DataLife Engine / Оны кешірейін бе?

Оны кешірейін бе?

Сәлеметсіздер ме? Мен бұл топқа жиі кіріп, әртүрлі тағдыр иелерінің хикаяларын оқимын. Біреуіне көзіме жас алып, жан ашыса, екіншісіне сүйген ғашығымен бақытты екенін оқып, қуанып қаламын. Ал бүгін мен сіздерге өз басымдағы хикаямды айтып берсем деймін. Мен биыл 11 сыныпқа көштім. 10-сынып оқып жүргенімде 11 оқитын А.есімді баламен агентте сөйлесіп жүрдім. Әрине, тек дос ретінде. Менен жігітін барма? Көшеге шығып жүрсінбе? деп сурайтын. Ол, ягни А. кызқұмар, тентек бала болатын. Ал, мен мектеп мақтанышы, оқу озаты, тәртіпті қыз болатынмын. Сөйтіп екеуміз сөйлесіп жүрдік.Бұрын мен мектепте оған мүлде мән бермей жүре беретін едім. Енді онымен сөйлескелі оны сырттай қарап жүрдім, қандай бала екенін. Бірде маған агентте менің қызым болшы, бақытты боламыз деді. Мен оған әрине, сенбедім, алғым келмеді. Өйткені ол қызқұмар, әрбір қызга осылай айтатын. Тағы оның көп қызының қатарына қосылғым келмеді. Сөйтіп оған, жоқ, мен ешкіммен жүргім келмейді дедім. Ол болса артымнан қалмады. Сөйтіп, 2 айдай артымнан қалмай жүрді. Мені сүйетінін, менсіз өмір сүре алмайтынын айтты. Мен оған сүйетінінді дәлелде дедім. Сонда ол кездесейік, саган бетпе-бет сөйлескенде айтамын деді. Сөйтіп 2011ж,31 желтоксан, Жана жылда екеуміз кездестік. Маған сені сүйемін, маған сенші деді. Мен ойланамын дедім.

Сөйтіп, 2012жылдың 11 қаңтар күні сөзін алып, жүре бастадық. Менің алғашында оған деген сезімім болмады. Бірақ бірте-бірте оған бауыр басып қалдым, оны қатты сүйдім.Солай бақытты күндеріміз өтіп жатты. Кездесулер, түнім ен телефонмен сөйлесулер көп болды. Ол 11 бітірді. Жазда да кездесіп жүрдік. Бірақ ол көбіне ауылда болмады. Көрші ауылга барып, сонда көп уақытын өткізді. Мен оған неге ауылға келмейсін, ана ауылдан неге шықпайсын, әлде біреуге барып жүрсінбе деген сұрақтар қоя бастадым. Ол болса, ондай ештеме жоқ екенін айтты. Мен сеніп жүре бердім. Бірде, қыздардан оның көрші ауылда баска қызга барып жүргенін естідім. Дереу, онымен сөйлестім. Ол болса, ешкімге барған жоқпын, тек 1-2рет сөйлестім болды, мен сені сүйемін жалғыз сені деді. Мен сөзіне сендім, оны сүйетін едім өйткені. Сөйтіп, екеуміздің жүргенімізге 7 айда болып қалды. Мен жазғы демалысымда Ақтауда жүрдім. Ол болса, ауылда болды. Бірде агентте бір қыз достық ұсынды маған. Қабылдадым, сөйлесе бастадық. Сөйтсем, ол қыз А.нын барып жүрген қызы екен. Маған ол қыз: А. маған соғып жүргели кашан. Тіпті екеуміз кездестік, маған қызым болшы бақытты боламыз деп айтты. Мен иа дедім, бірақ оған сенбеймін деген сөздерді айта бастады.

Мен бұл сөздерді көзіме жас алып отырып оқыдым. Одан айырылғанымды түсіндім. Сол мезетте оған смс жазып жібердім,енді сен туралы естігім, білгім келмейді, сол қызбен бақытты бол дедім. Келесі күні маған смс жазып жіберді: иа, саған айтпай онымен сөйлестім, бірақ маған сенші мен сені тек сүйем деді. Мен оған сенбедім. Солай ара қатынысымызды үздік. Ол маған хабарласпады. Бірақ көп ұзамай хабарласты, әлі күнге дейін хабарласады. Мені сүйетінін айтады. Айтыныздаршы, не істесем болады? Оны кешірейін бе? Ақыл қосыңыздар, өтінемін!
04.04.2020
Вернуться назад