DataLife Engine / Өндіріс | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Өндіріс | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Кіріспе
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.
Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін.
I. Негізгі бөлім
1.1.Құстардың шығу тегі және үйге үйрету.
Біздің ежелгі бабаларымыз құсты ұядан ұстап, жұмыртқасын да содан алатын болған. Кейін адамдар кұс аулауды үйренді. Олар құс етін тамаққа, ал кауырсынын бас киімдерді әшекейлеуге пайдаланды. Адамзат коғамының даму барысында жабайы кұстар біртіндеп колға үйретіле бастады.Көне әдеби деректерде құсты адамдар тамакка, сондай-ақ спорттық мақсаттар үшін және олардын кейбіреуін касиетті кұстар ретінде асырағандығын жазған.
Үй құстарының пайда болуы мен олардың таралуын біз қазба жұмыстары мен көне колжазбаларға карап білеміз. Қазба жұмыстарын жүргізген жерде табылған үй кұстарының қаңкалары, ескі ақшалардағы олардың бейкелері, түрлі суреттер мен өнер туындылары өте ертеде-гі адамзат түрмысында үй кұстарының кенінен пайдала-нылғанын толығымен растайды.
Үй тауығы әу баста Индияның, ит тұмсығы өтпейтін салың ормандарында осы күнге дейін мекен ететін жабайы банкив тауығынан тараған.Жабайы тауықтар мен үй тауықтарының оңай шағылысуынан өнімді ұрпак алынады. Банкив тауығы тез қозғалғыш, дене жағынан онша үлкен де емес, салмағы 0,6 – 0,8 кг, қанаттары мен құйрығы жақсы жетілген,
8—12жұмырткаға дейін басады.
Тауықты ең әуелі колға үйреткен ел — Индия. Сосын біртіндеп батыс пен шығыс елдеріне тарай бастады. Көне Қытай энциклопедиясында тауықтың Қытайға мұнан бес мың жылдай бұрын батыстан әкелінгені айтылады.
Ертеде тауықты тек бірыңғай спорттық мақсатта өсіріп келген. Әтештер төбелесі Индия раджілерінің сүйікті ермектерінің бірі болған. Келе-келе адамдар кұстың жұмырткасы мен етінің дәмін жоғары бағалап, олардан неғұрлым жоғары өнім алу жолдарын карастырды.
Россияға тауық Грециядан әкелінді деген жорамал бар. Қазіргі асыранды үйректердің арғы тегі кәдімгі жабайы қоңыр үйрек болып саналады. Қоңыр үйрек барлық жерде бар. Ол Европа, Азия, Африка, Солтүстік Америка елдерінін барлык жерлерінде ұя салады. Жа-байы қоңыр үйрек түрлі өзен, көлдерде тіршілік етеді Ол — колға тез үйренетін құс. Оларды колға үйрету әр елде әр түрлі мерзімде жүргізілді. Бұл жұмыстын, Евро-пада қолға алынған уакыты—Рим мәдениетінің гүлденуімен тұстас келген жаңа дәуірдің бірінші ғасыры. Қазіргі кезде ждбайы коныр үйректерді аңшылар үйректі қолға үйретіп, оны аң аулар уақыттарында еліктіргіш ретінде пайдаланып жүр.
Үй кұстарынын ең байырғысы каз деген жорамал бар. Көбіне-көп шөппен коректенетін бұл кұстың еті көп, әрі оны бағып-күтіп, асырау адамдарға онша көп қиынға түспеген.
Үй қаздарынын. арғы тегі — жабайы көкқаз. Ол Европаны мекендейді, кыс кезінде жылы жакка ұшып кетеді, асырауга тез көндігеді.
Аққаздар ежелгі мәдениеттіліктің бслгісі ретінде Римде өте-мөте дәріптеліп, Капитолияда ұсталған. Біздің дәуірімізге дейінгі 388 жылы Римді жаудан қаздар құтқарып қалды дейтін аңыз да бар. Онда жаудың Рим-ге таянып келгенін бірінші болып қаздар естіп, адамдар-ға қаңқылдап хабар бергені туралы айтылады.
