Білім, Ұстаз, Мұғалім туралы мақал-мәтелдер топамасы

Білім, Ұстаз, Мұғалім туралы мақал-мәтелдер топамасы

Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.

Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні кәріп.

Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.

Өмір - үлкен мектеп.



Қажетті сілтемелер:



Ұстаз туралы мақал-мәтелдер

Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.

Шәкіртсіз ұстаз – тұл.

Шәкірті зейінді келеді.
Ұстазы бейілді болса.

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт

Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.

Баланың бас ұстазы — ата-ана.

Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.

Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.

Халық - нағыз ұстаз.

Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.

Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.


Білім туралы мақал-мәтелдер жинағы


Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.

Жер - ырыстың кіндігі,
Білім - ырыстың тізгіні.

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.

Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.

Кітап - алтын қазына.

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

Көргенсіз дегенге кек тұтпа,
Көргеніңнен көрмегенің көп.

Ғылым - теңіз, білім - қайық.

Алтын алма, білім ал.

Ұстаздан шәкірт озар.

Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.

Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.

Әліппенің ар жағы - білім бағы.

Ғылыммен жақын болсаң , қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

Шәкіртсіз ұста - тұл.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.

Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл.

Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

Асу бермес асқар жоқ.

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

Білім арзан, білу қымбат.

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.

Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.

Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.

Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Ақыл –дария,
Ой – теңіз.

Оқығанның бәрі жарық,
Оқымағанның беті шарық.

Білек сүріндіре алмағанды,
Білім сүріндіреді.

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Ғылым – теңіз, білім – қайық.

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде.

Киіміне қарап,қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Білім гауһар-
Бағасы жоқ.
Надандық кесел-
Дауасы жоқ.

Қарғыстың ең жаманы -
Өзің білме,
Білгеннің тілін алма.

Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.

Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 26
  1. Ешкім
    Ешкім 14.04.2022 11:56
    1 + 2 -
    Ұстаз туралы көп болса,мен тағы да келемін.
  2. мекпеп туралы мақал
    7 + 3 -
    Барлығына жақсы, бірақ бәріне мектеп пайдалы емес
    +++++++
    Мектеп емес, өмір үйретеді
    +++++
    Мектеп үйретпесе, қажеттілік үйретеді
    +++++
    Ақымақты үйрету, суда жазумен тең
    ++---
    Өмір – үлкен мектеп.
  3. Нұрбақыт
    Нұрбақыт 11.02.2021 20:17
    7 + 6 -
    Мынаның ішінде мектеп туралы жоққои
    1. ZHARAR 11.02.2021 22:56
      8 + 8 -
      мектеп туралы

      Өмір – үлкен мектеп.
  4. Inju
    Inju 15.10.2020 13:35
    3 + 4 -
    өте керемет ????
  5. Inju marjan
    Inju marjan 15.10.2020 13:33
    3 + 3 -
    өте керемет бұны кім істеген
  6. Zero
    Zero 02.03.2018 07:54
    3 + 1 -
    хорош
  7. Жулдызай Жулдызай
    5 + 2 -
    Рақмет! Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер!
  8. Дәурен Жанабеков
    3 + 3 -
    Нормальной программа нету штоли
  9. Жанторе Рактай
    Жанторе Рактай 02.10.2016 18:53
    1 + 5 -
    вячаспмрилджэ1532
  10. Жанторе Рактай
    Жанторе Рактай 02.10.2016 18:52
    4 + 2 -
    жаксы сайт
  11. Нұрислам Ыбраханов
    2 + 5 -
    Сөз жоқ
  12. аскар мамырханов
    2 + 4 -
    ұстаз туралы аз ғой
  13. Нурислам Маулим
    3 + 2 -
    Иа маганда керек болды
  14. Мирхат Темирбулатов
    1 + 3 -
    Опа
  15. Мирхат Темирбулатов
    2 + 2 -
    Мында олар көп
  16. Мирхат Темирбулатов
    2 + 2 -
    Керек болды XD
  17. Мирхат Темирбулатов
    4 + 1 -
    Керек болды
  18. я мусулманка по имени Нинара
    4 + 3 -
    Күшті өте керемет
  19. Асылжан Жекенбаева
    2 + 4 -
    Круто!!!
  20. Аружан Несипкалиева
    2 + 4 -
    Катты унады

Ілмектер: мектеп туралы мақал мәтелдер, мектеп ұстаз туралы мақал мәтелдер, мектеп білім туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском языке про школу, пословицы на казахском языке на тему школа, Қазақша Мақал - Мәтел: Білім Ұстаз Оқу Шәкірт Кітап, Қазақша Мақал - Мәтел, Білім Ұстаз Оқу Шәкірт Кітап казакша макал мател, Қазақша Мақал - Мәтел: Білім Ұстаз Оқу Шәкірт Кітап казакша макал мател, Қазақша Мақал - Мәтел: Білім Ұстаз Оқу Шәкірт Кітап пословицы на казахском, мұғалім ұстаз туралы мақал мәтелдер, кітап білім туралы мақал мәтелдер, кітап-білім бұлағы туралы мақал-мәтелдер, білім туралы мақал мəтелдер, билим туралы макал мател казакша, устаз туралы макал, оқу туралы макал мателдер, оку туралы макал, шәкірт туралы мақал-мәтелдер, шакирт туралы макал, китап туралы макал мател казакша, кітап туралы мақал мəтелдер, пословицы на казахском о знаниях, пословицы на казахском о учителе, пословицы на казахском о школе, пословицы на казахском о книге, пословицы про школу на казахском языке, мақал, білім, кітап