DataLife Engine / Менеджмент | Жетістікке жеткен менеджердің сапасы

Менеджмент | Жетістікке жеткен менеджердің сапасы

Мазмұны
КІРІСПЕ
І МЕНЕДЖМЕНТ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Менеджмент фирманың басқару теориясы
1.2 Кәсіпкерлікті басқаруды ұйымдастырудың негізгі формалары
ІІ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ФИРМА
2.1 Әртүрлі нарықтық құрылымдар жағдайындағы фирманың іс-әрекеті
2.2 Маркетингтегі менеджмент
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Экономиканың негізгі экономикалық агенті Бір немесе бірнеше кәсшорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсшкерліктің үш түрін атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік,
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акционерлік қоғам)
Ипдивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсшкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкеңдерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.
І МЕНЕДЖМЕНТ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Менеджмент фирманың басқару теориясы
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз елу және одан көп адам иелік ететің бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады Артықшылығы үйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндіп болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасы ұйымдастырылады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншіііне күкықтар акцияларга сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар үстаушы, ал корпора-цияның өзі — акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
• акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құкыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу кұқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару кызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі — корпорация пайдасынын. Бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
• экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;
• меншіктену мен бакылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ ар-тықшылықтары одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.
1.2 Кәсіпкерлікті басқаруды ұйымдастырудың негізгі формалары
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизпес шаруашылықтың ең, ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жүмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинт (francliise — жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture — бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Фрапчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден камқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жүмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Вепчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналасатын коммерциялық. ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың томендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:
• Қазақстан халқының елеулі бөлігін құйратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;
• халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріс тартуға көмектеседі;
• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:
• ішкі факторлар:
• старттық капиталдың жетімсіздігі;
• банкілермен байланыстьщ нашарлығы.
Сыртқы факторлар:
• қиынсыз салық жүйесі;
• заңлардың шикілігі, тұрақсыздығы;
• «криминалдық прессинг».
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш вариантан жүргізу қажет:
• шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
• нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
• шағын көсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту. Орташа бизнестің ролі зор емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де,
Ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қата-рына шығуы мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Енді мынадай сұрақтардың реті келіп түр:
1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
2. Фирмалар не үшін құрылады?
3. Нарық мүшелерінің әр қайсысын минифирма болдырып, пеліктен барлық, экономика «жаппай, түгел» нарық түрін алмайды?
Нарық бостандық, әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостандықка шек қояды. Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі өздерінің жеткізушілері мен жабдықтаушылары және сатып алушылары туралы, келіс сөз жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондық (лат. transactio «келісім») шығындар деп аталады.
Бұл шығындар нарықтық агенттердің бір-бірімен қатынастарын келістіру процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан тұрып, «жаппай, тағы» нарық болса, миникелісімдер өте көп болғандықтан, трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы шығындарды төмеңдетудің әдісі больш табылады. Фирмалар нарықтық механизмді шектеп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шыныңда, трансакцияларды нарықтың көмегінсіз, фирманың ішінде жасау арзан түседі екен. «Иерархия» (фирма) мен нарықтың бір-бірінен артықшылығы жоқ.
Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарыньщ теңдесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін — нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістін саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді.
Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Колденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Колденең интеграцияның бір түрі — ди-версификация (ағылшынша diversification — саналуан, көптүрлілік). Бұл, бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон-де-Немур» химиялық тал жіп (талшық), дәрі-дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүлікіерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.
Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номинадтық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорының құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын кұру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды....
08.01.2019
Вернуться назад