Күркетауықтың қазіргі тұқымдары жабайы күрке-тауықтардан шыккан. Жабайы күркетауықтар осы күндері Солтүстік Африка мен Мексикада кездеседі. Олар ірі келеді, аяқтары ұзын, канаттары қысқа, құйрығы онша ұзын емес, өте бағалы құстар болып есептеледі. Бұларды дәмді еті үшін аулайды, Үй күрлетауықтары Европаға тұңғыш рет XVI ғасырда әкелінді.
ҮЙ Мысыр тауығы өздерінің арғы жабайы ата-тегінен тараған. Жабайылары Батыс Африка мен Мадагаскарда өсіп-өнеді. Мекені — ашық далалы жерлермен алма-сын келетін қалың аласа орыанды жерлер. Үясын ойпаң-
дау шөп басқан бүта арасына көрінбейтін етіп жасырын салады. Олардың әрбіреуі 5—8-ден жүмыртка табады. Жұмыртқасы ақ сарғыш түстес. Еті өте-мөте дәмді келеді.
Мысыр тауығы алғаш рет Европаға жаңа дәуірімізге дейін Солтүстік Африкадан әкелінді. Бірак кейін олар-дың бәрі құрып бітті. Тек бұдан 16 ғасыр өткесін барып Гвинеядан мысыр тауығы экелініп, Европада қайтадан өсіріле бастады.
Үй мысыр тауығында олардың арғы ата-тегінің кейбір әдет-кылықтары сақталған. Олар тез көзғалады, ұша да алады, жұмыртқасын бұталардын, арасына салады, ағаш басында түнеп, далада жақсы жайылады. Мысыр тауығының осы қасиеттері ең алдымен әуесқой құс өсіоушілердің, жадында болғаны жөн.
Мысыр тауығын құс қораларында ұстағанда оларды белгілі бір мерзімде азықтандыруға дағдыландырған орынды. Жайылымдарға тек жұмыртқалаған соң шығаруға болады. Ал кешке кораға тиянақты камап отыру керек. Әйтпесе олар далаға ағаш басына конақтауды әдетке айналдырып алуы мүмкін. Мысыр тауығын тауықтармен, қырғауылмен, тауыспен будандастыруға да болады. Бірақ олардан өнімі жақсы, жөнді ұрпақ алынбайды.
Көп елдер еті мен жұмыртқасына бола бөдене асырайды. Әуеской құс өсірушілер мен бөдене шаруашылықтарында негізінен жапон бөденесін өсіреді. Бұл құстың кәдімгі бөденелерден аздап кішілігі болмаса еш айырмасы жок. Қанаттары қоңыр сұр, басы, мойны, кеудесі әр түрлі. Ересектері 120—140 г тартады, таза ұшасы 80—110 г. Жапон бөденесінің бағалы биологиялық ерекшелігі мынада: мекнендері жылына 200—250-ден жұмыртқа табады (бір жұмыртқасының салмағы 10—12 г). Балапандары тез өсіп-жетіледі. 60 күндігінде союға жарайды.
Біздің, елімізге бұл құс Югославиядан 1964 жылы әкелінді. Ол қазір көптеген облыстарымыз бен аудандарымызда жерсіндірілген. Бөдене өсірумен әуесқой құс өсірушілеріміз де табысты шұғылданып келеді.
Ғалымдар құстардың жорғалаушылардың арғы тегінен ұқсастығын қазба қалдықтар бойынша да дәлелдей түсті. Тұңғыш рет 1861 жылы бұдан 150 миллион жыл бұрын тіршілік еткен қанатты жануардың қазбадан қауырсынының қалдығын тауып, археотерикс (көнеқұс) деп атады. Кейініректе дене құрылысы айқынырақ көрінетін, көне құстың тастағы таңбасы табылды. Көнеқұстың қанаттры мен құйрығындағы қауырсындары жақсы жетілген.
