DataLife Engine / Психология | Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі

Психология | Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі

Мазмұны

Кіріспе
1 тарау.
1.1. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін біріктіру шартары.
1.2. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттары танымдық сипатын күшейту.
2 тарау.
2.1. Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі
2.2. Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік.
2.3. Эстетикалық тәрбие туралы білім қалыптастыру.
Қортынды


1 тарау.
1.1.1 Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін біріктіру шартары.

Оқушылардың сабақтан тыс уақыттары ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту – пәндік үйірмелер бірлестіктер қызығуы бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық және танымдық шығармашылық жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, сабақтан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таныс іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және сабақтан тыс жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әр-түрлі сырларын ұғынады.
Абай (Ибрагих) Құнанбаев шығармаларын әдебиет, тіл, тарих, педигогика, тарихы, тағы басқа пәндерді оқытуды пайдалану көптен бері жүзеге асып келе жатыр. Ал мақсатты түрде эстетикалық тәрбие беруде жоғары оқу орындағы сабақ және сабақтан тыс уақыттарда пайдалану мәселесі бұрын зерттелмегені белгілі.
Сондықтан өз зерттеуімізде тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруда ақын шығармаларындағы эстетикалық ойларға қатысты Т.Әбжанов, Ә.Қалмырзаев, Х.Сүйіншалиев, Қ.Сыздықов, Қ.Жарықбаев, С.Қолиев, А.Кобесов, К.Құнантаева және тағы басқа белгілі ғалымдар мен кейінгі кезде ақын мұрасын оқу тәрбие үрдісіне ендіру мәселелерін зерттеп жүрген Ү.Халитова еңбектерін негізге алдық.
Сонымен бірге сабақ үстінде ақын шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді қазіргі кезде институтымызда енгізіліп жатқан несие жүйесіне бейімдеу мен қатар ағылшын тілі сабағына арналған бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаландық. Осыған орай, бір-екі курстардағы кейбір тақырыптарға қосымшалар ендіруді көздедік. Бұл мақалада біз осы бағдарламаға ендірілген қосымшаға байланысты сабақтан жұмыстардың жоспарын қарастырып отырмыз. Себебі, болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған осы бағдарламада Абай мұрасының эстетикалық тәрбие берудегі маңызы мүлде ескерілмеген.
Бұл ретте мынандай мәселелерді ескеру жұмыстың нәтижелілігіне септігін тигізіп, мақсатқа қол жеткізуге шарт тізбек. 1.Эстетикалық тәрбие туралы элементарлы білім қалыптастыру және одан әсерленуден жинақтаған тәжірибелерді бастау. Онсыз студенттердің эстетикалық мәні бар заттар мен құбылыстарға ынтасы аумайды. Біздің жұмыс әртүрлі сөздердің мәні, көркем сөздегі орны, көркем құбылыстарды сипаттаудағы мүмкіндігі туралы мәліметтер топтастырудан басталды. Бұл кезеңдегі ұстаздың басты міндеті-адамгершілік және көркемдік талаптарына сай құбылыстарды суреттейтін сөздерді жинақтау.
Нақты және белгілі сезімде қалған әсерлердің жинақталған қорынан бастау алған эмоцияның қуаты дерексіз - қисындық мәліметтер жинақтау тәсіліне көшеді. Эстетикалық білім жинақтаудың бұл түрі алған мәліметтің есте сақталып, бекіп қалуына шарт түзеді. Өйткені, сезімге әсер еткен мәлімет ойлау арқылы есте сақтауды нығайта түседі.
Эстетикалық білімнің басқалардан айырмашылығы: ол адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етіп, оны толық жаулап алады. Адамның табиғат және өзі туралы, көркем өнер құндылықтары туралы эстетикалық білімінің жан-жақты және мол болуы қабілетінің дамуына әсер етеді және қоғадық ортада толымды мүше ретінде сезінуіне, мамандығын жете меңгеруіне, кәсіптік көзқарасының терең мағыналы болуына алып келеді.
2. Эстетикалық тәрбие білімі эстетикалық қабылдаудың біліктілігі мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық мағыналы құбылыстарды сезімінен өткізу мен бағалау, одан рақат алуы секілді әлеуметтік мәнді сапаларын қалыптастырады.
3. Эстетикалық тәрбие тұлғаның қажеттену және қабілет секілді мүмкіндіктерін дамыту арқылы адамды сұлулықтан ләззат алуымен бірге өмірді, тұрмысты көркемдік «заңдылықтары» негізінде эстетикалық құндылықтар жарататын белсенді жасампаздарына жетелейтіндей етіп баулиды.
Абай шығармалары арқылы ағылшын сабағында эстетикалық тәрбие беруі үшін студенттерге эстетиканың санаттарын философиялық тұрғыда талдау, одан соң ақын шығармаларының эстетикалық сипатын ашып білу шараларын ұйымдастырып, ақын шығармаларының маңызын ашып көрсету керек.
Мұны шешу мақсатында «Абай шығармаларындағы эстетикалық тәрбиеге қатысты пікірлері ұстаздың студентпен жұмысында» тақырыбында арнайы курс бағдарламасын түздік. Ол бағдарламада эстетика ілімінің маңызы, оның санаттары, әр санатының мазмұны мен мәні, оның қоғамдағы алатын орны мен эстетикалық тәрбиедегі маңызы ашып көрсетілді.
Төменде оның кестесі ұсынылып отыр.
Тәрбие беру Тәрбие берудің Өткізу
жұмыстары мазмұны, жоспарларын
формалары мән түзіп, оларды
әдістері. өткізу
тәсілдерін жазу
және түсіндіру
Ақын шығармаларының эстетикалық тәрбиелік мәнін студенттердің жеке түсінуіне шарт түзу мақсатында реферат жазу жұмысын жүзеге асырдық мұнда студенттердің өзіндік ізденісі ақын өлеңдердің өздігінен оқып, ой елегінен өткізуге мүмкіндік туады. Бұл жұмыстар қазақ тілінде жүргізілуі тиіс.
Өйткені, студенттер ақын шығармаларының мазмұнын ана тілінде толық меңгерген күнде ғана шетел тіліндегі аудармасын жете түсініп басқа тілдегі сөздер, сөйлемдер, сөз тіркестері, өлең тармақтары мен шумақтарын ұғына алады.
Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ.

