DataLife Engine / Экономика | Қазақстан Республикасы аймақтарын дамыту мәселелері

Экономика | Қазақстан Республикасы аймақтарын дамыту мәселелері

Мазмұны

I Аймақтық саясаттың мәні

1.1 Аймақтық экономиканы басқару әдістері
1.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикасын реттеудің
маңызы

II Қазақстан Республикасы аймақтарын дамыту мәселелері

2.1 Қазақстан Республикасы аймақтарының даму
көрсеткіштерін талдау
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының әләуметтік-
экономикалық дамуы
2.3 Аймақтық саясатты жетілдіру бағыттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


I Аймақтық саясаттың мәні
1.1 Аймақтық экономиканы басқару әдістері

Аймақтық экономиканы басқарудың мазмұны - аймақта экономикалық құрылымдар мен өндірістерді ұтымды етіп өндіру болып табылады. Қазіргі аймақтық экономика да экономикалық білімнің бір саласы болады. Аймақтық экономика өндіргіш күштерді орналастыру және аймақтық әлеуметтік — экономикасын дамыту, экономика саласын тиімді орналастыру ісінде табиғи экономикалық қажеттіліктерді, аймақтық демографиялық және экология ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Аймақтық экономика ғылым, білім заңдылықтарын зерттеп, оны өндіргіш күштерді орналастыруды, жергілікті инфрақұрылымды қалыптастырғанда, экологиялық және әлеуметтік сипаттағы экономиканы дамытудың стратегиясын жасағанда кеңінен пайдаланады. Аймақтық экономиканы Қазақстан Республикасы экономикасының ажырамас бөлігі деп қараған дұрыс. Ал ондай болса әр аймақтың экономикасы Қазақстанның өзге де аймақтарының экономикаларын, өндірістік потенциялымен, табиғи ресурстарымен, ал оны былай қойғанда — тіпті әлем экономикасымен, әлемдік шаруашылығымен тығыз, өзіндік байланысы бары сөзсіз. Аймақтық экономика — аймақтық өндірістік потенциялы, оның табиғи ресурстарын біліп, ескермей дамуы мүмкін емес. Демография, еңбек ресурсы, әлемдік шаруашылықта Қазақстанның алатын орны, еліміздің аймақтарындағы экономикалық даму қарқыны, ерекшеліктері — бәрі ескеріліп, талдау жасалып нағыз дұрыс шешімдер жасалуы керек.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауындағы басты мәселе еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту.(1) Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының рөлі арта түсуі тиіс.
Оған мынадай жағдайлар әсер етеді.
- Экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және тағы басқа режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Аймақтық басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқару обьектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады.
Қазақстанның қазіргі шаруашылық комплексі күрделі, қайта құруда елдің кеңістігіне бұрылуда. Бірақ саланың даму приоритетінде өндірілетін тауарлар тұрғындар үшін, электр жылуы саласы, отын өнеркәсібі, металлургия, химия, машина құрылысы АӨК саласында, темір жол және құрылыстарда күрделі түйін болып қалады.
Аймақтық нарықтық процесін құру және аймақтық қаржы — несие қатынастарын оқып білуді, сондай-ақ аймақтың экономикасына кірістіру. Аймақтық әлеуметтік -экономикалық білім жүйесінің ғылыми әдебиеттерінде іс жүзіндегі ерекшесі, территорияда қашанда онымен нақты айналысады. Нақты территорияға қаржы-банк және есептеу талдау жасауды кірістіру, барлық экономикада бұл түрлері басым болу керек. Оның ерекшелігін, сондай-ақ потенциялды ресурстарды, экономиканың дамуын және шаруашылық құрылымын анықтап білуі міндетті.
Аймақтық экономика территориялық дамумен тікелей байланысқан мынадай режимде аймақтық жүйеде жұмыс істеумен хабардар етеді: халық өмірінің саласы және позитивтік динамикалық өлшемде, әлеуметтік ұдайы өндірісті байланыстыруды тұрақты қамтамасыз етеді, шаруашылықта ресурста және экологиялық потенциялды территорияда соңғы терминдермен түсіндіреді.
Тұтастай алсақ аймақ, ол-жалпы табиғи-ресурстарды пайдаланумен әлеуметтік салалардың
пропорционалды байланыстылығымен, ішкі аймақтарда және аймақаралық өндірістегі
технологиялық байланыстардың орнықты құрылуымен, көпшілік көрнекті түрде анықталуымен аймақталатын территориялық бірлестік.
Көрсетілген аймақтық шаруашылық комплескте, ғалым
М.Б.Кенжегузин(2) көрсеткендей, тауарлардың ішкі тұтынушыларының салааралық өнімдердегі үлесі көбінесе аймақтық ресурстарды пайдалану дәрежесіне тең. Комплексті және бүтіндей қызмет етуді жүзеге асыруда, елдегі халық шаруашылығының шеңберінде аймақтар өзімен - өзі қатынасады. Онда ұдайы өндіріспен байланысушы территорияларға шек қойылған, мұнда негізінде өзбетінше араласуға көңіл бөледі.
