DataLife Engine / Бухгалтерлік есеп | Еңбекақы есебі, оны талдау және жетілдіру жолдары

Бухгалтерлік есеп | Еңбекақы есебі, оны талдау және жетілдіру жолдары

Мазмұны
Кіріспе:
1 Зерттелген кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1 Зерттелген кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаты.
1.2 Есеп саясаты.
1.3 Еңбекақының түрлері мен формалары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Жұмыстың негізгі мақсаты – еңбекақы есебі, оны талдау, аудит жүргізу және еңбекақы есебінің жетілдіру жолдарын зерттеу. Атап айтқанда:
• Еңбекақы түрлері мен нысандары;
• Еңбекақыны аудару тәртібі және одан алынатын ұсталымдарды анықтау;
• Еңбекақысын төлеу және оны ұйымдастыру жолдарымен танысу;
• Еңбекақы аудитін жүргізу тәртібін қарастыру;
сияқты негізгі мәселелер қарастырылады.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі обьектісі ААҚ «ТұранӘлем Банкісінің» Маңғыстау филиалы болып табылады. Осы кәсіпорынның еңбекақы құжаттарына негізделе отырып, ондағы еңбекақы түрлерін, оны төлеу және ұйымдастыру жолдары қарастырылады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептесу және оны төлеу үшін ұйымның бөлімшелерінен, кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептесу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерінс еңбекақы есептеледі.
Еңбекақы есебі келесі қағидаларды қамту керек:
• Кәсіпорынның еңбекақы қорының дұрыс қолданылуын бақылау;
• Еңбекақы есебінің уақытында және нақты көрсетілуі;
• Бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді ұйымдастыру;
«Еңбекақы есебі, оны талдау және жетілдіру жолдары» тақырыпты дипломдық жұмыс: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, қосымша және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты, ондағы еңбекақы түрлері сипатталады; екінші бөлімде - еңбекақы есебінің ерекшеліктері, одан алынатын міндетті ұсталымдар көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынмен берілетін еңбекақының негізгі көрсеткіштерін талдау, оған аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары қарастырылады.
I ЗЕРТТЕЛГЕН КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 ЗЕРТТЕЛГЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ.
«ТұранӘлем Банкі» өзінің құрылу тарихын 1925 жылдардан бастап келеді. Жыл сайын банк өзінің қызмет ету барысында жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Банк өзінің қазақстандық және шетел серіктестерінің алдында сенімділігін ақтап қана қоймай, даму жолының жаңа да, сапалы сатысына көшті.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында «ТұранӘлем Банкі» өзінің ірі филиалдық желісімен мемлекеттің банктік жүйесінің негізін құрайтын бірден-бір банк. Республика бойынша банктың 22 филиалы және 211 есептік кассалық бөлімшелері қызмет көрсетуде. Сонымен қатар Ресейде, Украинада және Қытайда, дәлірек айтқанда, Шанхай қаласында өкілеттіктері бар.
«ТұранӘлем Банкі» бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Бұлардың ішінде: Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуына жәрдем жасау; клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарғы дәрежеде ұстай отырып, қаржылық қызмет көрсету саласын кеңейту; Республика инфрақұрылымының дамуына ат салысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік бағдарламаларына беделді түрде қатысу; банктің қаржылық тұрақтылығын өсіру және Қазақстанның банктік жүйесіне республика халқымен халықаралық қаржы институттарының сенімінің өсуіне күш жұмсауда. Банк Қазақстанда алғаш банктердің бірі бола отырып, банк қызметінің барлық түрлерін көрсетуде. Оның негізгі өнімі болып қаржыландыру, шет елдерден қаржы тарту және қызмет көрсету. Банктің ең бастапқы қызметі болып, корпоративті банктік операцияларды жүргізу, саудалық қаржыландыру, кіші және орта бизнес нысандары мен жеке тұлғаларға қызмет көрсету, бағалы қағаздармен және валютамен сауда жүргізу, сонымен қатар кредиттік және төлемдік карточкалар бойынша халыққа қызмет көрсету болып табылады.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі зерттеу объектісі болып ААҚ ТұранӘлем Банкінің Маңғыстау филиалы табылады.
Маңғыстау аймағы бүгінгі таңда еліміздіңң ірі банктерінің алысты меңзеген мақсаттарының нысанына айналды. Олардың көпшілігінің облыста филиалдары бар және олар өздерінің мүмкіндіктерін белсенді түрде арттыру үстінде. Осы қатарда «ТұранӘлем Банкін» ерекше атауға болады. Аса ірі кәсіпорындармен қарым- қатынас тәжірибесін жинақтаған банк корпоративті клиенттерге қаржылай қызмет көрсету позицияларын мықтап бекітуде. Қазір банк аймақ экономикасының барлық саласында көрініп жүр. Соңғы жылдары тез қарқынмен дамып келе жатқан мұнай – газ секторына қызмет көрсету мекемелерімен көп жұмыс жасалды.
Қаржылық қорытынды (кесте -2)
2002 2003 2004
Табыс 627916 1132498 877125
Шығын 401242 937496 259569
Пайда 226673 195029 617556
Бұл кестеде банктің табыс көлемі аз бола тұрса да, ол өзінің шығындарын азайту арқылы, алдыңғы жылдарға қарағанда 2-3 есе көп пайда тауып отырғаны байқалады.
Операциялық бөлім. Филиалдың клиенттік базасы (3-кесте)
Шот атауы 2002 2003 2004
Ағымдағы 2,123 2,138 2,468
Соның ішінде
KZT 1,547 1,530 1693
USD 355 369 428
EUR 25 37 62
RR 194 201 248
т.б. 2 1
Ссудалық 176 597 Жоқ
Депозиттік 24 14 47
Баланстан тыс 243 406 381
Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда банктің халықты өзіне тарту жағынан алдыңғы жылдарға қарағанда көбірек екеніне көз жеткізуге болады.
Халыққа сатылған валюта (4-кесте)
Ағымдағы жылда 9706472 АҚШ доллары, 869978 евро, 416120 рубль сатылды. Валютаны сату көлемі ай сайын әртүрлі көрсеткіштер көрсетіп тұр. Жыл басындағы сату төмендеуі Наурыз айында күрт өсті, уақыт өте төмендеп, жыл аяғында қайта сату шыңына жетті.
Жеке тұлғаларға өнім бойынша берілген кредиттер (5-кесте)
Тауар түрі Кредит көлемі Соммасы
Халық тұтынатын тауарлар 369 30271
Жедел 1446 938136
Автомобиль 208 87080
Қызметкерлер 93 89583
Қолданылған авто 30 21647
Ипотека 162 381700
Карточкалар 3 2128
БАРЛЫҒЫ 2311 1550521

