DataLife Engine / Педагогика | Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері

Педагогика | Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері

Мазмұны
І. Кіріспе..............................................................................................3-4
І Тарау ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
1.1 Әл-Фарабидің тәлім –тәрбиелік теориясын жасауы.............................. 10-12
1.2 Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі.......................................................... 12-14
2 ТАРАУ ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ
2.1 Әл-Фараби еңбектеріндегі гуманизм идеялары .................................15-16
2.2 Ғұламаның педагогикадағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері.....................17-22
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................23-24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................... 25
ҚОСЫМША.................................................................................................. 26-27

К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған./1/ Зерттеулерге қарағанда оқу-ағарту жүйесінің дамуы мен пайда болуы орта ғасырлар заманындағы ғұлама оқымысты,ұлы энциклопедист Әл-Фарабидің ғылыми мұраларымен тығыз байланысты.Оған американдық ғалым Николас Решердің еңбектері дәлел.Ол ұзақ ізденістің нәтижесінде 1962ж.ағылшын тілінде «Фарабидің аннотацияланған библиографиясы» деп аталатын Әл-Фарабиді зерттеулер үшін құнды кітап жариялады.Мұнда мың жыл бойы Әл-Фараби жөнінде кім не жазды,оның шығармалары қай тілге аударылды,оның мұрасы жайында алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жөнінде айтып,мәселелер қойылды.
Зерттеу нысаны. Әл - Фараби еңбектеріндегі гумандылық ойлардың мазмұны.
Зерттеу пәні. Әл - Фараби еңбектеріндегі гумандылық ойлардың құрылымы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Әл - Фарабидің ұлы ойшыл, гуманист екендігін көрсетуге болады, егер:
- Орта ғасыр мұралары оқырманға анық жеткізіле білсе;
- Әл—Фараби еңбектерін зерттеу, оқу құралдарын шығаруға жүйелі түрде мән берілсе;
- Әл-Фараби еңбектеріндегі гумандылық ойлары философиялық -педагогикалық және психологиялық тұрғыда көрініс тапса.
Зерттеу міндеттері:
1. «Гуманизм» адамгершілік ұғымдардің мәнін мазмұнын анықтайтын тірек ұғымдарды ғылыми педагогикалық тұрғыда негіздеу.
2. Әл - Фарабидің гумандылық ойларының мәнін, мазмұнын анықтайтын ұғымдарды ғылыми педагогикалық тұрғыда негіздеу.
З. Оқырман қауымды Әл - Фараби еңбектерінің көмегімен гумандылыққа тәрбиелеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып қоғамдық орта мен жеке тұлғаның даму заңдылықтары байланыстылығының теориясы, іс -әрекетпен біртұтас педагогикалық процесс теориясы жалпы азаматтың адамгершілік пен ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлікте болуы туралы философиялық қағидалары, пән аралық байланыс теориясы және т.б. болып саналады.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасы Білім заңы, оқыту мазмұны бойынша тұжырымдамалар, оқулықтар теориясы, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер.
І Тарау ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
1.1 ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ТЕОРИЯСЫН ЖАСАУЫ
Энциклопедист ғалым, екінші ұстаз Әл - Фараби өзінің «Бақыт жолын сілтеу» атты философиялық еңбегінде гумандылық ойлар жайында ауқымды мұралар қалдырған.
... Жақсы мінез - құлық пен ақыл-күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдылығында және жетілгенділігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттеріміздің абзалдылықпен жетілгендігін табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады...
Біз мінез - құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады дейміз. Ал адамда қалыптасқан мінез — құлық болмаса,онда жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда қарама — қарсы мінез — құлыққа көшіп кетуі мүмкін.
