DataLife Engine / Экономика | КӘСІП0РЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ

Экономика | КӘСІП0РЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ

Мазмұны

КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. КӘСІП0РЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ
1.1 Кәсіпорынның маңызы
1.2 Кәсіпорындардың меншік формаларына карай түрлері
2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ
2.1 Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерліктің
экономикалық pөлі
2.2 Сатып алушылар алдындағы кәсіпкердің жауапкершілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMI.....


1-ТАРАУ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ
1.1 Кәсіпорынның маңызы
Бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлуі оның оң экономикалық, саяси және әлеуметтік нәтижелер беруіне байланысты. Шағын кәсіпкерлік: 1) бәсекелік ортаны қалыптастырады; 2) рынокты отандық тауарлар және қызметтермен толтыруға мүмкіндік береді; 3) халықты жұмыспен қамтамасыз етед. 2005 ж 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 208409 кәсіпорын тіркелген, оның 93,9% шағын, 5,1% орта 1% ірі кәсіпорын. Меншік формасы бойынша кәсіпорындардың басым бөлігін - 82,7% жеке меншік кәсіпорын, содан кейін 12,7% мемлекеттік кәсіпорын және 4,6% шетел кәсіпорындары құрайды. Шағын кәсіпорындардың 36% сауда саласында, 13% мүлікпен операция жасау саласында, 9,8% құрылыста, 8% жуығы өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейді. [148;16 ]
Қазақстан Республикасында нарықтық, қатынас жағдайында әрбір кәсіпорын:
1. Нарықтық конъюнктураға сүйене отырып, өз алдына өз жұмысын
жоспарлайды және даму перспективаларын белгілейді. Жоспарларының
негізін тауар (жұмыс, қызмет) тұтынушылармен жасалған келісімдері
құрайды.
2. Өз өнімдерін (жұмыстары, қызметтерін) және өндірістің
қалдықтарын өз бетінше немесе келісім негізінде белгіленген бағдар мен
тарифтер бойынша таратады, ал кейбір жағдайда заңнама бойынша
бағаны реттеу немесе белгілеуді мемлекет атқарады.
ҚР Азаматтык кодесінің 385 бабында былай жазылған:
1) Шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген бaғa
бойынша төленеді. Заң актілерінде көзделген жағдайда оғaн уәкілдік
берілген мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға
(тарифтер, бара қою, ставкалар және т.б.) қолданылады.
2) Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң актілерінде
көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң актілерінде белгіленген
тәртіп бойынша жол беріледі.
3. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелеін негізге
ала отырып, оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау
шартты жасау кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты
тауарлар, жұмыс немесе қызметтер үшін алынатын баға бойынша
жүргізілуге тиіс деп есептеледі.
Қаржы ресурстары мынадай көздердің есебінен кұралады:
табыстап, амортизациялық (кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың) бағалы қағаздарын, пай және басқа жарналарын сатудан тускен қаражаттан, сондайақ, несиелерден және басқа заңды түсімдерден.
4. Несиелік шарттардың және есептесу-каржы тәртібінің сақталуына ҚР және халықаралық заңдарға сәйкес толық жауаптылық көтереді.[47;9 ]
ҚР Азаматтық кодексінде, "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" және басқа заңдарда:
-меншіктің көптүрлі формалы жағдайында кәсіорындарды
кұрудың жалпы құқылық нeгізгі белгіленген;
-кәсіпорындардың ұйымдық-құқылық формалары, олардың
жұмыс ерекшеліктері бекітілген;
кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен жауапкершіліктері
aйқындaлғaн;
Акционерлік қоғамдарды қаржыландырудың көздері аударудан, еңбек ұжымының


Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10, 11 баптарының, 1-5 тармақтарында Қазақстандағы кәсіпкерлік кызметтің жүзеге асырылуының жалпы құқылық ауқымы айқындалған.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік тұнғыш рет Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 10 бабының, I тармағында заңмен бекітілген: "Kәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды ттұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығынa (мемлекеттікк кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, онын, теуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады". [139;16 ]
Мыналар кәсіпкерлік қызметтердің субъектілері болуы мүмкін:
-әрекет қабілеті заңда белгіленген тәртіпте шектелмеген
-Қазақстан Республикасының азаматтары;
-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
өкілеттіктер шегінде шет мемлекеттердің азаматтары мен
азаматтықтары жоқ адамдар;
-азаматтар бірлестігі — ұжымдық кәсіпкерлер (әріптестер).
Кәсіпкерлік мәртебесі мемлекеттік тіркеу және реестрге кіргізілуі арқылы беріледі. Реестр — фирмалардың атаулары, олардың жұмыс бағыттары, жеке жауапкершіліктері бар серіктестіктер мүшелерінің фамилиялары, фирманың жеке капиталы туралы мәлімет және басқадай деректер жазылған есеп жүргізу кітабы.
Кәсіпорынды басқарушы субъекті мен меншік иeci арасындағы қатынас жақтардың өзара міндеттемелерін, мүлікті пайдалану және қызметің кейбір түрлерін жүзеге асыру ҚҰҚЫҒЫН шектеуді, жақтардың қаржылық, өзара қатынастары мен материалдық жауапкершілігінің тәртібі мен жағдайларын, шартты бұзұдың, негіздері мен жағдайларын белгілейтін шартпен (кепісіммен) реттеледі; кәсіпорын кәсіпорын мүлік

басқарушымен шарт жасасқаннан кейін, шартта, кәсіпорын жapғыcындa және ҚР заңнамасында көзделген жағдайлардан өзге реттерде, кәсіпорын қызметіне араласуға құқығы жоқ.
Кәсіпорынның банкіде есеп айырысатын ез есепшоты, мөрі болуы тиіс, сондай-ақ, ол өр текті операциялар жасап, мәмлелер жүргізе алады. Бұл жaғдaйдa ол басқа кәсіпорын немесе мемлекет қаражаттары есебінен де немесе ез бетінше де өмip сүре алады. Ocыған байланысты кәсіпорын әртүрлі дербестік алады. Бірінші жағдайда біз жедел шаруашылық жүргізудегі дербестік туралы, ал екінші жағдайда кәсіпорынға тұрақты қаржылық жағдай жасайтын оның экономикалық дербестігі, ТИІМДІ қызметі туралы айтып тұрмыз. Экономикалық дербестігінің қалыптасу басы болып кәсіпорының өз алдына шаруашылықты-оперативті единица немесе заңды тұлғa түріндегі бөлінуі саналады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33 бабында заңды тұлғаның ұғымы былай берілген: "Меншік, шаруашылық жүгізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мулікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан муліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тулғаның дербес балансы немесе сметасы болуга ТИІС. Заңды тұлғаның өз атауы жaзылғaн мөpi болады".
Заңды тұлғa болып тіркелу үшін кәсіпорынның төмендегідей белгілері болуы керек:
1. ұйымдық тұтастығы. Бұл, нақтылап айтканда, құрылтай
кұжаттарында өзінің ішкі құрылым жене басқару тәртібі бекітілген
ұйымдасқан ұжым.
2. Жекеленген мүлік. Кәсіпорынның негізгі және айналым
қаражаттардан тұратын меншік мүліктері болады, ол өз алдына мүлік

иеленіп, оны есепке алады, пайдаланады, сатады, жарамсыз деп табады, мүлікке салық төлейді.
3. Мүліктік жауапкершілік деген - Заңда көрсетілгендей кәсіпорын өз
міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
4. Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу. Кәсіпорын, кәдімгі адам
секілді таныйтындай, басқа кәсіпорындардан айыра алатындай болуы
керек. Сол мақсаттар үшін кәсіпорынға ат (атау) береді, сол атпен ол
мүліктік және жеке мүліктік емес құқыққа ие болады және одан айырады,
міндет алады, сотта, төрелік сотта және аралық сотта талапкердің және
жауапкердің рөлін атқарады.
1.2 Кәсіпорындардың меншік формаларына қарай түрлері.
Кәсіпорын ең алдымен қайбір жеке меншік түрінің басымдылығына қарай - қоғамдық немесе жекеменшік болып екі типке бөлінеді.
Бірінші тип. Мемлекеттік кәсіпорын. Олардың ЖИЫНТЫҒЫ экономиканың қоғамдық секторы болып саналады.
Екінші тип. Серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, аралас кәсіпорындарды, кооперативтерді жеке иелену. Олар экономикалық жекеменшік секторын құрайды.
Экономиканың жекеменшік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бipey немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкерштілктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.
Жауапкершілік шектеулі және шектеусіз болып келеді.
Шектеулі жауапкершілік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзi қосқан қаражат мөлшерінде
жауапкершілік көтереді дегенді білдіреді.

