DataLife Engine / Экономика | Кәсiпорынның қаржысының жағдайын бағалау

Экономика | Кәсiпорынның қаржысының жағдайын бағалау

Мазмұны

Кiрiспе……………………………………………………… 3
Кәсiпорынның қаржысының жағдайын бағалаудың көрсеткiштерi мен даму теориясы
Кәсiпорын қаржысының басты мақсаттары……………… 5
Кәсiпорын қаржысындағы - менеджменттiң ролi………... 8
Ресей кәсiпорын қаржысының механизмiнiң ерекшелiктерi……………………………………………….10
Кәсiпорын қаржылық жағдайын, қаржылық
бағалауын талдау
Жалпы кәсiпорын, шағын кәсiпорын түрлерiн
қарастыру және ондағы жұмысшылар саны мен жалақысын талдау………………………………………….. 13
Шағын кәсiпорынның тұрақтылық қаржылық
жағдайға жету үшiн кәсiпорын стратегиясы……………...17
Кәсiпорынның қаржылық тұрақты болуының
шешу жолдары
Кәсiпорынның қаржылық жағдайындағы басты
мәселе – банкрот…………………………………………… 21
Осы мәселенi шешу жолдары…………………………….. 25
Қорытынды…………………………………………………. 27
Қолданған әдебиеттер……………………………………… .....


1.Кәсiпорынның қаржысының жағдайын бағалаудың
көрсеткiштерi мен даму теориясы

1.1. Кәсiпорын қаржысының басты мақсаттары

Нарықтық қатнастары жағдайында кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсiпорындардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық серiктестер және де басқа контроагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауап кершiлiкте боулымен байланысты.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау жөнiндегi сұрақтарды қарастырмас бұрын "қаржылық жағдай" дегенiмiз немесе "қаржылық жай-күй" дегенiмiз не, соны анықтап алған жөн. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы кәсiпорынның қалыпты өндiрiстiк, коммерциялық және басқа да қызмет түрлерi үшiн қажеттi қаржы ресурстармен қамтамасыз етiлуiмен және оларды мақсатқа сай, тиiмдi тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектiлерiмен қаржылық қарым қатынаста болу, төлеу қаблеттiлiгi және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсiпорынның уақтылы төлеу мүмкiндiгi оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетедi. Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестiрiлiп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткiштер жиынтығы.
Кәсiпорындар қаржысы - қаржы жүйесiнiң маңызды сфераларының бiрi ретiнде құн түрiндегi ЖIӨ жасау, бөлу және пйадалану процестерiн қамтиды. Кәсiпорындар қаржысы деп - өндiрiстiк капиталдарды қалыптастыру, өнiм өндiрiп, оны өткiзу, меншiктi қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерiн тарту, оларды бөлу және пайдалану процесiндегi экономикалық қатнастарды айтады. Олар негiзiнен ЖIӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндiрiс сферасында iс-әрекет етедi. Сондықтан кәсiпорындар қаржысы материалдық өндiрiс кәсiпорындар қаржысының мазмұны мен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бiрдей болып келедi. Кәсiпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажеттi қағидаты - басқарудың барлық деңгейлерiндегi қаржы резервтерiнiң болуы. Қаржы резервтерi әр түрлi әдiстермен өндiрiстiк және әлеуметтiк қорлардың мөлшерiне пайзбен (%), пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша ааударымдар арқылы жасалуы мүмкiн. Кәсiпорындардың қаржысын ұйымдастыру - кәсiпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әр бiр қатысушының мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталды. Кәсiпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары, өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлi түрлерi, мүлiктiк құқықтар түрiнде жүзеге асырады. Табыс-төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрлiше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздiң кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсiмi мен материалдық құндылықты алуды көрсетедi. Кәсiпорынның табысы олардың активтерiнiң артуы немесе капитал меншiгiнiң көбеюiне әкелетiн мiндеттемелердiң кемуi. Кәсiпорынның жалпы табысына ақшалай түсiм тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетiн ақшалай түсiм, атқарылған қызметтен, мүлiктiк бағалылықты сатудан, несие берiлгендегi алынатын тиiстi проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсiмдер жатады. Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектiлердiң қарамағына заңды түрде тiкелей түсетiн ақшалай салаларын айтады. Табыс алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметi. Бұл сұраныстың қажетiне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегi табыстардың түрлерiн айыруға болады:
1.Жалпы табыс (ЖТ) - тауарлардың белгiлi мөлшерiн сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшерiне көбейтуге тең.
2.Орта табыс (ОТ) - жалпы табысты өнiм өлшемiнiң мөлшерiне бөлу (К)
ОТ= .