Адамның белгілі бір мінез – құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез - құлықтан басқа бір мінез - құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе - әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі — жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын. Жақсы мінез - құлықтың өзі де әдет арқылы келетін болғандықтан, біз әдеттене келе біздің жақсы мінез -құлқымызды тудыратын және сондай - ақ оңбаған мінез - құлқымызды тудыратын нәрселерді әңгіме етуіміз керек.
Әдеттің арқасында жақсы мінез - құлыққа себеп болатын нәрсені мен - бұл өзі мінез - құлқы жақсы адамдарға тән әрекеттер деп білем, ал жаман мінез — құлыққа ие болуымызға себепкер нәрсе - бұл өзі мінез — құлқы жаман адамдарға тән әрекеттер...
... Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез - құлыққа жеткізетін әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Адамның жетілуі оның мінез - құлқының жетілуіне сайма — сай келеді дейміз біз. Адамның мінез — құлқын жетілдіретін әрекеттер оның өз денесін жетілдіру үшін жасайтын әрекетіне ұқсайды. Адамның денесінің жетілуі - денсаулық: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер болмаса, онда денді сауықтыру керек. Денсаулыққа белгілі бір мөлшерді сақтаудың арқасында ғана жететін болғандықтан: мөлшерімен ішіп - жесең денің сау болатыны, мөлшерімен еңбек етсең күш қосылатыны сияқты, жақсы мінез — құлық мөлшерлі әрекеттер арқылы келеді. Егер денсаулыққа жеткізетін нәрселер болмаса, онда денсаулықтың өзі де болмайды, нақ сол сияқты әрекеттер өзінің мөлшерінен асып кетсе және адам осыған әдеттенсе, жақсы мінез – құлық та болмайды.
Шамадан ауытқу не артық кету немесе кем түсу деген сөз. Жеген тамақтың шамадан не артық, не кем болуы денсаулықты сақтамайды. Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады...
... Біз ержүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ал бұл - жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады.
Ақшаны үнемдеуде және жұмсауда көрсететін шамаға қарай жомарттық туады.Шектен тыс үнемшілдік және ақшаны кем жұмсау сараңдыққа соғады, ал мұның өзі адам басындағы жаман қасиет. Шектен тыс артық жұмсау және жеткілікті дәрежеде үнемшіл болмау ысырапшылыққа соқтырады. Осындай адам басындағы қасиеттерден келіп, тиісті әрекеттер туады.
Рақатты шамамен пайдалану нәпсіге ұстамдық жасау арқылы келеді, ішіп-жемге, әйел жынысына ұстамдылық. Осы рақатқа шектен тыс берілу тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы рақатшылық сезімінің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға лайықты қасиеттер. Адам басындағы осындай қасиеттерден тиісті әрекеттер туады.
Сөзге тапқырлық - жақсы адамшылық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе. Адам өз өмірінде оқтын - оқтын дем алуға тиісті, ал мұнда шектен тыс кетушілік жанға рақат немесе қалай болған күнде де кеселсіз. Әзілде тең ортасын ұстай білу сөзге тапқырлыққа жатады, шектен тыс көп әзіл мазақтаушылыққа соғады, ал мұның жетіспеуі әзілдің жоқтығына әкеп соқтырады. Әзіл дегеніміз адамның сөзінен, ісінен немесе пайдалануынан көрінеді. Мұндағы шама емін — еркін, көңілді де әңгімешіл адамға сөйлеуге және тыңдай білуге мүмкіндік береді.
Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы адам өзіне- өзі ізгі қасиетті болуынан, жүріс - тұрысы ізгі болуынан ғана туады. /9/
Ал егер өз бойында жоқ бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға, жүріс-тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі туралы жалған пікір туғандығы.
Егер адам өз бойында жоқ нәрселерді өзіне жатқыза беретін болса, онда ол адамда көлгірушілік пайда болады.