1.2. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттары танымдық сипатын күшейту.


Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дәстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сәйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат және оған байланысты тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мәнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде азаматтың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана әлеуметтік құндылық ретінде танылады.
Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті -шығармашыл, дербес ой жүргізе алатынадам қалыптастыру - жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді.
Соңғы кездерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мәнін айқындауда тұлғаның бағдарлы оқу бағыты кең назарға алынуда.Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс.
Оқу тәрбие барысында ең алдымен шәкірттерде құндылықты-мәнді сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылдануы ләзім. Болашақ қоғам мүшесі-тұлға педагогикалық процесс аймағында өз әрекет-қылықтарына қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, әділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға баулынады, өзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, ұрда-жық ысырып тастамай, қажеттісін қабылдауға үйренуі тиіс.
Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейілінше толық құрылымға келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген әлеуметтік тәжірибе күйінде төрт элеоденттен құралып, төмендегідей іс-әрекеттерде көрініс береді:
-нәтижелік формасы - білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-әрекет әдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-әрекеттер:
-үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес және практикалық ептіліктер мен дағдылар) формасындағы әрекеттердің белгілі әдістерін іске асыра білу;
-проблемді жағдайларда қалыптан тыс шешеімдер қабылдау ептіліктері формасындағы - шығармашыл іс-әрекет, қызмет;
-тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға және т.б.) формасындағы көңіл-күй құндылықты қатынастарды орындай білу.
Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты және өзара шарттасқан. Әлеуметтік тәжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен әрекет істей, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға дәрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.
Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай анықталады. Әрқилы әлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біркелкі емес. Ол өмір, өндіріс және ғылыми білімдердің даму деңгейіне сәйкес өзгермелі.
Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар білімнің негізгі мақсаты-оқушыларға ғылымның әрқилы салаларынын мейілінше ауқымды білім игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен дәуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап, қуаттады. Аталған теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие.
Білім мазмұнының формалардың теориясын қалаушылар оқуды шәкірттердің қабілеттері мен танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын және ойлау мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады. Олар түсінімінде, білім көзі-ақыл. Сондықтан да, ең алдымен адамның ақыл-есін және қабілетін дамыту қажеттігіне ден қойды. Білім мазмұнын іріктеуде дидактикалық формализм тараптарлары математика және классикалық көне тілдер сынды дамытушылық сипатымен құнды пәндерді басшылыққа алды.
Қазіргі дәуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда. Таза, жалаң күйінде аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе оқу-тәрбие міндеттерін ойдағыдай орындай алмайды. Мектептің басты мақсаты-адамның ақыл-ес күштерін дамытып, сол арқылы білім игеруге, оны қолдана білуге үйрету. Осыдан, бүгінгі педагогика дидактикалық материализм мен дидактикалық формализм бағыттарындағы оқу-тәрбие істерін бірлікте жүзеге асыруды қолдайды.
Білім мазмұнының міндеті қоғамның әлемдік деңгейге сай жалпы және кәсіби мәдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сәйкес әлем бейнесі қалыптастыру; тұлғаның ұлттық және әлемдік мәдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған және сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам және азамат тәрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, әрі қарай дамыту.
Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат-аралық, ұлттық, этникалық, діни және әлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жәрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таудау құқығын іске асыруға көмектесу, әрқилы дүниетаным көзқарастарды ымырашылдықпен ескеру.
Білім мазмұны жалпы және кәсіби білімдерден құралады. Жалпы білім мазмұны негізінде тұлғаның жалпы мәдениеті, оның дүниетанымы, азаматтық бағдары, әлемге, еңбекке және қоғамдық өмірге болған көзқарасы қалыптасады.
Кәсіби білім мазмұны адамға нақты еңбектік іс-әрекет саласындағы білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет.
Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшем-шек жүйесі қабылданған. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті:
-тұлғаның жан-жақты дамуы және оның базалық мәдениетінің қалыптасуына қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету.;
