Әлі күнге дейін оның сайтқа кіргенін күтемін

Әлі күнге дейін оның сайтқа кіргенін күтемін казакша Әлі күнге дейін оның сайтқа кіргенін күтемін на казахском языке

Мен осы уақытқа дейін ешкімді ұнатпаған адам едім,сондықтан мені достарым "тас жүрексің" деп әзілдейтін.Бірақ сол тас жүректі еріткен адам табылды.
9 сыныпты бітіргеннен соң отбасымызбен жақында көшкен үйдің қасындағы мектепке ауыстым.Жаңа өмір...Жаңа достар...Ондағы класстсатарыммен тез достасып кеттім.Сол кезде бір жанды кездестірдім,ол маған бәрінен ерекше корінетін еді.Бұл басында уақытша ұнатушылық болып,соңынан жауапсыз махаббатқа айналды.Ол менімен паралель сыныпта оқитын.Бірақ сол қызға 1 жылдан уақыт жүгірген соңында оған жеткен оның сүйген қызы бар болыпшықты.Мен оған басында мән бере қоймайтынмын.Мен оның агенттегі логинын білсем де,оған дос болайық деп ұсыныс жаса майтынмын.Себебі қыз жігітке дос болайық деп агентте ұсыныс жасағанын мен ыңғайсыз деп санайтынмын.Әр уақытта оның суретін көріп тұратынмын.Оның суретін көргенімде неге маған дос болайық (будем дружить?) деп ұсыныс жасамайды днп жынданатынмын.Күндердің күнінде агентте ұсыныс та жасады,мен қабылдадым.Алайда,агентте біздің әңгімеміз тек жағдай сұрасумен аяқталатын.
Уақыт зымырап өтуде...Осы уақыт ішінде ол өзінің алғашқы махаббаты және оны қатты сүйген қызымен айырылысты.Олар болмашы себепке айырылысты және оған себеп оның қызы болатын.Осылайша 1 жыл да өтіп кетті.10 сыныпты бітірдім,осы уақытқа дейін біз жай дос болып араласатынбыз."Маған ол өзгелерден ерекше көрінгесін ұнағанғой.Мұның бәрі уақытша сезім,өтеді де кетеді"-деп 3 ай жазғы демалысты өзімді алдап жүрдім.


11 сынып.Біз бұрынғыдай дос едік,әзілдесіп әңгімеміз жарасатын.Ол дайындық курсыны қалаға кетті.Уақытым ҰБТ-ға дайындалумен өтті.Бір сәтке қолым босап,ойлана қалсам алдымен соны ойлайтынмын.»Ол қалада не істеп жүр? Дәл қазіргі уақытта кімді ойлап отыр? Оның басқа қызға көңілі аумаптыма?» деген сұрақтар мені қатты қинайтын.
Ол бір күні менен егер мен саған сөз салсам менің сүйіктім боласынба деп сұрады.Мен бірден жоқ себебі біз достар емеспізбе деп жауап бердім.Ол өзінің бұрынғы сүйіктісін ұмытпағандай болып түйілді маған.Солай біз бұрынғыдай араласа бердікМенің туылған күнім жақындады.Үлкен етіп істеп,достарымды және оны да шақырдым.Бірақ келмеді.Кеш қаншалықты қызу-көңілді өтсе де оның келмегені мені қатты жабырқатты.Ол тіпті телефон шалып немесе смс жазып та туылған күніммен құттықтамадыАл мен......Мен болсам сыртымнан күліп жүргеніммен,ішімнен жылаптаңға дейін лның құттықтауын күттім.Бірақ хабарласпады.Маған оның ешқандай сыйлығы керек емес еді,жай бір ауыз тілегін күтіп едім.Осыдан кейін оны мүлдем ұмытуға бел будым.Әттең,қолымнан келмеді.Сосын мен де қалаға дайындық курсына кеттім.Ол жақта оның 1 қызбен достасып,жүріп жүргенін есіттім.Сол кезде қалай қиналғанымды ешкім түсінбес.Олар бір-бірін жай ұнататын,кейіннен айрылысты.11 бітірдім.Біз әлі араласамыз,кейде мен сені алам деп әзілдейді)Қоштасу кеші.Қоштасу кешінде мен онымен тіптен жоқ дегенде 1 би билеуді қатты қаладым. Алладан шын жүректен бір нәрсе тілек етсең сол орындалады дейді ғой .Ол биге шақырды.Мен сол кезде уақытша бақыт құшағында едім.


Сол күннен бері «Енді оны көре аламынба ?» деген сұрақ мені мазалайды. Мен оны қалай сүйіп қалғанымды білмей қалдым.Осы уақытқа дейін мені ұнатқан жігіттерді мен ұната алмадым.Басында болған қызығушылық пен ұнатушылық осылайша жауапсыз махаббатқа айналды.Ол мені ұнататынын жүрегім сезеді.Алайда ұнату мен ғашық болу бұл екеуі екі бөлек дүние емес пе?!Ол басқалардан ерекше,оның ұзын бойы ,келбетті бет-әлбеті көз алдыма көп елестейді.Мен оны сүйем!Әттең... Әттең... Әттең...Махаббатым жауапсыз!Ол менің махаббатымды білмейді,байқамайды,се збейді.Ал оны айтуға менің қыздық намысым жібермейді.Уақыт осылай өтуде...
Әлі күнге дейін оның телефон шалғанын күтудемін. Әлі күнге дейін оның агентке кіргенін күтемін.Неге ол?Неге мені ұнатқан жігіттерге менің жүрегім жылымады?Қыз тағдыры осылай шығар бәлкім?!




KZ » Қазақша Махаббат хикаялары жинағы, махаббат хикаясы вк, махаббат хикаясы вконтакте, махаббат хикаялары, махаббат туралы хикаялары, махаббат жайлы хикаялары, махаббат жайлы кайгылы хикаялар, махаббат жайлы кызыкты хикаялар, любовные истории на казахском языке, махаббат хикаясы вк, махаббат хикаясы вконтакте, махаббат хикаялары, махаббат туралы хикаялары, махаббат жайлы хикаялары, махаббат жайлы кайгылы хикаялар, махаббат жайлы кызыкты хикаялар, любовные истории на казахском языке, Әлі күнге дейін оның сайтқа кіргенін күтемін махаббат хикаялары вк махаббат окигалары mahabbat hikayalary истории о любви на казахском языке махаббат хикаялары видео казакша махаббат хикаялары