DataLife Engine / Тарих | Жапониядағы самурайлардың салт – дәстүрінің өзектілігі

Тарих | Жапониядағы самурайлардың салт – дәстүрінің өзектілігі

Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................
Негізгі бөлім.
1.Жапониядағы әскери дворяндар..................................................
2. Жапонияның қоғамдық-саяси дамуы..........................................
3. Жапониядағы самурайлар этикасының кодексі және салт – дәстүрі......................................................................................
Қорытынды ..........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................
Сілтемелер тізімі.................................................................................
Қосымша материал (карта).............................................................

Кіріспе.
Самурай (жапония самурай-қызмет ету)- Жапониядағы ірі князьдар мен ұсақ дварияндары қамтитын феодалдық топ, Самурайдың шағын және әрдайым жиі қолданылатын мағнасы – ұсақ дворяндардың әскери феодалдық сословиесі. Самурайдың ерекше сословие ретінде бөлінуі Жапонияда Минамото феодалдардың үйі билік құрған (1192-1867) кезіне саяды. Саловейдің сословиесі өзінің нақты анықтамасын Жопонияда Токугава феодалдар үйі сегундары билеген кезде алды. Феодалдар өзара соғыстар тоқталғаннан соң Самурайдың әскери отряды негізінен шаруалар көтерілісін басуға пайдаланды. Самурай Сословиесінің ыдырауы 18 ғасырдың орта шеніненде елең алады. Самурайлар сословиесі 1872 жылы таратылады.
Басқарушы феодал класы Токугавада бірнеше топқа бөлінеді. Ерекше топ-кугэсарай маңындағы ақсүйектер, император астанасы Киото тұтастырды. Кугә формалды түрде ерекше пұрсатты жағдай орын алғанымен өздерінің жеке меншік жерлері болмады. Император секілді олар сегундардан еңбек ақы алып отырды. Әскери дворяндық өкілдер «әскери үйге» қатысты «букэ» самурай сословиесін құрады. Самурайдың негізгі массаның сегуанның достығы, даме және хатамота құрады. Самурайладың көбінде өз жерлері болмаған. Самурай ерекше рухта тәрбиеленеді. Олардың бағыты самурай намысының ерекше кодексісен регламентацияланған.
Самурай Сословиесінің ыдырауы 18 ғасырдың орта шеніненде елең алады. Самурайлар сословиесі 1872 жылы таратылады. ХІХ ғасыр олардың өз өзіне қол жұмсау ұлттық ерекшелігі сэппуку, харакпри толық дамып қаза тапқан мырзасының соңынан өз еркімен аттану модаға айналған. Ерлікпен із қалдыру доктрині бойынша қимылдаған самурайлар сонымен қатар ұрпақтарын аталарының даңқына дақ келтірмейтіндей етіп тәрбиелеп отырған. Самурайлар құдайға сеніп, соғыстағы жолының болып болмауы солардың қолдарында деп түсінген. Удзигами құдайы ұрпақты қолдайтын құдай ретінде жоғары саналған.
2.1. Жапониядағы әскери дворяндар.
ІХ – Х ғасырларда жекелеген адамдарға берілген мемлекеттік жерлердің сол адамдардың жеке меншігіне айналу процесі кең өріс алды. Ол жерлердегі шаруалар жекелеген феодалдардың басыбайлы шаруаларына айнала бастады. VIII ғасырдан бастап үсктем таптың ішінде үш топқа бөлінушілік байқала бастайды. Бірінші топқа астаналық үлкен қызметтегі феодалдар кірсе, екінші топқа – аймақтардағы (провинция) мемлекеттік аппараттта үлкен қызмет атқаратын феодалдар кірді. Үшінші топ провинциядан ешқашан шығып көрмеген пжергілікті, төменгі ақсүйектерден шыққан феодалдардан тұрды.
Біріншілері сонау VII ғасырда Сумэреги үйінің жеңісіне үлес қосқандар болатын. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы Накатоми әулеті болды. Бұл әулет атам заманнан бері діни басшылықпен байланысты болатын, сол себепті бүкіл елдің алдында беделі өте жоғары болатын. Бұл әулиеттің басшысы Каматари VII ғасырдың ортасында үкіметтің саясатын жүзеге асырушы белсенді, елдегі ең беделді адам болды. Фудзивара деп атанған оның ұрпақтары бұл бедел мен ықпалды сақтап қалып, үкімет билігіндегі ең көрнекті қызметтерді өз қолдарында ұстады.[1]
Астаналық ақсүйектер материалдық базасы – жер иеленудегі артықшылықтар болды. Олар рангысы үшін берілген жерлерден табыс тауып тұрды. Сондай – ақ олар қазынадан да маусымдық қаржы алып отырды. Бұл әскери жеңістерді ірі жер иеліктері мен үлкен саяси қызметтті алып қалуға пайдаланып отырған топ болды. Өткен жүз жылдықта, жай болса да, өндіргіш күштері, қалалар өсті. Крестьян көтерілісі феодалдарды өздерінің күштерін қосуға итермеледі. Орталық тенденцияның ңығаюына еуропалық колондатор жағынан қауып қатер мүмкіндігін туғызды.