3.Шектi табыс (ШТ) - бұл өнiм өлшемiн сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуi.

ШТ= .

Кәсiпорын табыстарын көбейту әдiсi ретiнде бағалар стратегиясын үлгiлеудiң 3 кезеңдерi бар:
1 кезең: Жабу сомалары әдiсi арқылы бағаны есептеу.
2 кезең: Баға сызбаларын есептеу және жазу.
3 кезең: Тiк және көлденең дифференциялдық өзара байланысты бағалар жүйесiн есептеу. Бұл кезеңдер кәсiпорын үшiн тиiмдi болады, себебi көлденең дифференциалау нарықтың түрлi сегменттерiнде тауардың бiр түрiне түрлi бағалар ұсынады, ал тiк дифферециалауда шығында мен пйаданың бар сомасы тауар түрлерi бойынша түрлi мөлшерде таратылады.
Табысты көбейту үшiн табыс пен кәсiпорынның қаржылық жағдайын жақсару үшiн айналым уақытын төмендету бойынша шаралар қолдану керек. Бұл табысқа және кәсiпорынның қаржылық жағдайына оң жағынан әсер етедi.
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелер қызметiнiң негiзгi мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретiнде құрылған материалдық өндiрiс саласының таза пайдасын қамтиды. Әрбiр кәсiпорынның жиынтық көрсеткiшi пайда түсiмi болып табылады. Пайда дегенiмiз - тауар өткiзуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кiрiс пен оны өндiруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Пайда - бұл өндiрiстiң айналылымының қаржылық қорытындысын бiлдiретiн кәсiпорын қызметiнiң нәтижелi экономикалық көрсеткiшi. Пайда баланстық және есептеулiк болып бөлiнедi. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:
1.Тауарлы өнiмдердi сатудан түсетiн пайда.
2.Тауарлы өнiмнiң құрамына жатпайтын басқа өнiмдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян.
3.Сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйақылар және т.б. Пайда жоспарлы бағалар мен келiсiм-шарттар, салыстырмалы және қазiргi қолданылып жүрген бағалар негiзiнде жасалады. Пайда көлемiн анықтау тiкелей есептеу немесе талдау әдiстерiмен жүргiзiледi. Пайданы тiкелей есептеу әдiсiмен анықтау - өнiмнiң әрбiр жеке түрлерiн көтерме бағамен есептегендегi сатудан түсетiн ақшалай түсiм және оның өзiндiк құнының арасындағы айырмасы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Кәсiпорынның пайдасы әр түрлi қызмет есебiнен алынуы мүмкiн. Барлық пайданың жиынтық деңгейi - кәсiпорынның жалпы пайдасы. Кәсiпорынның пайдасы 2 көрсеткiшке байланысты: өнiм бағасы және оны өндiруге кететiн шығындар. Нарықтағы өнiм бағасы-сұраныс пен ұсыныстың өзара iс қимылының нәтижесi.