Досгерлік - адамшылықтағы жақсы қасиет, бұл өзі адамның басқа адамдармен тиісті шамада қарым - қатынас жасауынан тұрады, осының арқасында ол өзінің жүріс - тұрысынан, сол адамдармен әңгімесінен жақсы ләззат алады. Бұл жөнінде артық кету — жарамсақтыққа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәкаппарлыққа итереді. Ал енді осы ретте ол басқаны ренжітетін іс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соқтырады...
Енді бізге қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез -құлыққа жететінімімізді қарастыруымыз керек. Алдымен біз түрлі мінез — құлықтарды атап шығуымыз керек және түрлі мінез - құлықтан туатын әрекеттерді атап шығып, тек осыдан кейін өзіміздің мінез - құлқымыздың қандай екенін және өзімізде әуелден бар мінез - құлықтың не жақсы, не жаман екенін қарастырып, тұжырым жасауға тиіспіз. Мұнымен танысуымыз үшін біз қандай әрекеттер жасағанда өзіміздің жақсы қанағат алатынымызды және тағы қандай әрекеттеріміз тұсында азап шегетінімізді қарастырып, тұжырым жасап алуымыз керек. Осымен танысып болғаннан кейін, біз бұл әрекеттердің жақсы не жаман мінез - құлықтан туатынын қарастырамыз. Егер сол әрекеттср жақсы мінез -құлықтан туатын болса, онда мінез - құлқымыз жақсы екені дегеніміз, ал егер жаман мінез - құлықтан туса, онда біз мінез - құлқымыз жаман екен дейміз.Біз осылай етіп өзімізге тән мінез — құлықты білеміз./17/
Дәрігер тәннің халіне жататын нәрселер арқылы тәннің саулығымен танысады, егер тән саламат болса, онда сол халді сақтаудың тәсілдерін қолданып, ал егер ол дімкәс болса, онда сол кеселді жоюдың тәсілдерін қолданады, дәл сол сияқты, егер бізге жақсы мінез - құлық тән болса, онда біз соны өз бойымызда сақтаудың тәсілдерін қолданамыз, ал егер мінез -құлқымыз жаман болса, онда оны жоюдың тәсілдерін қолданамыз.
Жаман мінез - құлық - рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек.Одан соң біз өз бойымыздағы жаман мінез - құлықты қарастырамыз, оның артықшылықтан немесе жетпей жатқандықтан туғанын анықтаймыз. Содан соң тағы да жаңағы дәрігер сияқты, егер тән қызуы тым көтеріңкі болса немесе тым төмен болса, оны дәрігерлік өнерде белгіленген мөлшерге қарай өз шамасына түсіретін сияқты, нақ сол сияқты біздің мінез - құлқымызға артық кету немесе кем түсу тән болса, біз осы кітапта белгіленген мөлшерге қарай, өз шамасына түсіреміз.
Тең орта шаманы табу алғаш қарағанда өте қиын болғандықтан адам өзінің мінез - құлқын нормаға келтіруге немесе мүмкіндігінше нормаға жақындатуға бағытталған амалдарды пайдаланады. Мысалы, тәнді орташа жылылықта ұстау қиын, бұл үшін тәнді сондай жылулыққа жеткізуге мүмкін қазірше жағдай жасайтын амалдар пайдаланылады. Мінез-құлықтың орташа шамасына жету үшін қолданылатын амалдар өзімізде дағдыға айналған мінез- құлықты қарастыру болып табылады, егер мінез - құлқымызға тән нәр артық кету болса, онда біз өзімізді осыны қарама - қарсысынан, атап айтқанда жетімсіз болудан түсетін әрекеттерге баулимыз, егер мінез – құлқымызға жетімсіздік тән болса, онда өзімізді артық кетуге сәйкес әрекеттерге баулимыз. Біз осыны біраз уақыт жасаймыз. Содан соң біз өзімізде қандай мінез - кұлық шыққанын қарастырып ойластырамыз.
