DataLife Engine / Экономика | Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының ресурстары

Экономика | Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының ресурстары

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының пайдаланатын негізгі шикізат көзі
1.1 Тоқыма талшықтарының жіктелуі мен олардың түрлері және құрылымы.................................................................................................................4
1.2 Кәсіпорындарда бұйымдардың жасалуы және олардың құрамы.................8
2 Кәсіпорында бұйымдардың жіктелуі және олардың кейбір бөлшектерін өңдеуден өткізу
2.1 Бұйымдардың өзіндік белгілерге қарай жіктелуі.........................................11
2.2 Ұсақ бөлшектерді өңдеуден өткізу................................................................14
3 Кәсіпорындардың қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы және оларды басқару стратегиясы
3.1 Кәсіпорынның қаржы ресурсының қалыптасуы..........................................17
3.2 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы.......................................................23
Қорытынды:...........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тоқыма материалдарының технологиясы - талшықтар мен жіптерден иірім жіп, ширатпа жіп, мата, беймата материалдар мен басқа тоқыма бұйымдар өндірісінде қолданылатын жабдықтар мен процестер туралы.
Тоқыма өнеркәсібінің барлық саласы бірнеше өндірістен тұрады.
Мақта – мата өнеркәсібінің құрамына кіретін өндірістерге келесі түрлері ждатады:
1) Тоқыма талшықтарды алғашқы өңдеу өндірісі. Бұл өндіріске шитті мақтаны тазарту және талшықты тұқымынан бөліп алу, оларды будаларға буып – түю, мақта тазарту заводтары жатады.
2) Мақта иіру өндірісі – мақта және химиялық талшықтардан иірімжіп қалыптастыруды қамтамасыз ететін пневматикалық және механикалық технологиялық процестердің жиынтығы.
3) Мақта тоқу өндірісі – негізінен жалаң қабатты немесе ширатпа мақта, мақта және химиялық талшықтардан аралас жіптерден мақта – матасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін механикалық процестердің жиынтығы.
4) Бояу өңдеу өндірісі – матаны бояу арқылы түс, өрнек басу және өңдеуді қамтамасыз ететін механикалық, жылу және химиялық процестердің жиынтығы.
Тоқыма өнеркәсібінде негізінен екі ұғым кең қолданылады: өндірістік процесс және технологиялық процесс.
Өндірістік процесс – бастапқы тоқыма материалдар және жартылай өңделген заттардың белгілі бір бұйымдарға айналдыратын технологиялық процестердің жиынтығы.
Технологиялық процестер машиналарда, агрегаттарда және үздіксіз желілерде орындалады.
Технологиялық процесс – материалдардың сапалық түрін, қасиеттерін, өлшемдерін және қалпын өзгертуге бағытталған механикалық өңдеу немесе басқа өңдеу түрі.
Бұйымдар тиісті белгілеріне қарай өзіндік топтарға бірегейлене отырып, киім ассортиментін құрайды. Материалдар, атқаратын қызметі және т.б бұйымдарды бірегейлейтін белгілер бола алады.
1 Тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының пайдаланатын негізгі шикізат көзі
1.1 Тоқыма талшықтарының жіктелуі мен олардың түрлері және құрылымы
Мақта-мата өнеркәсібінде өсімдіктекті талшықтар мен химиялық талшықтар кеңінен қолданылады.
Тоқыма талшық деп жіп пен өзгеде тоқыма бұйымдар өндіруге жарамды, созылмалы, иілгіш және жіңішке, берік денені айтады.
Тоқыма талшықтар химиялық негізі бойынша күрделі органикалық қосылыстарға, олардың ішінде жоғары молекулалық заттарға - полимерлер қатарына жатады.
Полимерлердің негізін қарапайым органикалық қосылыстан, яғни мономердің бірнеше рет қайталанатын бірдей атомдар тобынан тұратын макромолекула құрайды. Тоқыма талшықтар түзгіш полимерлердің құрылымы әдетте сызық секілді немесе жіп тәріздес болып келеді.