Пайданың түрлерi және оның есептеудiң әдiсi
Жалпы пайда+ Жалпы табыс - Өндiрiс шығындары
Экономикалық пайда = Жалпы табыс - Барлық ресурстардың экономикалық шығындары
Бугалтерлiк пайда + Жалпы табыс - Оның шығындары
Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлiк пайда - Өндiрiстiң анық шығындары
Таза пайда= Жалпы пайда - Салықтар, мiндеттi төлемдер
Қалыпты пайда= Капиталға нормативтi қайтарым - Кәсiпкерлiк табыстың мөлшерi
Шаруашылық пайдасы= Қалыпты пайда - Экономикалық пайда
Шектi пайда= Шектi табыс-Шектi шығындар

Пайда өнiдiс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру қорын жасау және пйадалану үдерiсi кезiнде кәсiпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелерiнiң арасында. Сонымен бiрге мемлекеттiк кәсiпоырндар мен жеке кәсiпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатнастардың белгiлi бағытын бiлдiредi. Өндiрiстi басқарудың жаңа жағдайында iшкi шаруашылықтың күрделi қаржыны қаржыландырып негiзгi табыстарды құру және өзiндiк айналмалы құралдарды толықтыру iсiнде бюджеттiк қаржы емес, кәсiпорынның өз табысы негiзгi қаржылық көзге айналады. Жоспарлы пайданың жалпы мөлшерiн кәсiпорындардың өздерi белгiлейдi. Кәсiпорындар пайдасының жалпы мөлшерiне мыналар жатады: олардың өнiмдерiн сатудан түскен пайда, көмекшi қайта өңдейтiн өндiрiстен және олардың салаларынан, қызмет көрсетуден алынатын кiрiс, сатуға жатпайтын кiрiстер.


1.2.Кәсiпорын қаржысындағы - менеджменттiң ролi
ҚР-да өтiп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамытудың бiрден-бiр маңыз бағыттарының сипаты ретiнде қаржы менеджмент үлгiсiн қосады. Ол бiздiң елiмiзде жаңа экономикалық қатнастарды және әлеуметтiк-экономикалық процестердi басқарудың жаңа жүйелерiн пайдалануға үлкен себебiн тигiздi. Қазiргi жағдайда кәсiпорындар басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не өндiру, қалай және кiм үшiн - бұл сұрақтарды олардың өздерi де дербес шешудi қажет етедi. Қаржы менеджменттi нарықтық жағдайдағы экономикалық ынталандырудың әдiстерiн, әр түрлiлiк принциптерiн қолдану, материалды, қаржыны, ақпаратты және ресурстарды оңтайлы пайдалану негiзiнде шаруашылық эмiрiндегi қол жеткiзуге бағытталған басқарудың ерекше түрi ретiндегi экономикалық дербес субъектiсi деп түсiндiруге болады. Ағылшын тiлiнiң Оксфордтық сөздiгi менеджменттiң 4 аталымын бередi:
1. Адамдардың өзара қатнаста болуының үлгiсi, тәсiлi.
2. Басқарудың өнерi мен билiк.
3. Әкiмшiлдiк дағдылары және бiлудiң ерекше түрi.
4. Басқару органы, әкiмшiлiк бiрлiгi.
Менеджменттiк қызмет-бұл кәсiпорындарды жұмыс iстейтiндердiң еңбегiне, ақыл-парасаттарына, адамдардың мiнез-құлықтары уәждерiне сүйене отырып алдына қойған мақсаттарын iс жүзiне асыруды ұйымдастырады. Отандық менеджменттiң басты негiзi - адам ресурстары және кәсiпкерлiк қызметi болып табылады. Сондықтан да, оның басты мiндетi - ақпараттың, бiлiмнiң, тәжербие мен өндiргiш күштердiң жаңа ережелерiн жасау. Менеджмент жүйесiнде көптеген түрлердi бөлуге болады:
1. Өндiрiсiтк менеджмент.
2. Кадрлық менеджмент.
3. Инновациялық менеджмент.
4. Ақпарат менеджментi.
5. Қаржы менеджментi.
6. Сауда менеджментi.
7. Маркетинг менеджментi.
8. Салық менеджмент.
9. Халықаралық менеджмент.
Менеджменттiң бернесi - бұл басқарушылық қызметтiң нақтылы түрi, арнайы қабыл алу және тәсiлi, сол сияқты тиiстi жұмысты ұйымдастыру, қызметтi бақылау арқылы жүзеге асырылады. Мiне6 осыдан, басқару мазмұнының негiзгi құрамдас компонентiнiң бiрi-берне болып табылады. Яғни сол немесе басқа да жай жұмысты бiршама орындау үшiн не керек. қорытындысында iстi, қалай ұйымдастыру, уәждемелеу және оның орындалуын бақылау керектiгiн күнi бұрын анықтауды қажет етедi. Мұны басқару, бернесi деп атауға болады. Менеджменттiк берне-өндiрiс факторларын пайдалану, жаңа өнiмдер мен технологияны енгiзу жөнiндегi шешiмдердi ұйымдастыру және орындауды абылдаудан тұрады.
Берне - басқарудың объективтi құрылуы, ұғымды, қалыптастыру және басқарудың берне құрылымының жүйелi тәсiлiнен тұрады. Басқарудың әрбiр бернесi одан әрi саралауға тап болуы мүмкiн. Мына кестеде бiрден-бiр мүмкiн болатын нұсқалар шамаланады:

