DataLife Engine / География | Қазақстан және Каспий мәселелері

География | Қазақстан және Каспий мәселелері

Мазмұны
Кіріспе.................................3
І – тарау Каспий теңізіндегі экологиялық дағдарыс
І.1 Каспий теңізіне жалпы сипаттама…………………………………………...4
І.2 Каспий теңізінің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы…………….7
І.3 Каспий теңізіндегі бағалы балықтардың құрып кету қаупі………….13
ІІ – тарау Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
ІІ.1 Каспий жағалауы мемлекеттерінің теңізді бөлу процесі……………16
ІІ.2 Каспий теңізін пайдалану және қорғаудағы мемлекетаралық жаңа шарттар……………………………………………………………………………...27
Қорытынды………………………………………………………………………..30 Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Каспий теңізі ( ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар т.б) – Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км². Мередиан ,бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км ( солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Ең терең жері 1025 м,орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары : Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл т.б. 50–ге тарта аралдар бар. ( ірілері: Құлалы, Шешен, Артем т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз терассалары өте көп. Каспий теңізіне 130 –дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%–ін Еділ, 5%–ке жуығын Жайық өзендері берсе, Терек Сулак, Самур өзендері 5% – тен астам, Кура өзені 6%– тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%–ке жуығын береді.
І – тарау Каспий теңізіндегі экологиялық дағдарыс
І.1 Каспий теңізіне жалпы сипаттама
Каспий теңізінің жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз терассалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты ( трансгрессия ), бірде суы кейін қайтып отырды ( регрессия ). Плейстоцен кезеңінде ( 70 млн. жыл бұрын ) теңіздің Понто- каспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтии кезеңінде ( 10 млн. Жыл бұрын ) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плейоценнің орта кезеңінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен үш бөлікке бөлінеді. Құрлықтық қайраңда орналасқан солтүтік бөлігі тайыз ( 10-20 м ), орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м . Оңтүстік бөлігі терең ойпаң ( 1025м ). Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26°С , оңтүстігінде 27-28°С дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады. Оңтүстігінде судың температурасы 10°С – қа жуық болады. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп және ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260км2 құрады. Теңіз суы бетіне шаққанда өзен ағынының мұндай өзгеруі Каспий теңізінің деңгейін 67 см –ге өзгертеді . Басқаша айтқанда Каспий теңізі деңгейінің жыл аралық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды . Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын – шашын мөлшері тым аз . Ол теңіз деңгейін 1 см – ге ғана көтереді . Каспий теңізінде Қарабұғакөз шығанағының маңызы өте зор . Әсіресе оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ықпал етеді . Теңізден келген әрбір км3 шығанаққа 13 -15 млн.т әртүрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңізінің буландырғыш рөл атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасында 0,1 - 0,5 %0, оңтүстік шығыста 13%0 көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының , жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болды. Каспий теңізі деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға және ғасырлық мерзімге ауытқып отырады.
Геоморфологиялық зерттеулер бойынша Каспий теңізі деңгейінің ауытқуы уақыт өткен сайын кеми берген: плейстоценде ( 700-500 жыл ішінде ) теңіз деңгейінің ауытқуы 100м , голоценде ( соңғы 10 мың жылда ) 15 метрге ( 20 – 35м – ге дейін ), соңғы 2 мың жыл ішінде 12 м – ге, ал инструментальды бақылаудан бастап ( 1830 жылдан қазргі уақтықа дейін ) 4 м – ге ауытқып отырған. Теңіз деңгейінің көтеріліп немесе төмен түсіп отыруының негізгі себептері туралы көптеген болжамдар бар. Олардың негізгілері : ғаламдық геологиялық құбылыстар және геологиялық теңіздің аймақтық ерекшеліктері. Каспий теңізінде ерте неогенде тектоникалық қозғалыстар мен тау пайда болу процесі әсер етсе, жоғары плейоценде тектоникалық және климаттық факторлар әсер еткен. Ал қазіргі кезеңде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және антропогендік факторлар әсер етеді.
Соңғы кезеңдегі ең жоғары деңгей ( + 22,5 м ) 19 ғасырдың басында, ең төмен деңгейі ( – 29,0 м ) 1977 жылы байқалғанн. 1978 жылдан ( 20 ғасырдың соңына қарай ) теңіз деңгейі 2 – 2,7 м–ге көтерілді. Теңіз айдыны кей жерлерде 100 км– ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су басты. Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде.
І.2 Каспий теңізінің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы
Каспий теңізінде мұнай – газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі - әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы.
Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума – желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5-1м- ге дейін ауытқып отырады. 1837-1990 жылдары жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 - 90 ж аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 – 41 ж су деңгей і 2 м-ге төмендесе, 1977 ж бұл көрсеткіш ең төменгі абсолютті мөлшеріне ( -29,01м) жетті. 1978 - 95 ж су деңгейі 2,35 м- ге қайта көтеріліп, 1995 ж -26,66 м болды.
Су деңгейінің тұрақсыздығы – климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0- 12 ‰. Каспий теңізі морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі – солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі , су теңгермесі және т.б бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км². Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы – жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88%- құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрлері ( оның ішінде омыртқасыздар- 1069,омыртқалылар - 415, паразит жануарлар - 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар ( шаянтәрізділердің 60%–і, моллюскілердің 80 % –і, балықтардың 50 %–і ) құрайды.
Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн.т болса, оның 40 %–і Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі – ежелден балық ауланатын су айдыны. Бекіретәрізділердің дүниежүзілік өнімінің 90 % –і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендергі салынған бөгеттер, судың радиайиялық және химиялық жолмен ластануы және қаскөйліктің ( браконьерлікті) етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай – ақ мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан– жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы – балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін ( бекіре,қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген.
Жыл сайын 11 балық зауыты ( Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның ) Каспий теңізіне 75 млн.т балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына ( дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке, тұзды суда (тұздылығы 10-11%), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етеді.
Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік – Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің «Қызыл кітабына» егізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б бар. Ал Каспий итбалығы – тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920ж 1млн. астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360-450 мыңға дейін азайған итбалықтың – 27 мыңы, 1990ж - 13,8 мыңы, 1996ж – 8 мыңы ауланған. 2000ж сәуір –тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы – Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорологиялық және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары...........
11.01.2019
Вернуться назад