Дербес аймақтық экономикасын, экономикалық ресурстарды тәуелсіз және жауапкершілікті түрде басқарып, әлеуметтік — экономикалық проблемаларды шешуде, қашанда аймақтың тиімді түрде өркендеуін көздейді.
Аймақтың экономикалық-методиологиялық аспектісін қарастырғанда қажеттіліктерді әбден біліп, негізгі ғылыми әдістерді аймақтық экономиканы зерттеуде кеңінен пайдалану тиіс.
Соңғы жылдары нарықтық қатынасқа көшу жағдайымен аймақтық экономиканың маңызы өсті. Кез келген мәселе, қайта құру процесінде, аймақтық факторлар мен жағдайлардың әсерімен тығыз байланыста болды.
Сонымен қоса, аймақты ғылымға дұрыс баға берілмеу, аймақтық ғылымның өзінде белгілі бір дағдарыс жағдайларын тудырды.
Аймақтық экономика кеңінен зерттеле бастады.
Аймақтық экономиканың методологиялык аспектісінен қарағанда "аймақ" деген терминнің түсіне білу кажет.
Оған себеп: басқару обьектіснің көптеген қайшылықтарының жеке нышандары бар. Оларға ұлттық — мемлекеттік және әкімшілік — аймақтық құрылыс, өндіріс күштерінің орналастырылуы мен адамдардың, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары, тағы басқалары жатады. Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір обьективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет.
Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі — аймақтық басқару обьектісі, яғни аймақтың негізгі жүйесі (ұлттық мемлекеттік деңгей, тағы басқасы), екіншісі — оның субьектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін - өзі баскқару ұйымдары кіреді.
Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін - өзі басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі экономикалық әдістерге көшу. Өйткені жергілікті өкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда, қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды, өндірістік және әлеуметтік инфра құрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады.
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік — экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктердің кеңейтілуін қамтамасыз ету:
а) аймақтық — салалық өзара байланыстар (әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың дамуы, қоршаған ортаны қорғау т.б);
ә) салааралық байланыстар (салааралық өндірістің дамуы, ресурстарды қайта пайдалану, өндірістік кооперация) аймақтық шеңберінде;
б) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда өндірісті дамыту (жоспарларды үйлестіру, жоспардың орындалуын бақылау, халықтық тұтыну тауарларын өндіру).
Жалпылай типологиялық аймақта экономикалық саясаттың билігін жүргізу (жергілікті дәрежесінің "нарықтағы бағдары") соңғы жылдарда тауар және қызметтің бағасын кою дәрежесі реттелген, тәуелсіз позициялы аймақты "таза" түрде үкімет органдары басқаруы әбден мүмкін. 90 жылдары жалпы аймақтық дамуы өте тұрақсыз болды. Қазақстанның аймағында қарастырылған әр түрлі көз қарастардың аспектісінде жинақталған оның әлеуметтік — экономикалық жағдайы, "өзін басқару" әр түрлі территорияда емес, өзінін динамикасын және тенденциясын үнемі ауыстыру болып табылады. Мұндай жағдайдың барлығының дұрыстығы толық заңда бар. Қазақстанның аймағында әр түрлі типті сапасы шындығында қабаттасып өтеді, бірақ оның нәтижесі 90 жылдардың аяғында ғана тек айқындалған. Аймақтық "модельдік" сапасы бұл кезеңде калыптасуы мүмкін. Олар:
диверсифицировалық және қаржылық сектордың өсуі;
экспорттық шамада: шикізат, металлургия және темір - жол салаларының дамуы;
қаржысы мықты аймақтарда ірі кәсіпорындарда ереже ретінде экологиялық реформаны курсқа алынуы;
мемлекеттің бай табиғи ресурстарын дербес экономиканың федералды ортаға жеткізілуі;
саясатта шығарылған "жұмсақ" нарыққа өтуі;
дағдарысты аймақтардың жеңіл өнеркәсіп немесе машина жасауға мамандандырылуы;
экономикалық әлсіз дамуда агралық немесе шет аймақтардын, - федералды бюджетке
тәуелділігі;
М.Б.Кенжегузин, (3) 70 жылдары айтылған, аймақтық математикалық — экономикалық моделі мынадай жағдайда қалыптасуы мүмкін екен.
- әлеуметтік - экономкалық аспектілер әрбір нақты аймақта негізгі бөлік ретінде қарастырылса;
- аймақта шаруашылықтың тиімді жақтарын жасау және территорияның экономикалық пропорциясы сақталса.

Бұл жағдайдың тізімде тек қана басты жағдай әрбір аймақта нақты уақытта әр түрлі қарқынмен нарыққа кіруге болады. Мысалы: экономикалық жағдайлардың қиындығына қарамастан өткізген алғашқы этапта сервисті даму әрекеті маңызды девиденттерді әкелуде. Ішкі экономикалық қолайлы аймақтар да, орталықтандырылған облыстар да болды. Соның салдарынан осындай жерлерде жұмыссыздық өсуде.
Қазақстанның барлық аймағында бірдей қарқында аграрлы реформа жүрмеген. Нарықтық инфрақұрылымының даму дәрежесі жан — жақты емес, өндірісте де аймақтың бір басқа жағынан дамуында да комерциялық құрылымдар басым.
Аймақтың әр түрлі әлеуметтік — экономикалық жағдайы екі факторға бөлінеді. 1.Обьективті (аймақтың даму үшін мамандықты жеке шаруашылық құрылымды, экономикалық — географиялық
жағдайларды және басқаларын үйрету болып табылады.)
2. Субьективті (саяси үкіметтің барлық аймақпен қарым — қатынасы, тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігі, реформалауға кері әсері немесе көмектесуі, миграция, топтарының өзгеруі және басқалары жатады). Дәл бағытталған субьективті факторлардың маңыздылығының әсерінен жылдамдығы анықталып өлшенеді және обьективті тенденцияның өзгерістері. Бұл жағдайдың индекаторы, обьективті факторлардың түрлері, индекатордың сапасы жоғары тәртіпте қарым — қатынастарға индекатордың субьективті факторы қатысады. Сол үшін аймақтық даму тенденциясын алдын — ала болжау және түсіну, қажеттіліктерді анықтау заңдылықтарымен байланысты және мәліметтерге индекатор көлемді әсер етеді.
Аймақтық экономиканың субьектісі, аймақтың ұдайы өндіріс процесінің мемлекеттік кәсіпорындарда және ұйымдарда, акционерлік қоғамда, кәсіпорын арендасында, кооперативтік серіктестіктерде, жеке фирмаларда, аралас кәсіпорындарда, үй шаруашылығында және тағы басқаларының да қатысы бар. Орташа субьективті аймақтық экономикасында — территориялық тұрғындардың, - елді мекенді социоэтикалық барлық адамдардың, үй шаруашылығы маңызды қызмет атқарады.
Субьективті нарықтық инфрақұрылымдарда аймақта: коммерциялық банктер, биржалар,
сақтандыру компаниялары немесе ұйымдары, инженерлер консалтингтер, аудитерліктер фирмалар, жарнамалық агенстволар және басқа да ұйымдар бар. Олардың да өз маңыздылығы сөзсіз. Сондықтан, аймақ экономикасының қай — қайсысы болмасын саласының өзіндік қажеттілігі, атқаратын маңызды қызметі болары сөзсіз.

1.2 Аймақтың әлеуметтік- экономикасын реттеудің маңызы
Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіңдегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай «жаңартқан» мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін, шет ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал бүл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.
Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- «әділдік», яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
- «тиімділік», жалпы ұлттың түрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі.
Бүл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару қүрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:
- мақсаттар қою арқылы;
- белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;
- ресурстарға шектеу қою арқылы.(4)
Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құқықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі басқару қүрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шьіғып кететін болса, келісімшарт түрінде жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардың қайсысын ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес оңтайлы шешімдер табу маңызды. Аймақтық басқарудың кез келген деңгейі басқарушылық қызметтің нақты түрлерін орындаумен сипатталады, яғни, құрылымның әрбір деңгейіне қатысты нақты функциялардың болуы. Аймақтық басқарудың нақты функцияларының жиынтығы басқару деңгейінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Оларды бөлудегі бастапқы негіз - аймақтық басқарудың нақты әр деңгейінің мақсаттары мен міндеттері. Әр деңгей жоғары деңгеймен келісе отырып, өзінің мақсаттарын қалыптастырады.
Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол сияқты жоғарыдан - басқару субъектісінен де таралуы тиіс, Функциялар мен міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс..
Осыған байланысты аймақты басқарудың көптеген функцияларын бөлудің негізгі ережесі болып субсидиарлық қағидасы табылады. Ол қағидаға сәйкес басқарудың нақты функциясы оны тұтынушыға барынша жақын болуы тиіс. Демек, басқару деңгейлері арасында бөлінген функциялар басқару объектісінің мақсатына қаншалықты сай болса, басқару да соншалықты нәтижелі болады. Сонымен қатар басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлгенде сақталуы қажет бірқатар қағидаларды атап өтейік:
• өкілеттіліктердің жеткілікті болу қағидасы, оған сәйкес функцияны орындайтын басқару деңгейінің өкілеттілігі оны тиімді жүзеге асыру үшін қажет және жеткілікті болуы тиіс;
• өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің сәйкестік қағидасы, белгілі бір функцияны орындаудағы жауапкершілік берілген өкілеттіліктер шегінен асып кетпеуі қажет, сондай-ақ бұл өкілеттіліктерден кем болмауы да шарт;
• ресурстармен қамтамасыз етілу қағидасы, басқару деңгейіне сәйкес нақты функцияны жүзеге асыру қажетті материалдык, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.
Басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бағалаудың сарапшылық (эксперт) әдістерін қолдану негізінде белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Басқарудың белгілі бір деңгейінде функцияны тиімді жүзеге асыру мүмкіңдігін бағалауда аумақтық бірліктердің түрлі сипаттамаларын ескеру талап етіледі, атап айтқанда, халық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым функциялар жоғарыға берілмей, басқарудың аймақтық деңгейлерінде қалады. Аумақтық бірліктердің экономикалық және әлеуметтік дамуы қаншалықты жоғары болса, дамуға қатысты функциялардың көбі сол аймақтың басқару органдарының құзыретінде.......
12.01.2019
Вернуться назад