-оқу пәндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми және тұрмыстық маңызға ие болуы;
-әрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы;
-материал мазмұны көлемінің оқушының мүмкін болған игеру уақытына сәйкес келуі;
-жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тәжірибені ескеру;
-осы заманғы мектепте бар оқу-әдістемелік және материалдық базаға сәйкес болуы;
Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары-оқу орнында игерілетін оқу пәндерінің құрамын, олардың меңгеру бірізділігі мен кезек тәртібін, әр пән бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі және апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп қабырғасына оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пәндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пәндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті , 2) оқушылар қалауы бойынша және 3) мектеп кеңесі бекімімен өтілетін пәндер. Түбір оқу жоспарында әрқилы білім салаларына, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.
Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізігі, ауысымды, сырттай, қашытықтан оқыту жоспарлары да әр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне: 1) нақты пәнді оку жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың біліміне қойылатын талаптарды; 3) әр сыныпта пән бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарларын; 4) пән курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін; 6) қажетті әдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын; 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын қамтиды.
Оқу бағдарламаларының түбілі, оқу-жұмыс және авторлық түрлері ажыралады. Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пән бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.
Оқу -жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сәйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерімен жасалады.
Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі әдісі белгілі: концентрлі және тізбекті.
Концентрлі әдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде және оқылады. Бұл әдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп принцпін сақтаудан туындайды.
Тізбекті әдіспен түзілген оқу бағдарламадарында әр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді.
Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында ашылады.
Оқулық мектептік білім ақпаратының көзі әрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұны айқындайды.
Оқулықтың басты көрінісі-мәтінде. Мәтін келесі біріліктерден құралады:
-негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар және жетекші идеялар және т.б. баяны);
-қосымша (құжаттар, хрестоматиялық және анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мәліметтері және т.б.);
-түсініктеме( кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер және т.б.)
Оқушыларға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары - бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары және с.с.


2 тарау.
2.1. Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға
берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі

Шағын мектептер қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосары мол. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі заманның сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, ауыл жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.
Кіші мектепте сабақтан тыс жұмыстардың орны ерекше. Сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны-оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасында байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді. Шағын мектептерде оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:
-базалық кәсіпорындарында, табиғат аясында, мұражайларында, мәдени мекемелерде мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
-ауылдық гимназияларда, лицейлерде оқыту үшін әртүрлі жас тағы дарынды балалар топтарын құру;
-таңдауы бойынша, еркін сабақтар,оқу пәндері бойынша олимпиадалар жүргізу;
-кәсіптік бағдар бойынша соған сәйкес оқу бағдарламаларын оқыту кезінде арнаулы сабақтар өткізу;
-кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.
Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерін кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, онда әрбір құралдар тәрбиелік және білімдік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.
Кіші мектептің басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қам тамасыз ету, талдау жоспарлау, ұйымдастыру әрекетіне білікгілікті талап ететеді. Яғни, ауылдық мектеп жағдайында егер мұғалім дер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеру ді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сабақтан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат міндеттері кіріктіре алатын болады. Бұған мектеп ұжымының және сыныптардың аздығы, оқу үрдісін икемді құру мүмкіндігі, қоршаған ортамен неғұрлым терең байланыстар септік етеді.
Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттары:
-ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие қызметінің ауыл істерімен, ауыл тіршілігімен байланыс тырылуын (мектеп .......
07.01.2019
Вернуться назад