DataLife Engine / Экономика | Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы

Экономика | Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы

Мазмұны

Кіріспе 2
І. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 3
1.1 Жалған капитал. Акционерлік қоғамдар 4
1.2 Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі. Олардың жіктелуі 15
ІІ. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 21
2.1 Акциялар 21
2.2 Облигациялар 23
2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31


І. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет.
Олар:
* сұраныс пен ұсыныс;
* делдалдар мен басқа қатысушылар;
* нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
• нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнiнде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері -акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарды. Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айкындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрамы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентi - Қаржы Министрлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк — оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті (уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар. Мемлекеттік бағалы қағаздар:
• мемлекеттік қазыналық вексельдер;
•мемлекеттік қазыналық облигациялар;
•Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді, ноталары;
• жекеменшіктендіру купондары.
Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекеттiк қарыз өлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады.
Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылды, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін қалуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар оны иеленушілерге әлі дивиденд (пайда) түсіре қойған жоқ.

1.1 Жалған капитал. Акционерлік қоғамдар

Жалған (алдамшы) капитал деген - қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге кұқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:
Біріншіден, табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс, тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады. Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес. Тауар айналымы (Т - А - Т) формуласындағы бірінші акт (Т - А) тауарды сату басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүргізіледі, яғни қажеттілікті керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал капиталдың айна¬лымы (А - Т - А*) формуласындағы мақсат - тауарды сатып алып қайта сату, яғни процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұнда А*=А+а, яғни а — қосымша құн, өсім, немесе капитал. Ал капитал өздігінен өсетін құн немесе қосымша құн беретін құн (К. Маркс.).
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты аңықталады.
Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, не одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі? Керісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары болса және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50$ делік, ал қарыз процентінің деңгейі 5% болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000$ болады:
(50х100%)/5=1000$
Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.
Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен баиланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
1. жалған капиталдың өз құны (өте аз) жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді;
2. бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жұйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
3. жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардың са-тылатын жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардың курсы) бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.
Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс "капиталдану" деп атады. Ал капиталдану - мүліктің нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген [40; 9.];
• жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді. Жалпы алғанда жалған капитал нақты капитал алғанда, жалған капитал нақты қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және кездері бағалы қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.
Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар. Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста болады.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол та¬быс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капитал¬дың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.
Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына) қарай акционердің дивидендтер қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену куәландыратын құжат. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап беру, тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам ұлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ, қоғамның үлгісіне қарай, "ашық акционерлік қоғам" немесе "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше "ААҚ" және "ЖАҚ" аббревиатурасы болуға тиіс. Осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға хақылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде неме¬се оның өзінде қалдырудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн болады.
Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және онын қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы. Сатуға ұсынылған акциялардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге және (немесе) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уакытта "ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы" заңында "бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі - халықтық қоғам) болып табылады" [53;І7-] делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
ААҚ төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:
1. Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлерінің саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
2. Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;
3. Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы токтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс. Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам, жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған ......
12.01.2019
Вернуться назад