтаны бай алады,
Пәлесіне жарлы қалады.
Жүз теңгелік тақияның
Мың теңгелік дауы бар.

Төбелеске бергісіз ұрыс бар.

Бір қатын алдым,
Бір пәлеге қалдым.

Жауға барсаң, кесерді ал,
Дауға барсаң, шешерді ал.

Ұрыншақтың дауы көп.

Пәле түбі - жұт.

Бір күндік ұрыстың,
Қырық күндік кесірі бар.

Екі әйелі бардың дауы үйінде.

Бұқтырып қойған көженің,
Қоюы мен суы бар.
Шалғайдағы ауылдың,
Ойыны мен дауы бар.

Ердің қүнын:
жастың жайсаңы даулайды, не кәрінің шайтаны даулайды.

Дау арашасыз болмас.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі