DataLife Engine / Экономика | Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі

Экономика | Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Сапаның экономикалық мәні мен оның көрсеткіштері................................5
1.2 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді сертификаттау............................9
1.3 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы....................................................................................................................12

2 «Баян Сұлу» АҚ- ӨНІМ САПАСЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.2 Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметін талдау
2.3 кәсіпорынның маркетингтік жүйесі өнім сапасының саясатына әсер етуін талдау........................................................18
2.1 Қазақстандағы кондитер нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау.................................................................................21

3 ҚАЗАҚСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ НЕМЕСЕ ТЕТІКТЕРІ

3.1 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы....................................................................................................................23
3.2 Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы.............................................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ.......................................................31


1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Сапаның экономикалық мәні мен оның көрсеткіштері

Өнім сапасы дегеніміз өнімнің атқаратын міндетімен сәйкес қажеттілік анықтамасын қанағаттандыруға жарамдылығын қамтамасыз ететін өнім қасиеттерінің жиынтығы түсіндіріледі.
Нарықтық қатынастарға өтудің қазіргі кезеңдегі жағдайларында кәсіпорынға өзінің тауарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз ету өте маңызды. Бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманғы теориясы, Майкл Портердің кітаптарынан бастау алады. Майкл Портер бәсекелік артықшылықтың үш түрін бөліп көрсетті: шығындар бойынша артықшылық, саралау және бір нәрсеге бейімделу.
Шығындар бойынша артықшылық – бұл фирманың бәсекелестерге қарағанда аз шығындала отырып, тауар өндеу, өндіру және өткізу қабілеті. Басқа сөзбен айтқанда, бұл артықшылыққа жету үшін кәсіпорын аз шығындармен және өте аз мерзім ішінде тауар өңдеу, өндіру және өткізуді ұйымдастыру қажет.
Саралау деп сападағы артықшылықты, соның ішінде, өнімнің ерекшелігін, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетудегі артықшылықты айтамыз, осы арқылы тауар тез сатылады, ал кәсіпорынның өнімі бәсекелестеріне қарағанда жоғары бағаланады.
Бір нәрсеге бейімделу фирманың күш-қуаттарының тұтынушылардың қандай да бір тобына немесе арнайы бір географиялық нарыққа бағытталуы болып табылады.
Өнім сапасының бәсекеге қабілеттілік стратегиясы фирманың бәсекелік артықшалық түрлерінің бірін таңдауы негізінде құрылады: не тұтынушыларды өзінің өнімдерінің басқа өндірушілердің ұқсас өнімдеріне қарағанда салыстырмалы арзандығымен қызықтыра отырып, шығындардың артықшылығын көрсетумен; не тұтынушылардың тауардың жоғары сапасына қызығушылығын тудыру арқылы бейімделуді таңдау. Бәсекеге қабілеттілік стратегиясын таңдау көптеген бірқатар факторларға тәуелді болады, оларлдың ең маңыздыларына мыналар жатады: кәсіпорынның экономикалық потенциалы, оның тауар нарығындағы қаржылық жағдайы, тұтыну нарығындағы фирманың беделі және фирмалық белгінің атақтылығы.
Кез-келген өнімнің тұтыну қасиеттері сапа көрсеткіштерінде көрініс табады.
Сапа көрсеткіштері бірлік, кешендік, интегралдық сапа көрсеткіштері болып бөлінеді.
Бірлік көрсеткіштер өнімнің жекелеген пайдалы қасиеттерін сипаттайды. Жиынтықта олар өнім сапасының техникалық-экономиклық деңгейін анықтайды. Сапаның кешендік көрсеткіштері қасиеттер тобын анықтайды. Интегралдық көрсеткіш – бұл өнімнің пайдалы қасиеттері мен осы қасиеттерді қамтамасыз етуге кеткен жиынтық шығындарды саластыру.
Жеке көрсеткіштер үлкенекі топқа бөлінеді: сыныптау (классификация) және бағалау.
Сыныптау көрсеткіштері өнімнің сыныптау жүйесінде белгілі бір топқа жататының сипаттайды және өнімнің қызметін, пайдаланылу аймағын және пайдалану шартын анықтайды. Сонымен, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлері жүйелендірілген, кодтық белгілері бар, мысалы, жалпы ресейлік өнімдер сыныптаушысы. Жалпы ресейлік өнімдер сыныптау өнім топтарын қалыптастыру үшін қолданылады және өнім сапасын бағалауға қатыспайды.
Жеке көрсеткіштер 11 топқа бөлінеді (1-ші сурет):
1. Белгілеу көрсеткіштері өнімнің өзіне арналған қызметін орындаудағы (құрал-жабдықтардың өнімділігі, электр двигательдерінің қуаты, автомобильдің жүк көтеруі және т.б.) басты қасиеттерін сипаттайды және оның қолданылу аймағын анықтайды.
2. Сенімділік көрсеткіші 4 бірлік көрсеткіштерімен сипатталады: бұйымның тоқтаусыздығы, сақталушылығы, жөндеуге жарамдылығы, ұзақ мерзімділігі. өнімнің ерекшелігіне, оны пайдалану шарттарына байланысты сенімділік көрсеткіші не барлық төрт бірлік көрсеткіштерімен, не олардың бірімен сипатталады.
3. Технологиялық көрсеткіштер. Технологиялық бұйым конструкциясының берілген өндіру көлеміндегі үйлесімді өндірістік, технологиялық шарттармен сәйкес келу дәрежесімен сипатталады. өндірудің берілген көлемінде пайдалану талаптарын қанағаттандыратын және ең аз өндірістік шығындарды қамтамасыз ететін конструкция технологиялық деп есептеледі. Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
- ресурс тұтыну, яғни, өнім өндірісіне кеткен материал, отын, энергия, еңбек шығындары;
- ресурс сыйымдылық - өнімнің материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы.
4. Стандарттау мен үйлестіру көрсеткіштері өнім бөлшектері атауларының жалпы санындағы стандарттық, үйлестірілген және өзіндік бөлшектері атауларының қолданылу дәрежесімен анықталады. Өнім конструкциясын стандарттау және үйлестіру деңгейлерін көтеру оның әртараптандырылуымен, яғни, шығарылатын өнім номенклатурасының әртүрлілігімен үйлестіре отырып, оның стандартталған бөліктерінің жаппай өндірісін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.
5. Эргономикалық көрсеткіштер өнім мен адамның өзара әрекетін, оның адам машина жүйесіне бейімделу дәрежесін көрсетеді. өнімді пайдалану кезінде пайда болатын жұмысшының гегиеналық, астрометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттері кешенін сипаттайды.
6. Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы түрінің ақпараттық айқындылығын, жинақтың тұтастығын, дизайнын сипаттайды.
7. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнім конструкциясындағы техникалық шешімдердің жаңару дәрежесін, оның патентік қорғалуын және патенттік айқындығын сипаттайды және бәсекеге қабілеттіліктің елеулі белгісі болып табылады. Патенттік-құқықтық көрсеткіштерді анықтауда өнімде жаңа техникалық шешімдердің, сонымен қатар елде және шетелдерде өнімді кедергісіз сатуға мүмкіндік беретін патенттермен қорғалған шешімдердің болуы есепке алынады.
8. Тасымалдаушылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділік дәрежесін көрсетеді.
9. Экологиялық көрсеткіштер қоршаған ортаға өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде пайда болатын зиянды әсер ету деңгейлерін сипаттайды, мысалы, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қоспалардың болуы, өнімді сақтау, тасымалдау, пайдалану немесе тұтыну кезінде зиянды бөлшектерді тастау, газдар мен сәулелер тарату ықтималдылығы.
10. Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе тұтыну кезіңдегі, оны монтаждау, қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, тасымалдау және тұтыну кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшеліктерін сипаттайды.
11. Экономикалық көрсеткіштер сапаның жеке көрсеткіштері жүйесінде ерекше орынға ие. Олардың көмегімен өнімді өңдеу, өндіру және пайдалануға кеткен еңбек шығындары белгіленеді және оның тұтынудың экономикалық әсері есептеледі. Оларға мыналар жатады: бға, өзіндік құн, өнім рентабельділігі және өнімнің негізгі қызметінің абсолютті түрде де, көрсеткіш бірлігі түрінде де пайдалану шығындары.
Сапаның жалпы қорытынды көрсеткіштері, кәсіпорын шығаратын өнімнің жалпы сапасын сипаттайды. Олар-сатудың жалпы көлеміндегі бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнімнің көлемі мен үлес салмағы, жоғары сапалы өнім өткізуден кәсіпорынның алған пайдасы, өнімнің сорты, таңбасы. Сонымен қатар сапа көрсеткіштері абсолютті,салыстырмалы, заттық немесе құндық өлшемдерде бейнеленуі мүмкін.
Сапа деңгейі – салыстырмалы сипаттама. Талданылатын өнімнің сапа көрсеткіштерін үлгі-өнімнің ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру арқылы есептеледі. Үлгі ретінде стандарттар, техникалық шарт, болашақ жаңа бейнедегі үлгі, шетелдңк ұқсас өнім алынады.
Сапаны қалыптастыруға кеткен шығындарға байланысты сапа деңгейі төмендегідей болып бөлінеді:
- өнімнің абсолюттік сапа деңгейі, өнімнің өндірісі толып жатқан экономикадан тыс ұғымдармен, соның ішінде, елдің қорғаныс қабілеттілігін,оның әлемдік нарықтағы беделін қамтамасыз ету шарттарымен, ғарыштық техниканың дамуымен т.б. ықпаламен жүргізілуі мүмкін;
- қауіпсіз сапа деңгейі, мұндай өнімді пайдалану қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі;
- сапаның экономикалық оптимальды деңгейі, яғни өнім өндірісі мен тұтынуға өте аз шығындар жұмсай отырып, қажеттілікті ең жоғары деңгейде қанағаттандыру. Интегралдық көрсеткіш негізінде анықталады. Азаматтық өнімнің көптеген түрлері үшін сапның дәл осы оңтайлы деңгейі қолайлы.
Өнім сапасы көрсеткіштерінің барлық жүйесі кәсіпорынды басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмінде кеңінен пайдалынылады. Көбіне шығарылатын өнім сапасын талдауда, өңдеуге жаңа өнім енгізгенде, болжамдау кезінде, сапаны болашақ және ағымдық жоспарлауда қолданылады.
Өнімнің қайта өңделетін түрлері бойынша үлгімен салыстырғандағы бірлік және кешендік сапа көрсеткіштері кәсіпорынның техникалық деңгейі мен сапа картасында, стратегиялық жоспарда, сонымен қатар, кәсіпорынның техникалық дамуының болашақтағы, ағымдық жоспарында көрсетіледі. Сериялық өндірісте игерілген өнім сапасының фактылық деңгейі стандарттар мен техникалық шарттар талаптарымен салыстырылады, соңында, ол тұтыну сферасында есепке алынады, мұнда кәсіпорынның маркетингтік қызметтері тұтынушылардың сапа көрсеткіштеріне қоятын талаптары мен сұраныстары туралы мәліметтер жинайды. Бұл мәліметтер сапаны қалыптастырудың барлық сатыларында сапа көрсеткіштеріне басқарушылық ықпалдар жасау кезінде негізге алынады.
Мысалы, бизнес-жоспардың “Тауарлар мен қызметтер түрлері” бөлімінде барлық өнім сапа деңгейіне байланысты топқа бөлінеді:
Жоғары сапалы өнім өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ұқсас бәсекелес тауарлардан артық болады. Көптеген жағдайларда бұл негізінен жаңа өнім болып табылады. Мұндай тауарлардың өндірушісі өз пайдасын өнімге өте жоғары баға белгілеу есебінен де, нарықтығы өзінің үлесін арттыру есебінен де елеулі түрде көбейтуі мүмкін.
Бәсекеге қабілетті өнім негізінен сапаның жоғары деңгейіне сәйкес келеді, бірақ осы нарықтағы ұқсас тауарлар арасында орташа сапа деңгейін иеленуі де мүмкін. Соңғы жағдайда тауардың бәсекеге қабілеттілігіне жарнама және сатуды ынталандыру жөніндегі іс-шаралар есебінен қол жеткізіледі және ол, негізінде, баға құруға, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге, жарнамаға, өткізу арналарын таңдауға және т.б. тәуелді болады.
Сапа деңгейі төмен өнімдердің тұтастай алғанда көптеген бәсекелестер өніміне қарағанда бірнеше нашар тұтыну қасиеттері болады. Бұл жағдайда фирманың нарықтық бағыты тұрақты болып қалуы үшін өндіруші мұндай тауарларға бағаны төмендету стратегияларын қолдануына болады.