Жаратылысы әртүрлі талшықтар көп болғанымен, тоқыма өнеркәсібінде негізінен жіп немесе басқа тоқыма бұйымдар шығаруға жарамды талшықтар қолданылады. Ол үшін тоқыма талшық белгілі бір физика-механикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.
Тоқыма талшықтардың физика-механикалық маңызды қажттері мыналар: жіңішкелігі (тығыздығы), беріктігі, созылмалығы, жоғарғы температураның және микроорганизмдердің, т.б. әсеріне төзімділігі. Барлық тоқыма талшықтар табиғи және химиялық болып екі класқа бөлінеді. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және минералды талшықтар жатады. Химиялық талшықтарды химиялық зауыттарда өндіреді.
Өсімдіктекті талшықтар тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір және т.б., ал жануартектілерге жүн және таза жібек жатады.
Мақта - өсімдіктің ұрығын жауып тұратын қоза деп аталатын өте жіңішке талшық. Тоқыма өнеркөсібінің манызды шикізаты болып табылатын мақта өсімдігі климаты ыстық аудандарда өседі. Өсімдік пісіп жетілгеннен кейін талшықтар ұрықтарымен бірге жиналады да мақта тазарту зауытына жіберіледі. Онда талшықтар ұрықтан бөлініп алынады.
Талшықтың ұзындығы мен жіңішкелігі мақтаның сортына байланысты. Талшықтың көлденең қимасының диаметрі 15-25 мкм.
Ұзындығы 25-40 мм болады. Орташа талшықты мақтадан шыт, сәтен және тағы басқа маталар жасау үшін иірімжіптер дайындайды. Ұзын талшықты мақтадан бәтес, маркизет, тарақты сәтен және басқа жоғары сапалы жұқа мақта маталарын дайындау үшін жіңішке және тегіс жіп иіріледі.
Зығыр - қабықты талшықтарға жатады. Қабықты талшықтарды түрлі өсімдіктердің сабағынан, жапырақтарынан немесе жаңғақ сыртындағы қабықтан алады. ТМД мемлекеттерінде өндірілетін бұл талшықтардан зығыр талшығы 95-97% құрайды. Талшықтардың қарапайым және техникалық түрлері болады. Қарапайым талшықтардың жалғыз-ақ өсімдік клеткасы бар болса, талшықтарының жуандығы мақта талшықтарымен бірдей, ұзындығы 15-25 мм-ге жетеді. Ал техникалық талшықтар пектиндік (табиғи желім) заттармен өзара желімделу арқылы жасалады.
Мақтаға қарағанда зығыр қатты. Зығырдың құрамында 5%-ке дейін лигнин деп аталатын табиғи жоғары молекулалық қосылыс бар. Жіп иіруге қолданылатын техникалық талшықтардын ұзындығы 35-90 см, жуандығы 10-33 текс. Сондықтан зығырдан иірілген жіп мақта жібіне қарағанда жуан болады. Сапалы зығыр талшықтарынан сүлгілік, асханалық және төсек-жабдыққа арналған маталар тоқылады. Ал дөрекі, жуан жіптер (кенеп) арқан есуге, қаптар тоқуға қолданылады.
Жануартекті талшықтарға жүн және табиғи жібек жатады. Қой, ешкі, түйе, т.б. жануарлар жүні таза, зауыттық және қайта өңделген болып бөлінеді. Таза (табиғи) жүнді жануарларды қырқу нәтижесінде, зауыттық жүнді теріні өңдеу кезінде, ал қалпына келтірілген жүнді пайдаланылған жүн бұйымдарын, қалдықтарды қайта өңдеу арқылы алады.
Жүн талшықтары мақтаға қарағанда ұзын (20-450 мм), беріктігі төмен, бірақ серпімділік қасиеті жоғары келеді. Жүн талшығының бетінде бір бағытта орналасқан иілгіш қабықтар болады. Осы құрылымдық ерекшеліктері жүн талшығының киіздену қабілетін айқындайды. Сондықтан жүн бұйымдарының жылу сақтау қасиеті жоғары болады. Жүн талшықтарынан екі түрлі жіп иіріледі, олар: аппараттық немесе шұғалық маталар тоқуға қолданылатын жіптер және тарақты, яғни көйлектік, костюмдік маталар мен трикотаж бұйымдарға қолданылатын жіптер.