Феодалдық Жапонияда император күшінің өзіне қарасты жайы болды. Класстық қоғамға көшу периодта пайда болған Жапон императорының династиясы Микадо немесе Тенно титулын алған және де өткен жүзжылдықта өзінің ресми жағдайын сақтап қалған синтоизм (синто-құдай жолдары)- микадонның құдай тегі туралы сенімді қосты. Олар Аматерасу күн құдайының жақын тектері деп есептелді. Бірақ император күші таза номиналдық характер болды.[2]
Феодалдардың екінші тобы жергілікті әкімшілікте шоғырланды. Олар губернаторлар мен олардың орынбасарлары көмекшілері болды. Алғаш бұл топ бірінші топпен тығыз байланыст ыболып еді. өйткені жергілікті әкімшілікке де сол астаналық аристократияның өкілдері тағайындалатын. Жергілікті әкімдердің күшейіп кетпеуі үшін оларды әрбір 3 жыл сайын ауыстырып отырды. Бірте – бірте жергілікті әкімдер өз орындарында көбірек отырып қала беретін болды. Тіпті өз қызметтерін әкеден балаға мұра ретінде қалдыра бастады.
ХVІІ ғасырдың басында Иэясу Токугава барлық Жапониядағы дербес елдерді басқарып тұрған князьдарды өзіне қаратты және сегунның мұрагерлік титулын-басқармашылық бүтін титіл; тайсегун – «ұлы қолбасшы» - алды.
Сол уақыттан бастап 250 жылдай Жапония Токугава сегунаты династиясымен басқарылып отырды.[3]
Сегун елдің шексіз қолбасшысы болды. Сегун мемлекеттік міндеттердің барлығын шығарып отырды және оған мемлекеттік жұмысты атқару үшін императордың разышылығы керек емес. Токугава былай деді: «Төрт көлдің арасындағы жер тыныш болмаса, оған кінәлі сегундар»
Үшінші сегунда құралған сегуната режимі, Имэлишу Токугава (1623-1651) біршама феодалодық мемлекетті бір орталыққа шоғырландыру болып қалды.
Ерекше топ-кугэсарай маңындағы ақсүйектер, император астанасы Киото тұтастырды. Кугә формалды түрде ерекше пұрсатты жағдай орын алғанымен өздерінің жеке меншік жерлері болмады. Император секілді олар сегундардан еңбек ақы алып отырды.
Әскери дворяндық өкілдер «әскери үйге» қатысты «букэ» самурай сословиесін құрады. Самурайдың негізгі массаның сегуанның достығы, даме және хатамота құрады. Самурайладың көбінде өз жерлері болмаған. Самурай ерекше рухта тәрбиеленеді. Олардың бағыты самурай намысының ерекше кодексісен регламентацияланды, - бусидо (Самурайдың соқпағы) оларға бірнәрсемен шұғылдануға тиым салынды, тек қана әскери жұмыстармен ғана айналысты. Самурай бұл кодексті бұзғаны үшін өзінің өмірін өлтіру керек болды. (Харахири қылды).[4]
Токугава кезіндегі самурайдың төмен қабатты материалдық жағдайы едәуір нашарлады. Соғыс ішкі феодал араздық себептерден тұрақты құбылыс болып тоқтады. Князьдарға енді самурайдың достығы керек болмай қалды. Самурайдың көбісі ронин (қаңғырма адамдар) айналып, қайыршылық күйге түсті. Олар тез-тез емші болып қалды. Сонымен қатар мұғалім саудагер де болып тұрды.
Сегундар, князьдар самурайлар крестьяндік эксплуатациясы арқылы өмір сүрді. Князьдарға беретін крестьяндардың рект-салық азық-түліктерінің мөлшері астықтың жартысының көбі болды.
Токугава сегунатының негізгі мәселесі крестьяндік феодал эксплуатациясының сақталуы мен өнімі болып табылады. Феодалдық жекеменшік жерден шыққан экономикалық еріксіздік формасымен толықтырылды. Крестьян семьяларының шаруашылығы мен тұрмасына әрқашан Токугава күшінің күрделі әкімшілік-полициялық регламинтация жүйелерімен араласты. Токугава режимі крестьяндарды кедейлік жағдайда аштық жағдай да ұстап, олардың қарсыласу сезімін арылту мақсатымен әрекеттенді. Жапон тарихшысы Токугава кезіндегі крестьян жағдайлары туралы былай деп жазды; «Бұл халық қол мен аяқпен шырмалған, барлық жағынан да шектелмеген, тек қана өмір бойы салық төлеуі керек сияқты» деген. Үкімет крестьяндарға тек қана құнарсыз тамақ жеуі керек, мақтадан шығарылған киім киюі керек деп үкім шығарды. Одан бөлек оларға кең ыңғайлы үй салуды, тойларда косилкамен жүруді, кілемді ерге төсеуді, өнім болмаған жағдай да сакэ қолдануды, сатуды (макарон, нан, ұн) тиым салды. Крестьяндар күріш жеуге қорқатын, себебі күріш бағалы астық болып есептелді.[6]
Бұл жағдайлар Жапон крестьяндардың кедейшілікке аштыққа апарды. Токугава периодында Жапонияда 200 ден астам қалалар мен аудандар бар еді. Олардың негізгілері –Эдо, Осака, Киото т.б. 100 мыңнан астам адам бар тұрғын. Жапон қалалары дамыған өнеркәсіп орталығы болып табылған. ХVII ғасырда капилистік типтің бөлек мануфактуралары пайда боа бастаған. Жапония Такугава экономикасында сауда ең зор роль атқарды. Ол тек қана қалаларды емес, ауылдарды да басып алды. Өте күшті саудагерлер князьдардан күріш сатып алатын болған.