Басқару бернесiн сыныптау
Басқару сатысы Басқару бернесi
Басқарушылық шешiмдi қабыладу Болжау
Қабылданған шешiмдi iске асыру Жоспарлау ұйымдастыру
Бақылау Ілестiру және реттеу жандандыру және ынталандыру есеп. Талдау.

Берненiң құрамы - мiндетi ақпараттың өзiнiң құрылымы басқару объектiсiнiң ерекшелiктерiмен анықталады. Объектiнiң ерекшелiгiне байланысты, сол сияқты жалпы басқару объектiсiнiң бернелерiмен апараттың кейбiр буындарының берне-мiндеттерiмен бөлiнедi:
1. Өндiрiстiң техникалық дайындығы.
2. Қызмет көрсетудiң бiрнеше түрлерi.
3. Өнiм сапасын бақылау.
Менеджмент - бұл нарықтық экономикалық қалыптасуы, кәсiпкерлiктiң дамуы заңды тұлғалар қызметiн жандандыру үшiн нақтылы жағдайлар жасауы кезiнде тек бiр уақытта пайда болатын инновациялық ғылым кешенi Отадық менеджменттiң негiзi адамдар мен кәсiпкерлiк қызмет болып табылады. Менеджмент кадрларды қалыптастырады, адамдар арасындағы қатнастар жүйесiн белгiлейдi. Осыған орай, менеджменттiң тағы бiр басты мiндетi - ызметкерлердiң дамуына ықпал ету, оқыту және олардың өсуiне кепiлдiк беру. Менеджменттерге басшылық мiндеттерiн орындау үшiн оларға түпкiлiктi және көбеюшi, яғни артушы талаптар қойылады. Сондықтан да, басшы қызметкерлердiң ынталы жүйелерiн жете зерттеудi қажет етедi. Менеджменттiң мiндетi мен бернесi тек ерекше мамандар санаты қызметi арқылы iске асырылады. Мұны менеджлер деп айтуға болады.
Менеджер - бұл басқарушылық қызметпен айналысатын кәсiпкер маман. Қаржы менеджментi ұғымы- тиiмдi пайдалану мақсаты мен кәсiпорынның ақша ағынының, кәсiпорынның бүкiл қаражатының қозғалысы механизмiн басқару жүйесi жатады. Кәсiпорындарда қаржы менеджменттiң объектiлерi мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжыйтын мүлiк, мүiлктiк құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат. Сөйтiп кәсiпорындардың қаржы менеджментiнiң шеңберi нарықтық факторлармен анықталады. Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi кәсiпорынның қаржылық жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын, оның рыноктағы жағдайын сипаттау үшiн қажет. Қаржы менеджментi кәсiпорнынның қаржылық қамтамасыз етiлуiнiң тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң мақсаттары үшiн оның ағындарын басқаруға мүмкiндiк бередi.