Шектеусіз жауапкершілік — кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортакқ жауапкершілікте болады дегенді білдіреді.
Айталық, екі адам ортақ кәсіпорынға 100 млн. теңгеден салды делік. Сонда кәсіпорынның жалпы кұрылған капиталы 200 млн. теңге кұрайды. Егер кәсіпорын несие берушлер aлдындaғы 300 млн. теңге көлеміндегі міндеттемелері бойынша банкрот болса, онда жауапкершілігі шектеулі әpбip қасиеттерлер қарыз міндеттмелерін 100 млн. теңгеден, яғни өздері қосқан мөлшерде ғана жабады. Ал шектеусіз жауапкершілік жағдайында екі ортақтас 300 млн. теңгелерімен қоштасып қала береді Егер бipeyi 100 млн. теңге ғана төлей алса, онда соры қайнаған кісіпорынның екінші иегеріне 200 млн. теңге төлеуге тура келеді.
Дербес (отбасылық) жекеменшік кәсіпорын азаматтардың өз меншктеріне негізделген. Оның иeci болып табыстың бәpiн алатын және шаруашылық қызметтің нәтижелеріне орай барша тәуекелді көтереін бip отбасы (біp тулға) саналады.
Артықшылығы: таза табысты бөлісу жөнінен ыңшың жоқ, салық салу жүйесі оңай, жеңілдіктер болуы мүмкін.
Kемшілігі: бастау капиталының мөлшері мердымаз, банктен несие алу, ауқымды icтi бастау қиын.
Толық серіктестік мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Cepiктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтін нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктеріменен толық жауапкерштілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша cepіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сэйкес бөлінеді.
Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы кысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында кipiciп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.

Кемшіліктері: таза табысты болу кезіде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Коммандитті cepiктестік үлестік меншікке негізделген. Коммандитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандистер) және мінтдеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлікмен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.
Артықшылығы: басқаруға қатысы жоқ, бipaқ өз капиталы болғанды қалайтындарды серіктестікке тартуға болады. Мысалы, зейнеткерлік жастағы немесе кәсіпкерліктің басқа түрлерімен шұғылданып жүрген адамдарды.
ҚазаҚстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес (77-84 баптары), сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер кұруға болады.
Ашық және жабық акционерлік қоғамдар.
Ашық акционерлік қоғам — бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіpy жолымен ақшалай қаржысы құрылған кәсіпорын. Акцияның иеci болып — мемлекет, кәсіпорын, ұйым секілді заңды тұлғалармен бipгe жеке азаматтар да бола алады.
Кәсіпорынның міндеттемелері мен ШЫҒЫНЫ жөнінен акционерлердің (кәсіпорынның қасиеттері) қаржылық-экономикалық жауапкершілігі олардың қоғам капиталына салған ақша мөлшерімен шектелінеді.
Акционерлік қоғамның бағыты мен қызметінің өзгешелігі әртүрлі болуы мүмкін, жалпы мақсаты - таза пайдаға кенелу болып табылады.
Жабық акционерлік қоғам - акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын-ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі.
Кәсіпорындардың басқа да формалары бар. Мысалы, венчурлық (тәуекелшіл) кәсіпорын. Ол экономиканың ҒЫЛЫМДЫ көп қажет ететін

салаларында ҒЫЛЫМИ зерттеу, инженерлік талдау, маңызды жаңалық жасау және оны өндіріске ендіру жөнінен мамандандырылған шағын кәсіпорын.

2-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ
2.1 Қазақстан Республикасының шағын кәсткерліктің экономикалық рөлі
Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы:
1. айырықша қажеттіліктерді (ксерокөшірме, бала тәрбиелеушілер
қызметін сәлемдемелерді жеткізу қызметін құру және т.б.)
қанағаттандыру мүмкіндігі;
2. өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі;
3. жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдерін мақұлдау мүмкіндігі.
Баршаға белгілі, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш мақсаты бар: өнімдер мен кызметтерді өндіру көлемін ұлғайту; халықтың жұмыспен қамтылуын күшейту; салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке түсуін көбейту.
Алынған статистикалық eceпті талдаудың көрсетуіне Қарағанды 1997 жылғы республикадағы шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтін адамдардың саны оншалыкты өспеген. 1996 жылдық соңында 21,2 бірлік болса, 1997 жылдың аяғында - 21,9 болған. Күшіндегі заң бойынша шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.[109;5]
Шағын кісіорындардың кейбір салаларындағы кызметтерді экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда статесеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, ......
03.01.2019
Вернуться назад