Сапа деңгейі өте төмен өнімдер әдетте бәсекеге қабілетсіз, не тұтынушысын ешқашан таппайды, не тек өте төмен бағада ғана сатылуы мүмкін. Бұл жағдайда өндірушіге не мұндай өнімнің сапасын көтеру, не нарықта жаңа өнімдерге ауыса отырып, оны өндірістен алып тастау керек.

1.2 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді сертификаттау

Мелекеттік стандарттқа сай, өнім сапасын басқару – бұл өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсатты бағытта ықпал ету және сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, өндіру, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдау.
Өнім сапасын басқару жүйесі эволюциясының ХХ ғасырда бірнеше кезендері болды.
І кезеңде ХХ ғасырдың басында Ф.У. Тейлор сапаның жоғарғы және төменгі шектері, рұқсат етілген аймақ түсініктерін қамтитын жүйені ұсынды, сапа жөніндегі тәуелсіз инспектор қызметін, ақаулы және жарамсыз өнімдер шығаратындар үшін айыппұлдар жүйесін орнатты.
ІІ кезеңде (20-50− ші жылдары) сапаны бақылаудың статистикалық әдістері дами бастады.
ІІІ кезеңде (50-80 жылдары) шетелдерде де, біздің елімізде де алғаш рет фирма ішілік жүйелер пайда болды. Бұл жүйелерде сапаны қамтамасыз ету әдістерін жалпы менеджемент негіздерімен үйлестіру басталды.
Россияда Саратовтың ақаусыз өнім өндіру (АӨӨ) жүйесі, Львовтың ақаусыз еңбек жүйесі, Горьковтің ССАӨР жүйелері сияқты жүйелер кеңінен танымал болды және кәсіпорындарда қолданыла бастады. АӨӨ жүйесінің мәні – әрбір жұмыс орнында технологиялық процесс талаптарын қатан сақтау және өнімдерін техникалық бақылау бөлімі алғаш талап еткен кезден бастап беру болып табылады. Басқару объектісі тек өндірістік саты мен жеке орындаушының еңбек сапасы болып табылады.
Львовтың ақаусыз еңбек жүйесі, ААӨ жүйесі сияқты, ең алдымен, тікелей орындаушылардың жоғары еңбек сапасына бағытталады, бірақ басқару объектісі өнімнің өміршендік циклының кез келген сатысы бола алады.
Горьковтің ССАӨР (сапа, сенімділік, алғашқы өнім ресурсы) жүйесінде негізгі басқару объектісі өндірісті жобалау және технологиялық дайындау сатылары болады, мұнда құрастыру және технологиялық құжаттардың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі керек, ал жаңа өнімнің тәжірбиелік үлгісі ресурстарды сынақтан өткізу негізінде сенімді және ұзақ мерзімді кепілдендірілген деңгейде болады.
Өнімнің өміршендік цикллінің барлық сатысын қамтитын ең кешенді жүйе ӨСБКЖ (өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі) болып табылады, ол 70−жылдардың ортасында Жоғарғы ғылыми-зерттеу институтының стандарттауынан құралған. Бұл жүйе ұйымдастырылған жобалау объектісі болып табылады. Оның негізін кәсіпорындар стаедарттар құрайды.
80 жылдары (IV кезең) өнім сапасын басқару өнімнің өміршендік циклінің барлық сатысында бүкіл өндірісті басқару деп қарастыратын жүйелер пайда болды. Мұндай жүйелерге TQM (total quality management-сапаны жалпы басқару) жүйесі жатады, бұл жүйе 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына негізделген жүйе.
TQM сапаның үнемі жақсаруына, өндірістік шығындардың азаюына және өнімді дәл уақытында жеткізіп беруге бағытталған кешенді жүйе болып табылады. Жүйенің негізі мына принциптер болып табылады:
• өнімнің ақауының болмауы;
• өндірістік емес шығындардың болмауы;
• түтынушыларға өнімді дәл уақытында жеткізіп беру.
TQM негізі – сапаның жақсаруының шегі жоқ.
1987 жылы АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) техникалық комитеті 9000 сериялы бес халықаралық стандарттарына ы дайындады және бекітті, бұл стандарттарыда өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесі, оның ішінде, өнімді өңдеу, өндіру, өнімді сынақтан өткізу мен бақылауларын ұйымдастыру, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптары белгіленген. ИСО 9000 халықаралық стандарттары сапа жүйелері бойынша келесідей бес атаудан тұрады:
1.ИСО 9000. Сапаны жалпы басқару және сапаны қамтамасыз ету стандарттары. Таңдау және қолдану жөніндегі басқару нұсқаулары.
