Бұл қылығы өзін ұмытпа дегені ме?

Бұл қылығы өзін ұмытпа дегені ме? казакша Бұл қылығы өзін ұмытпа дегені ме? на казахском языке

Қайырлы күн! Бүгінгі хикая 2011 жылы Рамазан айында басталған еді. Ораза ұстауға ниеттеніп жумыстан демалысқа шыққан болатынмен. Сол күндердің бірінде, сәресін ішіп агентке кіріп отырғанда Асыл атты азаматтан: "Достығыңызға қабылдаңыз" -деп келіп тұр екен. Қабылдап таныстық. Жақсы араласып кеттік. Менің телефон номерімді алып звондап туратын. Бір күні агентте отырғанда маған Атырауға жумыспен кетіп барам деп жазды. Мен ақ жол тілеп қалабердім. Атырауда жүргенде де хабарласып тұрды. Осылайша жарты жыл уақыт өтіп, "Алматыға келгенде кездесейік." -деп ұсыныс жасады. Мен бұйырса кездесеміз дедім. Осылайша оның Алматыға келіп екеуміздің кездесер күнімізді асығыспен күтіп жүрдік. Керемет күн жақындап ол хабарласқанда жумыстарын тапсырып жатқанын айтты. Және наурыздың уші келемін деп қуантты.



Ол менен сегіз жасқа үлкен еді. Үлкен болған себептен мен ол кісінің жай сөйлеспейтінін іштей біліп жүрдім. Осылайша ол Алматыға келді. КелгендÐ µ вокзалда тұрмын деп хабарласты, ағасы күтіп алған екен. Үйіне барып анасымен көрісіп, туысына деген сағынышын басқан соң маған хабарласты. Ар жағында шулаған балалар, өзі сондай балажан болатын. Менен 7-ші наурызда кездесуімізді сұрады. Мен келістім. Екеуміз "Арман" кинотеатрына кино көруге баратын болдық. Мені арбаттан күтіп алды /алғашқы кездесуіміз/. Телефонмен сөйлескенде: "Бетіңізден сүйсем ренжімейсіз бе?"- деп сұраған еді. Өзі айтқандай құшақтап бетімнен сүйіп, алты ай бойы осыны армандағанын айтты. Мен күлдім. Сол жерде маған кі шкене корап ұсынды, ашып қарасам екі аққу екен. Атыраудан маған не алып келесіз дегенде, барғанда көресіз деген болатын, міне сол сувенирі.



Қол ұстасып кинотеатрға тарттық. Ол жерде мейрамға қарсы "Мама" деген рейсей фильмінің премьерасы болып жатыр екен, билет алдық. Кино керемет қызықты өтті. Кинодан шыққаннан кейн анасымен хабарласып мейрамымен құттықтады. /Біз шыққанда түнгі бір шамасы болып қалған еді./ Анасын құттықтап болған соң: "Айнұр сізбен сөйлесем дейді"- деп телефонды маған ұсынды. Күтпеген жағдайдан не айтарымды білмей: "Салеметсіз бе? Мейрамыңызбен!"- деп үлгергенім сол еді, анасы: "Айналайын қарағым мейрамың құтты болсын... айналайын Айнура... айналайын ...."- деп жатты. Сондағы менің ойым... /Асыл бір күні Айнұр атты апкесі болғанын, кейін ол кісінің жас нәресте кезінде қайғылы оқиғадан дүние салғанын, одан кейін анасы узақ ауырып егіз ұл тапқанын, ол Ұлдардың бірі екенін айтқан болатын/ осы ойлар көз алдымнан өтіп үндеместен Асылға қарадым. Ол анасының маған айтылған жылы сөздерін естіп, күлімдеп қарап тұрды. Осылай мен үнсіз тұрғанда анасы айтарын айтып, м енімен қоштасып жатыр екен мен / сау болыңыз Асылға берейін дедім/.



Асыл телефонды алып: "Біз кинодан шықтық, сізді құттықтап қояйық дегенбіз"- деп телефонды сөндірді. /маған апкемнің анасын силайтын адам айелін де силайды деген ақылы бар еді/ сол есіме түсіп ол кісіні қатты силадым. Достық даңғылымен жаяу әңгімелесіп түстік. 28 Панфиловшылар паркіне де келіп жеттік. Асыл менің қолымнан ұстап жылы шыраймен қарап, көтеріп алды да мені сүйетінін айтты. Мен ештеңе деп жауап бермедім. Қазір сүйем деп айтпасаңыз жерге түсірмеймен деді. ОсылайÑ �а ойнадық. Сол кезде Асылдың сыңары хабарласты. Олар Аблай хан Мақатаев көшесінде кальянда отырмыз деп шақырды. Ол менімен жүргенін айтып телефонды қойды. Бауырлары шақырғанда қалай жібермей қалам әлі де кездесеміз ғой деп, мені үйге жеткізіп бауырларымен бірге болуын өтіндім. Ол аздан кейін барам деді де екеуміз қол ұстасып менің үйіме қарай беттедік. Менің сол күннен басым айналып жүребердім.


