DataLife Engine / Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң

Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті
"Құқықтану" мамандығының 3-курс студенті Алдекова Аида Абжановна
Ғылыми жетекшісі: Заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м Мұрсалова Ләззат Аманғалиқызы
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Қазақтан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер айшықты құжат. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан Республикасының Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен.

1993 жылғы алғаш қабылданған Конституцияның мәні мен маңызына келер болсақ, Негізгі құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт мәселеге жауап беруі тиіс. Бірінші, мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екінші – экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшінші – жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртінші – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл төрт мақсатты шешіп беретін баптар алғашқы Конституцияда қамтылмады. Уақыт өте келе, заман ағымына, сұранысыа қарай, алғашқы Конституциямыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шықты. Сондықтан, екі жыл өткен соң 1995 жылдың 30 тамызында қазіргі Негізгі Заң – Конституция қабылданды. Бұл Конституциямыздың басты авторы – Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қазіргі Конституцияны талқылау кезінде еліміздегі беделді заңгерлерден бөлек, Францияның Конституциялық кеңесінің өкілдері, осы елдің Мемлекеттік Кеңесінің мүшелері, Ресей зерттеу орталығының ең беделді заңгерлері жобалық жұмыстың жоғары талқылау шараларына атсалысқан болатын. Тағы да бір ескеретін жайт, тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негігзі заң да осы – 1995 жылы қабылданған Конституция. Қазір келтіріп жүрген мәліметтерге сүйенсек, құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты.

Қазіргі Ата Заңымыздың басты ерекшелігін айта кететін болсақ, ол туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Елбасымыздың төрт ұстанымында жатқандығын алға тартады. Ол төрт ұстаным: бірінші, қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, екінші, экономикалық даму, үшінші, қазақстандық патриотизм, төртінші, маңызды мәселерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізгі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады.

Жаңа қабылдаңған Қазақстан Республикасының Ата Заңы біздің еліміздің дамуына жол ашып, жаңа тәуелсіз мемлекет буынының бекуіне себеп болды. Президент лауазымына үлкен міндеттер мен жауапкершілік жүктеді.

Біздің міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс. Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз.
06.10.2018
Вернуться назад