Дене мөлшері кептердей қанатты жануар құсқа да, жорғалаушыларға да ұқсас болып шықты. Олар онша жақсы ұша алмағанмен де орманда тіршілік етіп, ағаштан ағашқа секіргенде біраз қашықтыққа қалықтауға қанатын пайдаланғаны байқалады. Астыңғы және үстіңгі жақсүйектерінде тістердің болуы, 20 омыртқадан тұратын құйрығы — оның кесірткеге ұқсас белгі-лері еді. Ал аяғындағы төрт саусақ пен жіліншік нағыз құсқа тән қасиет болатын. Бұл белгілер көнеқұстардың жорғалаушылар мен құстар арасындағы аралық жануар екенін білдірді.
Ең алғашқы құстардың көнеқұстардан ерте тіршілік етке-ні де дәлелденуде. Американдық палеонтологтар қазба жұмысында жүріп, Техас штатының батыс бөлігіндегі Пост деген шағын қаланың маңынан бұған дейін 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен құс тәрізді жануардың тасқа айналып, жақсы сақталған қаңқасын тапты. Оны ғалымдар протоавис деп атады, мұның қазақша бала-масы — ілкіқұс 91. Ілкіқұстың мөлшері — қарғадай. Оның үлкен көз шарасы, ми сауыты және төссүйегі құстарға өте ұқсас. Құстардың бәлкім осы ілкіқұстардан бастама алуы да ықтимал.
Ч.Дарвин үй тауықтары анық жабайы банкив тауықтарынан шыққанын ең бірінші болып анықтады. Банкив тауықтар түр түсі, дене қүрылысы,дауысы жағынан үй тауықтарына өте ұқсас жане қолға оңай үйренеді. Банкив тауықтн үй әтешімен шағылыстырғанда ұрпақты әулет алуға болады. Башсив тауықтар үсақ келеді, сақа тауығы 0,6-0,8 кг,ал әтеші 1,0-1,3 кг ғана салмақ тартады.Олар жылына 8-14 жұмыртқа береді. Жұмыртқа қауызының түсі ақ. Жекелеген ерекшеліктерінің бірі - жұмыртқалауы біршама ұзаққа, шамамен қаңтардан қыркүйекте дейін созылады. Банкив тауықтар жүнінің түсі ақ, күміс тәрізді, қара және басқадай болуы мүмкін.
Тауықтар осыдан 5000 жылдан астам уақыт бұрын Үндістанда қолға үйретіле бастады.Шығыс пен батысқа,су арқылы сауда жолдары ашылып, Жерорта және Қара теңіз жағалауларындағы жерлерді гректердің отарлауы басталғанға кейін олар Европа елдеріне тарады.Өнеркәсібі дамып, жаңа ірі қалалар пайда болуына байланысты құс шаруашылығы өнімдеріне деген талап арта түсті.
XIX ғасырда Ресейде тауықтардың юрловтікдаздардың холмогорлық, күрке тауықтың солтүстік кавқаздық тұқымы және басқадай тұқымдары шығарылды. Америка Құрама Штаттарында Италиядан әкелінген тауықтарды пайдалану арқыны летторн жұмыртқа беретін тұқымы шығарылды. Бүгінде олар әлемнің барлық елдерінде өсіріледі.
Жаңа тұқымдар шығарылып қойылған талаптарға сай келмеген ескі тұқымдар жойылды. Сыртқы түрі мен өнімділігі сапалары бойынша тауық тұқымдарының айырмашылықтары нақты көріне бастады.
Қазіргі кезеңде тауық тұқымы бес түрге бөлінеді: жұмыртқа беретін, етгі, етті-жұмыртқа беретін, сымбатты және сәнді,
Үйге үйретілген күрке тауықтың ата тегі Оңтүстік және Солтүстік Америкада осы уақытқа дейін сақталған. Күрке тауықтар Европаға XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында, ал Ресейде олар XVIII ғасырдың аяғында пайда болды. Оңтүсгік Америкадан шыққан күрке тауық тұқымдары үсақ, ал Солтүстік Америкадан шыққандары ірі. Үйде өсірілетін күрке тауық тегі жайлы басқадай пікірлер де бар, бірақ зертгеушілердің көпшілігі олардың негізгі ата тегі солтүстік американдық деп есептейді, Қазіргі уақытта күрке тауықтардың салмақты, орташа және жеңіл түрлеріиің кептеген сан алуан тұқымдары бар. Оларды тек ет өндіру үшін ғана есіреді.