Бұл 2004 жылғы берілген кредит. Ал алдыңғы жылдармен салыстыратын болсақ, келесі диаграммадан көруге болады.
кесте
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 "ТұранӘлем Банкі" Акционерлік Қоғамының Маңғыстау филиалы (әрі қарай - Филиал) "Тұран Әлем Банкі" АҚ Директорлар Кеңесінің шешімі негізінде ашылды.
1.2 Филиал "ТұранӘлем Банкі" Акционерлік Қоғамының оқшауланған бөлімшесі болып табылады. Филиал заңды тұлга болып табылмайды және Банк берген уәкілеттер шектерінде әрекет етеді.
1.3 Филиал қызметінің мақсаты Банк атынан банк операцияларын жүзеге асыру болып табылады.
1.4 Филиал қызметінің мерзімі шектелмеген.
1.5 Банк Филиал міндеттемелері бойынша жауап береді.
1.6 Филиал Банкпен бірыңғай балансқа, сондай-ақ Банк атауына толығымен сәйкес келетін атауға ие.
1.7 Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының уәкілетті органының нормативті құқықтық актілерін, Банк Жарғысын, осы Ережені, Банк акционерлерінің Жалпы жиналысымен, Банк Басқармасы Төрағасымен, Басқармамен және Директорлар Кеңесімен олардың құзыреттері шектерінде қабылданатын шешімдерді жетекшілікке алады.
1.8 Атауы, мекен-жайы және Банкті тіркеу туралы мәліметтер:
"ТұранӘлем Банкі" Акционерлік Қоғамы, Қазақстан Республикасы, 480099, Алматы каласы, "Самал-2" ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, № 97 үй, 2003 жылғы 26 қыркүйектегі Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы №3 903-1900-АҚ Куәлігі.
1.9 Банк қызметінің мәні:
Банк ұлттық және шетелдік валютада уәкілетті органның 2004 жылгы
1 наурыздағы №242 лицензиясына сәйкес банк заңнамасында қарастырылған операцияларды жүзеге асырады.
1.10 Филиалдың мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 466200, Маңғыстау облысы, Ақтау каласы,
14-ші ықшамаудан, № 63 үй.
1.11 Филиал мемлекеттік және орыс тілдерде өз атауы көрсетілген дөңгелек мөрге, мөртаңбаларға, бланктерге ие.
ФИЛИАЛ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
3.1 Филиал Банктің атынан ұлттық және шетелдік валютада келесі банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
• заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк есепшоттарын ашу және жүргізу;
• жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк есепшоттарын ашу және жүргізу;
• банк операцияларының кейбір түрлерін іске асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғаларға тиесілі таза асыл металдардың нақты мөлшері көрсетілетін металл есепшоттарын ашу және жүргізу;
• касса операциялары: банкноталар мен тиындарды қабылдау, беру, қайта санау, майдалау, айырбастау, сұрыптау, орау және сақтау;
аударма операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
қарыз операциялары: ақылы, жедел және қайтарылу шарттары негізінде ақша түрінде несиелер беру;
жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде банк-корреспонденттердің, тапсырмасы бойынша олардың банк есепшоттары бойынша есеп айырысуды іске асыру;
• сенім білдіру операциялары: сенім білдірушінің мүдделерінде және оның тапсырмасы бойьшша ақшаны, ипотекалық қарыз бойынша талаптық кұқықтарды және таза бағалы металдарды басқару;
• банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстыру, сұрыптау және растау, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргізу және клиринг .....
02.01.2019
Вернуться назад