DataLife Engine / Экономика | Евро айналымға шығаруға

Экономика | Евро айналымға шығаруға

Мазмұны
Кіріспе
1. Евроға хроника
1.1. Еуропалық валюта жүйесінің тарихы .... ………………………..….5
1.2. Еуропалық Одақтың пайда болуы…………………………….…….8
1.3. Евроны айналымға шығару кезеңдері...………………………...….10
2. Евро – жаңа валюта
2.1. Еуропалық валюта жүйесін құрудың себептері.....……………......13
2.2. Евроның халықаралық валюта нарығындағы функциялары..........16
2.3. Капитал нарығында евромен жүргізілетін операциялар……….....18
3. Евро және Қазақстан………………………………………………............22
Қорытынды
Қосымша
Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Еуропаның әр мемлекеті өзінің кеден салығы, валютасы, импорт және экспорт ережелері, қаржылық операцияларды жүргізу заңдары болғандықтан бірігу қажеттілігі туды. 1991 жылдың желтоқсанында мемлекеттер басшылары – Еуропалық бірлестіктің мүшелері Экономикалық және Валюталық Одағын (ЭВО) құру, сонымен бірге бір валюта қолдану жайлы Маастрихт келісімін қарастырып, қол қойды.
Жеті жыл бойғы қарқын дискуссиялардан және қызу дайындалу жұмыстарынан кейін ЭВО жүзеге асырылды. Бастапқы кезеңде оның құрамына 11 мемлекет кірді – Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Финляндия және Франция. 1999 жылдың 1 қаңтарында ЭВОның мемлекет қатысушалары бірыңғай валюта ЕВРО енгізді. Ұлттық валюталар әлі де қолданыста болғанымен, олар өздерінің экономикалық дербестігін жоғалтып, евроның ондық емес номиналдары ғана саналады. Жаңа валютаны шығару процесі келесі екі айда аяқталды, сол уақытта евро банкноттары мен монеталары айналымға шығады да, ал ескі ұлттық валюталар қолданыстан шығарылды.
Еуропалық Одақтың (ЕО) саясаттық және экономикалық әсер етуі тек Еуропаны ғана қамтымайды. ЕОның басты мақсаты одақтың экономикалық потенциялына сәйкес жаңа дүниежүзілік валюта шығару болып табылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - евроны айналымға шығаруға байланысты маңызды сұрақтарға жауап беру, яғни Еуропалық валюталық жүйені зерттеу, динамикада евроның пайда болу процесін қарастыру, бірыңғай еуропалық валютаның перспективасына шолуы мен бағалауын ұсыну. Курстық жұмыста көптеген мәселелер жалпы контурда берілгендігін ескерту керек. Оның себебі – евроны шығару бұл бір мезеттік операция еместігі, бұл белгісіздіктің жоғары деңгейлі ұзақ динамикалық процесс. Берілген зерттеулердің мақсаты болып сонымен бірге жаңа валютаны Қазақстан Республикасының экономикасына енгізудің әсерінің анализі табылады.
Курстық жұмыстың мақсаттары:
 Еуропадағы экономикалық интеграцияның пайда болуы мен дамуының тарихын қарастыру
 Бірыңғай еуропалық валютаның мақсаттарын зерттеу
 Қазақстан Республикасы экономикасына евроның әсерін қарастыру
1. Евроға хроника
1.1. Еуропалық валюта жүйесінің тарихы
Еуропалық мемлекеттер арасында Валюталық Одақтар құру әрекеттері сол XIX-XX ғғ. басында жасалынған болатын.
Бірінші валюталық одақ болып Австрия-Герман валюталық одағы саналады (1857-1866 жж.). 1857 жылы Австрия Герман кеден одағының мүшелерімен келісім-шарт жасады. Берілген келісім-шартта үш түрлі валюта келісілген тұрақты айырбастау курсы және жалпы есеп бірлігімен байланысты болуы туралы айтылған-ды. Бірақ ұлттық валюталардың болатын. Бір жақ өзінің міндеттерін орындамаушылық өкілетті жоғары орган болмады. Банктік және ақша жүйесінің шынайы интеграциясының жоқ болғанымен, жоққа шығарылмады. 1866 жылы Австрия мен Пруссия арасындағы саяси ұрыс соғысқа айналып, одақ ыдырап кетті.