Үй үйректерінің жабайы тегі Европада,Азияда,Африка мен Америкада тараған. Үйрек ерте заманнан бері қолға үйретілген(Ертедегі Римде ол сол заманның өзінде үйде өсірілген). Асыранды үй үйректері Оңтүстік Америкадағы жабайы мунде үйректерінен шыққан. Жұмыртқа, ет өнімдерін
Ежелгі құстардың қаңқасы мен қауырсындарының тастағы таңбасы және жорамал бойынша салынған сыртқы көрінісі
өндіру багытындағы үйрек тұқымдары шығарылды, олардың көпшілігі ендірісте пайдаланылады.
Үй қаздары (Қытай тұқымынан басқасы) Европада, Азия мен Африкада мекендейтін жабайы қоңыр қаздардан тараған.Қытай Қаздарыцың ата тегі анатомиялык қүрынымы мен тұқымы кейбір ерекшекліктеріне байланысты жабайы қоқи қаздардан тараған депті, Қаздардың түкыны дене қүрылысына,түрі мен шаруашылық тына қарай ет-май бағытындағы (холмогорлік,романдык, оралдык т.б.) және жүмьфтқаны мейілінше көп табатын жеңілдетілген тұқымға (кубандық,горькийлік) бөлінеді.
Үй мысыр тауықтары Батыс Африкада мекендейтін жабайы түрлерінен шыққан. Оларды қолға үйрету уақыты мен Европада таралу жолдары накты дәлелденген жоқ. Үй құстзрының басқадай түрлерімен салыстырғанда мысыр тауықтары кейінірек үйретілген деген болжам бар. Ресейге мысыр тауық тары XVIII ғасырда сәндік құс ретінде жеткізілді, ал 1945 жылдан бастап, олар өндірісті шаруашылықтарда есіріле бастады.
Үй кептерлері, Ч.Дарвиннің пікіріне қарағанда жабайы көкшіл кептерден тараған. Ауыл шаруашылығы үшін кептерлердің еттік бағыттағы тұқымының ғана тәжірибелік мәні бар.
Бедене Шығыс Азияда үйде үйретілген.Оларды ет пен жұмыртқа алу үшін баяғы заманнай бері өсіріп келген.
1.2. Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар қу-нақылығымен, әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да, алуан түрлі сыртқы көрінісімен, ормандарды, тынымбақтарды, шалғындарды және суқоймаларды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Шағын денелі I құстар бунақденелі жәндіктерді жеп, ал жыртқыш құстар кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы таралу мөлшерін реттейді. Көптеген құстар өсімдікпен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдарын таратады. Өлексемен қоректенетін құстар табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Тропиктік аймақта шірнемен қоректену 1 арқылы өсімдіктерді тозаңдандыратын да құстар бар. Құстар — тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады.
Адам құстарды спорттық және әр түрлі мақсатта аулайды. Көптеген құстар өздері қоректеніп, балапандарын жемдеу арқылы бунақденелі жәндіктерді, ауыл шаруашылығына зиянкес жәндік-терді жояды. Жыртқыш құстар кемірушілермен қоректеніп, әр түрлі аурулардың (оба, сарыауру және т. б.) таралуын тежейді. Кейбір жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға, күйкентай, жағалтай және т. б.) саятшылыққа пайдаланылады. Қауырсыны (үкі) және мамығы (гага) үшін ауланатын да құстар бар. Тіпті құстардың саңғырығы да пайдаға асырылады — тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Құстардың көптеген түрі қолға үйретіліп, жаңа қолтұқымдар шығарылуда.
2. Құстардың биологиялық және шаруашылықттық ерекшеліктері
Құс сүт коректілермен салыстырғанда көп өнім бергіштігімен, салыстырмалы турдегі жоғары дене жылулылығымен (41-42°С), шапшаң жетілгіштігімен ерекше көзге туседі, ал оның эмбрионды дамуы ана денесінен тыс өтеді.ол өсу кезеңінде жануарлар және өсімдік тектес азықпен де қоректеніп, жыл сайын түлеп отырады.