Таза (табиғи) жібек - жібек құрты шығаратын ете жіңішке жіп. Тұт жібек құртының пілләлары жібек орайтын фабрикалардағы автоматтарда тарқатылады. Тарқатқан кезде бірнеше жіптің ұшын біріктіреді. Тарқату нәтижесінде өзара желімделген бірнеше жіңішке жіптен тұратын шикізат алынады. Жібек жібінің жіңішкелігі біркелкі емес, және де 0,5-тен 0,18 текске дейін болады. Жібек шикізатының жуандығы көбіне 1,56 және 2,33 текс болады.
Жібек жіптер берік, біркелкі, серпімді және түрі әдемі болып келеді. Тоқыма жіптер алу үшін бірнеше қарапайым жіптерді біктіріп ширатады. Бірақ пілләні тарқатқанда үстіңгі және астыңғы қабаттары ажырамайды, сондықтан олар қалдықтар ретінде жібекті иіру фабрикасында иірімжіпке лайықтап өңделеді.
Таза жібек жіптер жеңіл келеді және әдемі көйлектік маталарға, сондай-ақ техникалық бұйымдарға қолданылады. Минералды талшықтарға асбест талшығы жатады. Әрбір топта талшықтардың физика-механикалық қасиеттері және дайын бұйымға өңдеу қабілеті бойынша өзара айырмашы-лығы болады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді.
Жасанды талшықтарды табиғатта кездесетін жоғары молекулалық қосылыстардан (целлюлоза, казеин) химиялық жолмен өңдеу арқылы өндіреді. Синтетикалық талшықтарды қарапайым химиялық қосылыстардан (фенол, хлор, этилен, т,б.) полимерлер түзу арқылы өндіреді.
Мақта-мата өндірісінде кең тараған жасанды талшық -вискозалық, әдетте ұзындығы 36-40 мм штапель түрінде мақтамен аралас түрде немесе таза өзі өңделеді. Вискозалық талшықтар бір-келкі, жақсы боялады. Бірақ өзіндік құны өзгелерге қарағанда арзанға түскенімен беріктілігі төмен (әсіресе суланған кезде) болып келеді. Басқа жасанды талшықтар (ацетат, мыстыаммиак талшықтары) көп өндірілмейді.
Синтетикалық талшықтардың ішінде полиамид, полиэфир және полиакрилнитрил талшықтары кең таралған. Олардың ішінде капрон талшығы өте берік, сондықтан оны жіптің беріктігін күшейту үшін табиғи талшықтармен жиі араластырады.
Лавсан талшығы штапель және жіп түрінде шығарылады. Беріктігі жоғары, серпімді, балқу температурасы салыстырмалы жоғары. Сондықтан табиғи немесе басқа химиялық талшықтармен аралас түрінде аз қыртыстанатын, сыртқы әсерлерге, әдемі маталар тоқуға, жіп иіруге қолданады.
Нитрон, акрил талшықтары да көбіне штапельді түрде табиғи талшықтармен аралас жіп алуға қолданылады. Капрон және лавсанмен салыстырғанда беріктігі төмен, бірақ жүн бұйымдары тәріздес жылу сақтау қасиеті бар.
Барлық синтетикалық талшықтар физикалық және химиялық құрылымына байланысты ылғал тартпайды. Алайда үйкеліс немесе басқа қандай да бір механикалық әсерлерден талшықтар электрленеді. Электрлену қасиетін төмендету үшін көбінесе антистатикалық өңдеу әдісі қолданылады.
Мақта өсімдігі құлқайыр тұқымдас бір немесе көпжылдық өсімдіктерге жатады. Олардың түрлері көп болғанымен өндірісте пайдалану үшін орташа талшықты (барбадосс) мақта өсімдігі сортының маңызы зор.