"Менеджер" дегенiмiз - ұйымдастыру және басқару жөнiндегi шаруашылық дербестiгi бар iскер адам өз iсiн егжей-тегжейлi бiлетiн мамандарылған басшы. Менеджер адам қаржы және басқа да ресурстарын көп өнiмдiлiкке жеткiзедi. Менеджерлiк әрекеттiң қорытындысы алға қойылған мақсатқа жетумен бағаланады. Қандай да салада жұмыс iстемесiн әр бiр менеджердiң жұмысында 5 базалық операция болады:
1. Мақсатты белгiлейдi. Ол мiндеттiң әр бiр тобын анықтайды және оны мақсатқа жету үшiн не iстеу керек екенiн шешедi.
2. Менеджер жұмысты ұйымдастырады. Ол әрекет түрлерiн, шешiмдi, қатынасты, қойылған мақсатты iске асыру үшiн қажеттiлiкке талдау жасайды.
3. Менеджер мотивация мен коммуникация қолдайды. Ол түрлi жұмыстарға жауапкершiлiктi адамдардан өзiнiң құрамын жасақтайды және де мұны ерекше әдiс, жәрдемiмен жалақы жөнiнде жұмысқа тағайындау, қызметке жоғарылату арқылы және көптеген басқа да түрлi шешiмдердi кадрлар арқылы шешудi ұымдастырады.
4. Менеджерлiк қызметiндегi өлшеу. Ол өлшеу бiрлiгiн белгiлейдi, әр бiр адамның өзiне тән көрсеткiшi болуын қадағалайды, бағалайды және нәтижесiне назар аударады.
5. Ол өзiмен бiрге адамдардың өсуiне жағдай жасайды. Аталған еңбек өнiмнiң сапасы ұйым мүшелерiнiң өсуiне қолда бар мүмкiншiлiктi қамтамасыз етедi.
Сонымен, отандық тиiмдi менеджердiң негiзгi сапалылығы - жоғары кәсiпқойлық жаңалықты қолдаудағы iскерлiк және жетiлдiрудi көтермелеу, қызметкерлердiң жақсы жұмыс iстегенi үшiн мадақтау және тиiмдi топталған пiкiр сайысын өткiзу т.б. болып табылады.

1.3.Ресей кәсiпорын қаржысының механизмiнiң ерекшелiктерi
Ресей кiтаптарында кәсiпорын қаржысына мынандай анықтама бередi. Кәсiпорын қаржысы - ақша қозғалысынан пайда болатын экономикалық ақша қатнастар. Ресейдегi кәсiпорын қаржысы - кәсiпорын қаржысын басқару механизмiне байланысты болып келедi. Кәсiпорын қаржысының механизмi - экономикалық заңдардың талабына сай мемлекетпен құралған кәсiпорын қаржысын ұйымдастыру жүйесi. Кәсiпорын қаржысын басқару механизмi көмегi арқлы өзiн-өзi, қаржыландыруға және керектi ақша қорлармен қамтамасыз етуге жетедi. Оны төмендегi кестеден көруге болады.
1991 ж. КСРО ыдырағаннан кейiн Ресейде Қазақстан сияқты нарыққа көше бастады. Нарық талабына сай кәсiпорын қаржысын ұйымдастырды, құрды, кәсiпорынның қаржысының тұрақты болу жолдарын зерттедi. Кәсiпорын қаржысын айтқанда ол барын қамтиды: жалақы, пайда, табыс, импорт, экспорт. Соның iшiнде Ресей кәсiпорындарында жұмыс iстейтiн ......
03.01.2019
Вернуться назад