Адамның ұзак мерзімді мақсаткерлікпен жүргізген жұмысының нэтижесінде құс енімдшгі арта тусті (12 айда 280-290 жұмыртқа береді). Сақа банкив өтешінің салмағы 0,9-1,2 кг, ал туғанына 49 күн толған балапан бройлердің салмағы -1,8-1,9 кг.
Жабайы күрке тауық 20-11 айлығыада жұмыртқалай баетайды,одан жылына тек 11-15 жұмыртқа алуға болады, ал үй күрке тауығы 5-6 айлығында жұмыртқалай бастайды. Жұмыртқа салудын бір орамында 100 және одан да көп жұмыртқадайды,ад жылына 180-200-ге дейін жұмыртқа береді. Күрке тауықтың еркегі 100-120 күндігінде салмағы жағынан сақа жабайы тектестерінен едәуір асын түседі.
Жабайы үйрек жылына 10-13 рет жұмыртқалайды, ал үй үйректері 150 ден астам жұмыртқа береді. Ата үйрек 45-50 күндігінде 2,5-3,0 кг еалмақ тартады немесе сақа жабайы тектестерінен 2 есе дерлік басым,
Үйрек шаруашылығындағы ғылыми жұмыс негізінен еттік сапасын жақсартуға багытталған, жекелеген жағдайларда жұмыртқа өнімділігін жогарылату мақсаты көзделеді. Өнімділік бағыты жөнінен үйректердің тұқымы және тұқымдық топтары еттік, ет-жұмыртқа және жұмыртқа сияқты үш түрге бөлінеді.
Өнімділік сапасы жағынан үй қаздары да өздерінің жабайы тектестерінен едәуір асып түседі. Мысалы, ұрғашы жабайы қаз көктемгі маусымда 6-8 жұмыртқа салса, үй қаздары 40-60 жұмыртқа тауыл, ал ынталандырған кезде жылына 120-ға дейін жұмыртқа береді. 63-кундік үй қазының балапаны жеделдете семірткен кезде 4 кг-ға жетеді, ал сақа жабайы қаздың салмагы небары 2,5:3,5кг ғана. Қаздың кейбір биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері бар: жайылатын қабілеті, әсіресе жайылымдарда, көбіне көк шөппен азықтану, көіттеген қаздарды қытай және кубань қаздарынан басқаларында (3 жаска дейін) жылдық жұмыртқа өнімінің жоғарылауы (15-20 пайыз); қаздардың оспірім балапандары алғашқы екі ай мезгілінде тез өсу куатына и:е бола отырып, өзінін салмағын 40 есе арттырады. Бірінші айда өсу қуаты 200 пайыз, екінші айда 96 пайыз, ал үшінші айда 17 пайыз. Бұл биологиялық ерекшеліктер бройлер - қаз балапандарын етке 9 апталығына дейін өсіретін қаз шаруашылықтарында пайдаланынады.
Мысыр тауықтарың үй жағдайына үйреткенде олардың дене салмақтары кебейіп, өнімділігі бірнеше есе артып, отыру инстинкті әлсіреп, коп гаммалықтан полигаммалыққа ауысты. Мысыр тауықтары қоршаған ортаның - 5- тен + 40° С дейінгі аралық температураларын жақсы көтереді. Тауықтармен салыстырғанда олар ауруға азырақ шалдығады. Шаруашьмықтардағы мысыр тауықтары жұмыртқаларының ең маңызды ерекшеліктері алыс жерлерге тасымалдауға мүмкіндік беретін олардың қабықтарының қалыңдығы мен мыктылығы. Сақтаудың ең қарапайым жағдайында жұмыртқалардың қасиеттері көп уақытқа дейін сақталады. Мысыр тауықтары мекнендерін қарқынды күтіп-баққанда жылына 200-260 жұмыртқа, ал ең жақсылары 50-54г салмақты 300 және онанда көп жұмыртқалар салады.....
10.01.2019
Вернуться назад