Орташа талшықты мақта өсімдігі 130-140 күнде пісіп жетіледі. Дәнінен орташа ұзындығы 30-35 мм, жіңішкелігі 166-200 мтекс талшық алынады. Өнімділігі жоғары, 1 гектардан 25-35 центнерге дейін шитті мақта, яғни ұрықпен бірге мақта талшығы алынады. Талшықты орташа талшықты мақта деп атайды. Түрі ақ түсті болады. Кең тараған селекциялық сорттарға Ташкент-1, АН-402, Андижан-6, 138-Ф, 108-Ф, 133 және т.б. жатады.
Мақта талшықтарын көбіне жіңішке талшықты маңта өсімдігінен алады. Оның пісіп жетілу мерзімі 150-170 күнге созылады. Өнімділігі де төмен (20-30ц/га). Бірақ ұзын (35-45 мм), жіңішке (133-170 мтекс) берік талшық береді. Сондықтан жоғары сапалы жіп және бұйымдар дайындауға қолданылады. Кең тараған селекциялық сорттарға Ашхабад-25, С-6037, 6249-В, Термез-7, 5904-И және т.б. жатады.
Тоқыманың айқасу түрлері. Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, бетінің жылтыры негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына және т.б қасиеттеріне әсер етеді.
Күрделілігіне қарай тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: жай, майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын желінің жібі деп, көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің қиылысы болады да жапқыш деп аталады.
Әрбір тоқыма айқасуында желі бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Желі бойынша раппорт – айқаспаның өрнегін түзетін желі жіптердің саны.
Тоқу станогынан түскен мата өңделмеген немесе сұр мата деп аталады.
Сұр мақта матасының құрамында талшықтардың табиғи серіктері және шлихта, майлағыш заттар болады. Сондықтан, сұр мата дөрекі, қатты сұр немесе сарғыш түсті, су тартпайтын болады.
Маталардың сыртқы түрін, сапасын және тұтыну қасиеттерін жақсарту үшін өңдеу өндірісіне жеткізіледі. Өңдеу кезеңінде маталарға арнайы қасиеттер береді, мысалы, аз қыртыстану және т.б.
Өңдеу өндірісінде маталар механикалық және физика – химиялық, химиялық технологиялық процестерден өтеді. Әсіресе химиялық өңдеу түрлері басым болады.
Мақта – мата өндірісінде маталарды өңдеу бояу – өңдеу өндірісінде немесе цехтарда орындалады. Осы өндірісте орындалатын процестер 4 топты құрайды:
- Маталарды бояуға және сурет басуға дайындау;
- Маталарды бояу;
- Маталарға сурет салу;
- Соңғы өңдеу.
1.2 Кәсіпорындарда бұйымдардың жасалуы және олардың құрамы
Халқымыз ежелгі замандардан бері еңбек етумен қатар, уақыт ағымымен бірге өнерін де ұдайы дамытып отырды. Солардың бірі халқымыздың қол өнері. Қолөнер тарихи-экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты әр заманда әртурлі сатыда дамып, түрленіп отырды.
Ғылымда "Андронов мәдениеті" (б.з.д. ХУІІІ-Х ғ) деген атпен белгілі болған андроновтық тайпалардың колөнершілері (шеберлері) сол кездің өзінде-ақ әртүрлі қола қарулар, пышақ, найза, тағы басқа сәндік бұйымдар мен сазбалшықтан әртүрлі ыдыстар жасап, оларды геометриялық өрнектермен безендірген.
Қазіргі қазақ жерін мекендеген ертедегі сақ, үйсін, қаңлы тайпалары қазақ халқын құрайтын негізгі тайпалар болып саналатыны ғылымда дәлелденген. Халқымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына Алдыңғы және Орта Азия, Шығыс Европа скифтері мен Қиыр Шығыс, Сібір, Алтай халықтарының ыққпалы зор болды.
Ерте кездерден-ақ көршілес жатқан мемлекеттермен мәдени қарым-қатынас нығайып, саяхат, сауда жасау арқылы, әр мемлекет бір-бірінен өнердің озық үлгілерін үйреніп, жетілдіріп отырған.
Қолөнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жаткан халық творчествосының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет - ғұрып, салт-санасымен астасып қатар өркендейді.