Қалыптасып шыққан мінез - құлық үш қилы халдің бірінде болады: не орташа халде, не орташадан асыңқы халде немесе орташаға жақын халде./21,8/
Егер ол хал орташаға жақын болса, бірақ екінші қарама - қарсы жағына қарай жақындап, онан асып түспесе, онда қашан орташа халге жеткенше, тағы біраз уақыт сол әрекеттерді жасай береміз.
Ал егер екінші шетіне қарай жақындап, орташадан ауып түссе онда бірінші қилы мінез — құлыққа тән әрекеттерді жасаймыз да, осыны біраз уақыт істеп, содан кейін істің қандай халде екенін қарастырып көреміз.
Жалпы алғанда, әрбір тұста, біз өзіміздің жан дүниемізді бір жағына ауытқып кетті деп тапсақ, біз екінші шетіне тән әрекеттерді жасаймыз және орташа мөлшерге жету үшін немесе соған жақындату үшін, сол әрекеттерді алдын - ала орындай береміз.
Әл - Фараби айтқан адамшылық қасиеттердің кейде басқа жаман әдеттерге ұқсас болуынан сақтану керектігін атап кеткен. Мысалы, көзсіз батырлық ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарттыққа ұқсас, әзіл- қойлылық өткір тілге ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін - өзі кемсіту кішіпейілділікке ұқсас, көлгірсу адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткеріліктердің ішінде жаратылысымыз бойынша өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан, біз бұлардан сақтануымыз керек. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей қалушылық, жаратылысымызда өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола алады. Ал өзіміз неғұрлым бейімдірек тұратын және оның үстіне орташа мөлшерге ұқсас боп тұратын шеткеріліктен одан бетер сақ болуымыз керек. Мысалы, әзілқойлылық - әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалаған бір шеткеріліктен екінші шеткерілікке немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу. Осы амалды білмей тұрып пікір ғана айту, сірә, жеткіліксіз болып шығар.
Жаман әрекет жасау оңай сияқтанып көрінеді, өйткені мұндай әрекет бейне жан рақатын әкеледі, ал егер әрекет бізге жан азабын ала келеді деп есептесек, онда жақсы мінез - құлыққа ие боламыз... Сондықтан да өзіміздің бар әрекетімізбен соған жетуге тырысамыз. Сезім арқылы, есту, көру арқылы, дәм сезіну немесе иіс сезу арқылы келетін жан рақаттары бар. Ал тағы бірнәрсені түсінудің арқасында алатын рақаттар бар, мысалы, бұған жататындар үстемдік, билік ету, жеңу, білу т.б.
Біз көпшілік жағдайда әрқашан сезімдік рақатты зерттейміз. Сонан соң не өзіміз үшін, не дүние үшін керек болатын қажетті әрекеттің себебі болып табылатын рақаттар болады. Өзіміз үшін қажет дейтіндеріміз - өз өмірімізге қажетті тамақ, дүние үшін қажет дейтініміз-көбею, өрбу. Сондықтан да біз өмір мақсаты осыларда тұр деп, бақыт дегеніміз, атап айтқанда, осы деп ойлаймыз, әрі бұған себеп-осы түсініктер біз үшін неғұрлым таныс, түсінікті,ұғымды. Бірақ қарап, ойластыра келгенде, игіліктердің молына жетуге бөгет жасайтындар және бақытқа ие еткізетін нәрселерге жетуге бөгет жасайтындар, атап айтқанда, осылар екені анық болады. Сезімдік рақат бізді жақсы әрекеттер жасауға итеретінін көрсек, біз соны істеуге бейім тұрамыз. Адам осы рақаттардан бас тартуға немесе белгілі бір мөлшерде соларды азайтуға қабілетті болса, мұның өзі оны мадақтайтын мінез - құлықтарға бір табан жақындатады. /10/
Әрекеттерден кейінгі көретін рақаттар, сезімдік рақаттар болса да немесе түсіну арқылы болса да не осы әрекеттердің артынша келеді немесе біраз уақыт өткеннен кейін келеді. Әрекеттерден кейін көретін жан азаптары турасында дәл осыны айтуға болады.