Екінші кездесуіміз жума намаздан кейін болды. Намаздан шығып, 28 Панфиловшылар паркінде отырдық, бұрынғыдай емес, бір-бірімізге жақын болдық. Тағы да мені қимастан үйге жеткізіп салды. Осы кездесуден кейін маған екеуміздің сөйлесуіміз керек дегенді шығарды. Не айтатыны түсіме де кірген емес. Жарайды кездесіп сөйлесейік деп барахолкаға баратынымды айттым. /Жеңгем босанып ағамның үйіне Қорғасқа баратын болып інілеріме ойыншық, жеңгеме жүзік алуға шыққан едім/ Ол мені сол жерден күтіп алатын болды. Жұмыстарды тындырып үйге қайттық. Б азарлықты үйге қойып шығып сөйлестік. Ол мені сүйетінін айтып:"Маған тұрмысқа шығыңызшы, сәуір айында құда түсейік"-деді. Мен олай ерте айтады деп ойламаған едім, төбеме жай түскендей болып, не айтарымды білмей: "Мен сізді алі дұрыстап білмеймін ғой, биыл үйленуге дайын емеспін"-дегенде. "Мені тану үшін қанша уақыт керек?"-еді. Мен:"Бір жыл щығар"-дедім. "Жаным бір жылда мен сәбйлі боламын ғой"- деп күлді. Мен соншама қайда асықты деп ойладым. Сол кезде апкем хабарласып бір сағатта жолға шығатынымызды айтты. Мен сүйіп қоштасып журіп кеттім. М іне осы біздің соңғы кездесуіміз екен. Ағамның үйіне бардық, інілерімді көріп барі есімнен шықты.



Анама шет жағасын айтып едім онша ештене демеді. Суретін де көрсеттім. Ертесі күні көрші апа қайтыс болды деп 22 -сі күні хабар келді. Бәріміз ауылға шықтық. Мені Наурыз мейрамымен құттықтамағанға жабырқаулы болдым. Кетерінде Шымкентке сауда жумысымен баратынын айтқан еді. Жұмысымен жүрген шығар дедім. Осылай Алматыға келдім Асылдан хабар жоқ. Телефоны өшірулі. Осылайша уақыт өтіп, мен іштей басқа бір қыз тапқан шығар деп ойладым. Ойым мені – алдамапты. ОЛ 15 жыл бұрын Ташкенттен Алматыға көшіп келген екен. /анама да сонысымен ұнамады/. Осылайша Асыл Ташкенттен Гүлдана атты 1986 жылгы қызды әкеліпті. Бұл жаңалықты Асылдың көршісі, әрі досы Төкен /Толик дейтін өзі/ді қинап сұрап алдым. Маусымнын 14-і күні үйлену тойлары болды. /Ташкентте/. Тойға дейін ол маған звондап, смс жазып агенттен авторизация жіберді. Мен өкпем қара қазандай болып ештеңесіне де жауап бермедім. Ол 14 тойы болатынын айтты сол сәтте мені қинаған сұрақтар жегідей жеген соң, не болса да ащы шындықты білгім келіп қ абылдадым. Екеуміз ұзақ сөйлесіп, біздің кездесуімізден кейін ол анасымен сөйлесіпті. Бір жыл уақытты естігенде олай болмайды Ардақтын әйелінің аяғы ауыр той маусымнан қалмауы керек деп таныстарының қызымен таныстырып соны алған екен. /Ардақ Асылдың сыңары, екеуіне бір той жасамақ ойлары екен./ Осы әңгімеден кейін бәрі түсінікті болды. Бірақ әлі де өкпелі едім. Үйленген адаммен сөйлесіп нем бар деп қоңырауларына жауап бермедім. Ол сүйетінін айтып смс жазды.



Сөйлессем тек қана агенттен сөйлесетін болдым. Осылай жургенімізде жұмысты отырғанда бейтаныс бір номерден қоңырау шалды, көтерсем кыз әңгімелесе келе Гүлдана екенін білдім. Кешке жұмыстан қайтқанда Асылмен сөйлесіп бәрін тоқтатайық деп айтам деген оймен хабарласқанымда әйелімен айқай-шу болып жатыр екен ұзақ кідірмей трубканы қойдым. Сол күннен бастап әйелі күнде смс жазатын болды, Асылды силағаным соншалықты ешқандай смсіне жауп жазып өзімді ақтауға тырыспадым. Кейін менің жігітім араласты. Ол Асылға звондап мен айталмаған сөздің бәрін айтып тынды. Міне осылайша намазхан өзімнен үлкен ата-анасын силай тын адам деп аңсағаным түсімдей болды да қалаберді. Бүгін шілденің соңғы күні екен, календарьға қарап , бір жыл бұрын не болып еді деп осы оқиға ойыма келді. Дәл қазір оның 100 единица жіберіпті. Бұл не деп жазсам алдында сізден алған едім қайтарғаным ғой деп жауап жазды. Бұл қылығы өзін ұмытпа дегені ме? Әлде маған қарыз болмай бірақ ұмыту үшін қайтарып жатқаны ма?

Махаббат




KZ » Қазақша Махаббат хикаялары жинағы, махаббат хикаясы вк, махаббат хикаясы вконтакте, махаббат хикаялары, махаббат туралы хикаялары, махаббат жайлы хикаялары, махаббат жайлы кайгылы хикаялар, махаббат жайлы кызыкты хикаялар, любовные истории на казахском языке, махаббат хикаясы вк, махаббат хикаясы вконтакте, махаббат хикаялары, махаббат туралы хикаялары, махаббат жайлы хикаялары, махаббат жайлы кайгылы хикаялар, махаббат жайлы кызыкты хикаялар, любовные истории на казахском языке, Бұл қылығы өзін ұмытпа дегені ме? махаббат хикаялары вк махаббат окигалары mahabbat hikayalary истории о любви на казахском языке махаббат хикаялары видео казакша махаббат хикаялары