Қолөнер адам баласының өсемдікке, нәзіктікке деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады.
Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптаған адамға қолөнер бұйымдарына салынған түрлі түсті ою – өрнектерден адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау замннан келе жатқан қарым – қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады.
Қолөер дүниежүзінің әр халқына тән, бұл – халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.
Кіп-кішкентай түймеден бастап, толып жатқан үй жиһаздары, ат әбзелдері, қару-жарақ, мебель, музыка аспаптары, кілем, киім-кешек, ыдыстар, әсемдік, сәндік бұйымдарының барлығы да халық қолөнерінің туындылары болып саналады. Қолөнер бұйымдарын көркем эстетикалық талғаммен, нақышына келтіріп өрнектеп, әшекейлеп шығаратын адамдарды колөнер шеберлері дейміз.
Әр шебердің өзі сүйетін материалы мен сол материалды ұсатып, әшекейлеп-өңдеуде меңгерген өз тәсілі болады.
Қазақ шеберлері көп қолданатын материалдарға ағаш, металл, тері, былғары т. б жатады. Аталған материалдарды өңдеп, әшекейлеп әртүрлі бұйымдар жасау үшін қолданатын тәсілдер: ою, қашау, құю, шеку, нақыс салу, өрнектеу, бояу, бұрау, ширату, кесу, тесу, илеу, өру, тоқу, иіру, бедерлеу, тігу, сыру, шабу, қақтау, ыстау, лажылау, дәнекерлеу, құрсаулау т.с.с. болып кете береді.
Әртүрлі ою ойып, ою-өрнек үлгілерін жасайтын адамдар арамыс, қайыс, жүн, жіп, ши, қамыс, киіз, мата, тас, бояу, сүйек, мүйіз,-тағы басқалары жатады. оюшы, ағашты көркемдеп өндеп, одан түрлі бұйымдар жасайтын адамды ағаш шебері немесе ағаш ұстасы дейміз.
Темірден түйін түйіп, әртүрлі өндіріс құралдарын соғатын адам темір ұстасы, ал түрлі металдар мен тастарды пайдаланып, өте нәзік сәндік бұйымдарын жасайтын шеберлерді зергер деп атайды.
Осы сияқты істейтін ісінің ыңғайына қарай әр шебер: тігінші, кестеші, өрімші, бәдізші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы, т.б. болып атала береді.
Мысалы, қазақ шеберлерінің арасында киіз үйдің сүйегін (ағаштарын) түгел жасап, құрастыратын үй бораушы шеберлер, немесе ат әбзелі ер-түрман, саймандарын басынан аяғына шейін өзі жасайтын бесаспап шеберлер көп болған. (Ат әбзелін түгел жасап шығу үшін; ағаш шабу, тері илеу, өру, алтын, күміспен жұмыс істеу, көркем күйма тағы басқа тәсілдердің технологиясын жетік меңгеру қажет). Өнер сүйіп, өнер сыйлап өскен қазақ халқы әр уақытта өнерлі, шебер адамдарға үлкен ілтипат көрсетіп, құр-меттеп келген. Халық қолөнерінің тарихын біліп, оның құпия құбылыстарын игеру, халық қазынасын байыта түсу бүгінгі талапкер жастарға үлкен сын. Ол үшін ұдайы талаптанып, үзбей тер төгу керек. Халқымыздың қасиетті қоленері атадан балаға ауыса отырып, өте жақсы дамыған күрделі өнер. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды өте үлкен талғаммен жасалған өнер туындылары деп бағалаған жөн. Өйткені көптеген халықаралық көрмелер мен байқауларға, өнер фестивальдары мен форумдарына қолөнер туындыларын қойып, байқағанымыз біздің қолөнеріміз халықтарының қолөнерімен терезесі тең, тіпті кейбір тұстарда көп елден шоқтығы биік тұр.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жайт – көп ғасырларға созылған көшпелі өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп қонуға ыңғайлы, пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой – өрісіне тән ою – өрнекпен нақышталып беріліп отырған...........
08.01.2019
Вернуться назад