Әрбір рақат белгілі бір әрекеттерден тұрады: бұл әрекеттерден кейін туатын рақат жаңа ғана көрсетіп өткен формалардың бірінде, (яғни әрекеттің артынша немесе біраз уақыт өткеннен кейін көрінеді), бұларда екі жағдай болуы мүмкін, бір жағдайда әрекеттің сипаты былай болады: белгілі бір әрекеттің артынан әрқашан да тек қана рақат немесе тек қана жан азабы келіп туады. Мысалы, денеңді күйдіріп алғанның артынан ауру азабы келеді; күйдіріп алудың зардабы, мысалы, егер жан - жануарлар туралы айтсақ, азап ауру азабы болып келеді. Азап әрекет артынан дінде белгіленген жол бойынша жүріп отырады: азап сол әрекеттің салдары болып табылады... Мысалы, тұрақсыздық кісі өлтірудің артынан тек азапты ғана күтуге болады...
... Және керісінше, артынша рақатқа бөлейтін жаман істер белгілі бір уақыттан кейін қайткенде де азапқа апарып соқтыруға тиісті.
Біз әрбір жеке әрекеттен қандай рақат және қандай азап туатынын біліп алуға, артынша көретін рақатымыз және белгілі уақыт өткеннен кейін көретін азабымыз бұлардың қайсысына байланысты екенін ажырата білуге тиіспіз. Өз ойымша әрекеттің артынан белгілі бір уақыт өткеннен кейін көретін рақатымыз үшін біз жаман әрекеттен қашпайтын болсақ, онда біз сол рақатты әрекеттің артынан біраз уақыт өткеннен кейін көретін азабымызбен салыстырамыз да, өзімізді жаман әрекетке итеретін сол рақатты тілеуден бас тартамыз. Сонда жаман әрекеттен безу бізге оп — оңай болады.
Ал енді бізге артынша азап шектіретін болғандықтан, жақсы әрекеттен бас тартуға өзіміз бейім болған кезде біз мұны әрекет артынан біраз уақыт өткеннен кейін туатын рақатпен салыстырамыз, сөйтіп осы арқылы өзімізді жақсы әрекеттен қаштыратын азапты басып тастаймыз. Сонда жақсы әрекет жасау бізге оңай болады. Нақ сол сияқты, егер артынша өзімізді рақатқа бөлейтін жаман әрекеттерге әзір тұратын болсақ, онда біз мұны сол әрекеттің артынан біраз уақыт өткеннен кейін болатын теріс нәрсемен салыстырамыз./18/
Ақыл — естің тілегінен жасауға парасатты және батылдылығы жететін есті адамдар болады. Мұндай адамдарды біз әдетте, өзінің лайығынша ерікті адам деп атаймыз, ал енді өз бойында осы екі қасиеті жоқ адамдарды хайуан тәріздес адамдар деп атаймыз, ал тек ақыл-есі ғана жетіп, батылы бармайтындарды жаратылысынан құл адамдар дейміз. /9/
Бұл жағдай қабілеті болмаса да ғылым саласына жармасатын немесе философиямен айналасатын кейбір адамдарда болады, бұлар өзінің құлдық дәрежесімен нағыз кұлдыққа түскен құлға барабар адамдардың дәрежесінде болып шықты. Ал ғылым оған жармасушы қабілетсіздердің салдарынан, олар үшін ғылым негізсіз және пайдасыз болғандықтан, өзінің қадірін жоғалтады, жәбір шегеді.
Бұлардың ішінде батыл бола тұрса да, ақыл - есі кем түсетіндер бар. Бұлар үшін басқалар ақылға салып пайымдайтын болады. Бұл жағдайда мұның өзінің қамын жеуші басқа адамдарға бұл не бағынып не бағынбайды......
02.01.2019
Вернуться назад