2. ИСО 9001. Сапа жүйесі. Жобалау ненмесе өңдеу, өндіру, монтаждау және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
3. ИСО 9002. Сапа жүйесі. Өндірісте және монтаждауда сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
4. ИСО 9003. Сапа жүйесі. Соңғы бақылау мен сынақ өткізуде сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
5. ИСО 9004. Сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері. Басқару нұсқаулары.
Бұл стандарттардың артықшылығы төмендегілерге бағытталғандығында болып табылады:
- жүйелік тәсілдің сапасын басқаруға қолданылуына;
- сапаның тұтынушыға бейімделуіне;
- өнімнің өміршендік циклінің барлық сатылары бойынша өнім сапасына қойылатын талаптарды тәртіпке келтіруге;
- барлық негізгі қызметтері бойынша сапаны басқаруға;
- өнім сапасына қойылатын нақты талаптарды құжат түрінде дайындауға;
Халықаралық стандарттардың дамушы сипатын, сонымен қатар олардың халықаралық нарыққа шығу кезіндегі реттеуші рөлін ескере отырып, ИСО 9001, 9002, 9003 стандарттары Ресейде тікелей пайдалану үшін қабылданды. Мемлекеттік стандарт оларға сәйкес мемлекеттік стандарттар бекітті.
Кәсіпорынға енгізілетін сапа жүйесі сапа саласында оның нақты қызметінің ерекшеліктерін есепке алу арқылы белгілі бір мақсатқа жету үшін белгілі бір саясат жүргізуді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылыды.
Сапа саласындағы саясат ұзақ мерзімді мақсат түрінде қалыптасады және мыналарды қарастырады:
• кәсіпорынның экономикалық жағдайын қарастыру;
• өнім өткізу нарықтарын кеңейту немесе жаулап алу;
• алдынғы қатарлы фирмалар деңгейінен артық болатын өнімнің техникалық деңгейіне қол жеткізу;
• белгілі бір салалардағы немесе белгілі бір аймақтардағы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бейімделу;
• жаңа қағидаларға сай жүзеге асырылатын функционалдық мүмкіндіктерді, өнімді игеру;
• өнім сапасының ең маңызды көрсеткіштерін жетілдіру;
• өндірілетін өнімнің ақаулылық деңгейін төмендету;
• өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;
• қызмет көрсетуді дамыту.
ИСО стандарттарына сәйкес өнімнің өміршендік циклы 11 кезеңнен (сапа негіздерінен) тұрады:
1. Маркетинг, нарықты іздеу мен зерттеу
2. Техникалық талаптарды жобалау және өндеу, өнімді өндеу.
3. Материалдық-техникалық жабдықтау.
4. Өндірістік процесстерді өндеуге дайындық.
5. Өндіріс.
6. Бақылау, сынақ жүргізу және зерттеу.
7. Орау және сақтау.
8. Өнімді өткізу және бөлу.
9. Монтаж және пайдалану.
10. Техникалық көмек және қызмет көрсету.
11. Сынақтан өткізгеннен кейінгі пайцдалану.
Сапаны басқару жүйесіне әрбір кезең бойынша кәсіпорын стандарттары түрінде дайындалған, өнім сапасының талаптарын реттейтін құжаттар кешені кіреді.
ИСО 9000 стандарттары сапаны басқару жүйесіне спа саласындағы саясаттан басқа, мынадай ішінара жүйелер кіреді:
- сапаны қамтамасыз ету өнімнің өміршендік циклінің әрбіркезеңінің орындалуы үшін қажетті жағдайларды құрайтын және оның сапасына қойылатын барлық талаптардың қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін жоспарланған және жүйеленген түрде жүргізілетін іс-шаралар жиынтығын қамтиды.
- Сапаны басқаруға жоспарлау, реттеу, есепке алу, бақылау, өнім сапасын талдау сияқты басқару функциялары негізінде басқарушешімдерін қабылдау жатады.
- Сапаны көтеру - өнім сапасын жақсарту бойынша үздіксіз жүргізілетін іс-шаралар(1-сурет)
Сапаны басқару жүйесінің өңделген құжаттарында ИСО 9000 стандарттарының талаптары, кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, сонымен ......
07.01.2019
Вернуться назад