Жапонияда ХVII ғасырдың басында ақ капиталистік тәртіп құрылған, сауда буржуазиясы пайда болды. Токугава сегунаты Жапониядағы феодалдық қатынас кризисының басындағы периодта, өмір сүрген. Ол ары қарай крестьян эксплуатациясының күшеюін сипаттады. Бұл жағдай күшті класс күресі периодында және Жапон крестьяндарының феодал ашуына және Токугава режиміне қарсы күрес уақытында болды. [7]
Токугава режимінің негізгі мақсаты-крестбяндар мен кедей қалалармен басқару болды. Халық төрт сословияға бөлінді:
1) Самурай
2) Крестьяндар
3) Кәсәпкерлер
4) Саудагерлер.
Ең үстемділері Самурайлар болып табылды.
Үкімет режимінің феодалды – абсолюттік сақталуы үшін барлық халықтың үстінен қатал диктатура шығарды, полицейлі-бюрократикалық аппарат орнатты. Сегун үкіметі барлық жағдай істеді.
Бұл уақытта Жапондар ешқайда кете алмады. Саясатшылар халық ішінде «Жабылу» үкіметін шығарды. «Сугунаттың жойылуы» саясаты тұрақты болып, крестьяндардың қарсы тұруынан кейін 1637 жылы Симабарда (Нагасаки жанында) жарияланды. Сол уақытта христиандар жеңіс жалауын көтерген болатын. олар Оңтүстік Жапония католик миссионерлері жойылған соң Жапонияда Еуропамен саудалар тоқтатылды. Бірақ бұл Жапонияның өмірден түңілді деген сөз емес, Азиямен, Қытаймен Гаваньдағы Нагасакимен қарым-қатнас жасасып тұрды.[8]
2.2. Жапонияның қоғамдық-саяси дамуы.
ХІ – ХІІ ғасырларда феодалдық поместьенің екі түрі пайда болды. Оның бірі – Жапонияның шығысы мен солтүстігінде, екіншісі – оратлық пен оңтүстік – батысында қалыптасты. Біріншісі – орталықтан қол үзген және йну тайпасымен танымсыз күрес жағдайында қалыптасты. Мұнда феодалдық поместьелердің жаңа түрлері тез, қысқа мерзімде пісіп жетілді. Шығыс – солтүстіктен қашқан шаруалардың көп шоғырлануы ірі жер иеленушілерден өз дасақтарны құруы, ұсақ жер иелерінің қол астынан пана табу өте тез қарқынмен және ашық түрде жүрді. Жасақшылар өз қожайндарынан жер үлесін алды. Сөйтіп солтүстік шығыс жаңа тап – самурайлардың қол астына ұсақ тоғайлық жер иеліктері өмірге келді. Самурайлар бір әскер басының үйнің төңірегіне топтасатын. ХІІ ғасырға қарай солтүстік – шығыстағы үй Минамото үйі болды.
ХІІІ ғасырдың ортасына қарай жер иеліктерінің көп бөлігі Минамото жасақшылары мен Ходзе фамилиясына қарады. Бұлар сегунның вассалы деп есептелді. Билік негізінен осылардың қолында болды. Сөйтіп, ұсақ жер иелері – самурайлар тобы қалыптасты. Олар жерді өздерінің сюзерендерінен алған, “сыйлық грамоталары” негізінде иеленді.[9]
Әскери топтар елдегі саяси тұрақсыздыққа парламенттік партиялар айыпты деп, саяси партияларды, парламентті сынады, әскери диктатура орнатуды талап етті. 1931 жылдын жазы мен күзінде бірнеше рет мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған құпия әрекеттердің дайындалып жатқаны белгілі болып қадды.
30-жылдарда Жапонияның саяси өмірінде белсенділігімен көзге түскен "жас офицерлер" тобы болды ("қарттар" деп ақсүйектер тегінен шыққан, орыс-жапон соғысына қатысқан офицерлерді атады; ал "жас офицерлер" ұсақ және орташа помещиктер ортасынан шықты). "Жас офицерлердің ұлттык, федерациясы" деген ....
02.01.2019
Вернуться назад