Франция инициативасы бойынша 1865 жылы Латын валюталық одағы құрылды (1865-1878 жж.). Оған Франция, Бельгия, Италия, Швейцария кірді. Одақ ішінде Франция қолбасшы ролін ойнады. Қалған үш мемлекет одақты құруға дейін алтын мен күміс арасындағы жазып алынғанына байланысты француз биметалдық стандартты қабылдаған болатын. Валюталық кооперацияға арналған база болған-ды. Келісім-шарттың мақсаты монета соғудың бірыңғайлығы болды. Оның себебі – ұлттық қазынашылықтардың монеталары заңды төлем құралы ретінде қабылдау. Эмиссия әр мемлекеттің халық көлеміне байланысты шығарылған формулаға сәйкес жүргізілді. Бұл одақ басты екі себепке байланысты табысты болмады. Бірінші себеп – келісім-шартта банкноттардың кең қолданылуы есепке алынбады, ал екінші себеп күміс құнының алтын құнына байланысты уақытылы төмендеуі болып табылады. 1878 жылы күміс монета соғуды тоқтатты, ал бұл жағдай одақтың ары қарай қызмет атқаруының соңын дәлелдейді.
Скандинав валюталық одағы (1875-1917 жж.) Дания, Норвегия, Швеция арасында бірыңғай монета шығару туралы келісім-шартта құрылды. Конвенцияда банкноттарды айналымға шығару туралы ережелер көрсетілмеген болатын, бірақ онсыз да берілген мемлекеттерде банкноттар кең қолданыста болды. Алтынмен жүргізілетін операцияларды үнемдеу арқылы және оңтайлы халықаралық клиринг механизмін шығару арқылы одақ бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін жұмыс атқарды. Бірінші дүниежүзілік соғыс скандинав мемлекеттерінің экономикалық және қаржылық жүйелерінің берекесін келтірді. 1917 жылы елдер өзара операцияларда алтынды ғана қолданды, ал ол өз кезегінде одақты жоққа шығарды.
Бельгия-Люксембург экономикалық одағы 1921 жылы пайда болды. Люксембург франкы Бельгия франкына бір де бір байланысымен бекітті. Екінші дүниежүзілік соғыста басып алынған Люксембург неміс валюталық зонасының бөлігі болды, бірақ 1944 жылы қайта қарастырылған келісім-шарт Люксембург пен Бельгия франктарының құндарын теңестірді. 1981 жылы берілген валюталық ассоциация шеңберіндегі валюталық одақтың болашақ құрылымын қарастыратын тағы бір детальданған келісімге келді. Бельгиялық банкноталар мен монеталар Люксембургта заңды төлем құралы саналды, ал Люксембург банкноталары мен монеталары Бельгияда заңды төлем құралы болып есептелмеді, бірақ бельгиялық банкнота немесе монетаға ешқандай тиімділіксіз айырбасталды. Басқа валюталарға аталған валюталардың сыртқы құны бірдей болды. Үшінші елдердің валюталарына байланысты курстық саясат өзара келісім арқылы орындалды. Бұл екі елдің экономикалық көрсеткіштерінің айырмашылықтары болғанымен де, валюталық одақ 70 жылдан көп уақыт қызмет етуде.
1979 жылдың 13 наурызынан бастап құрамына 8 мемлекет: Германия, Франция, Бенилюкс, Италия, Ирландия және Дания кіретін Еуропалық Валюта Жүйесі (ЕВЖ) қызметін бастады. ЕВЖ үш элементті құрды: еуропалық валюталық бірлік – ЭКЮ; валюталық курстардың бірыңғай тербелу тәртібі – «супержылан»; Валюталық бірлестіктің Еуропалық қоры.
ЭКЮ – құрылымдық валюта, оны Бірлестіктің мемлекеттерінің ұлттық валюталар қоры қолдады. Әр қатысушының бөлігі мемлекеттің тұтас жалпы өнімінің және өзара саудадағы салмағына байланысты болды. Үлестері келесідей бөлінді:
32,7% неміс маркасы
20,8% француз франкі
11,2% ағылшын фунты
10,2% голланд гульдені
7,2% италиан лирасы
8,7% Бельгия және Люксембург франктері
4,2% испан песетасы
2,7% дат кроны
1,1% ирланд фунты
0,7% португал эскудасы
0,5% грек драхмасы.
Еуропалық Одақ елдерінің айырбас курстарының қазіргі механизмі валюталардың өзгеруін біреусінің екіншісіне байланысты 2,25% және диапозоны 15 %-дан аспау шегіне қойды.
ЕВЖ-н құру туралы шешімінде ЭКЮ:
1. Валюталық курстарды анықтайтын есеп беру механизмінің негізі
2. Ақша құралдар ішіндегі курстың ауып кету көрсеткіштерін анықтау негізі
3. Валюталық интервенциялар, мәмілелерге тұру және несиелерді ұсынуды жүзеге асыру құралы
4. ЕО-ң мүше-мемлекеттерінің орталық банктері және Еуропалық Экономикалық Одақтың валюталық органдары арасындағы есеп беру құралы
5. Шынайы резервті актив болып табылады.
Батыс Еуропа интеграциясын дамытудың жаңа кезеңі – валюталық және экономикалық одақты құру бағдарламасы Ж. Делор комитетімен 1989 жылдың сәуірінде орнатылды.
1.2. Еуропалық Одақтың пайда болуы
«Делор» жоспары жалпы нарықтың пайда болуын; Еуропалық Одақта бәсекелесті қолдау; инфляция, баға тұрақтылығын және экономикалық өсуді сақтау мақсатында экономикалық, бюджеттік және салық саясатын үйлестіру; мемлекеттік бюджет дефицитін азайту және оны жабу әдістемесін дамытуды көздейді. 1991 жылдың желтоқсанына қарай «Делор» жоспары негізінде Экономикалық және Валюталық Одақтың (ЭВО) этаптық құрылуын қарастыратын Еуропалық одақ туралы Маастрихт келісім-шарты жасалды.
Бірінші этап 1990 жылдың шілдесінде ЕО-та капиталдардың қозғалысы бойынша валюталық шектеулердің тұтас жоюымен бір уақытта басталды. Экономикалық даму деңгейлерінің жақындатуына, инфляция қарқынының төмендетуіне және бюджет дефицитін азайтуға басты көңіл бөлінді. Екінші этап 1944 жылдың қаңтарында Франкфурт-на-Майнеде (Одақтың Орталық Банкі орналасқан қала) құрамына Одақтың мүше мемлкеттерінің Бас орталық банктері кіретін Еуропалық Валюталық Институтын ашқанда басталды.
1995 жыл маңызды жыл саналады, өйткені келешек валютаның нақты перспективалары аңғарыла басталды. Сол жылдың желтоқсанында Мадридте Еуропалық Одақтың отырысында 1999 жылдың 1 қаңтарынан жаңа валютаны енгізу шешімі қабылданды және валютаның атауы туралы да сұрақ шешілді. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары бірыңғай валютаны «ЕВРО» деп атап, саяси дауға нүкте қойды.
Еуропалық Одақтың 15 елдерінің ойы бойынша «евро» атауы осы аймақтың тарихи және мәдени тұтастығын дәлелдейді және де бұл атау нейтралды атау саналады, себебі ұлттық дау шақырмайды.
Қолма-қол айналымға жеті номиналды банкнот шығару шешілді: 5, 10, 20, 50, 100, 200 және 500 евро, сонымен қатар 8 монета, номиналдары: 1/100, 2/100, 5/100, 1/10, 2/10, 5/10, 1 және 2 евро. Еуропалық одақта ұзақ уақыт бойы болашақ еуропалық ақшаның сыртқы түріне байланысты таластар жүрді. Евроға Еуропаның атақты «аталарының» суреттері мен ұлттық символдарын енгізу ұсыныстары көп болды. Бірақ бұл тек ірі елдердің атағын көтеріп, кіші елдердің ұлттық сезімдерін туғызып, теңсіздік тудырар еді.
1996 жылдың соңында Еуропалық валюталық институт Батыс Еуропаның архитектуралық стильдеріне байланысты салынған көркемдік евроға тоқталды. Банкноттарда нақты архитектуралық ескерткіштер мен ғимараттар емес, түрлі эпохаларға тиісті – ежелгіден қазіргі кезге дейінгі ғимараттардың қоспа суреттері мен детальдары болады деп шешілді. Бұдан басқа банкноттарда латын және грек әріптерімен «ЕВРО» жазуы, Еуропалық Одақтың туының суреті, эмитент реквизиттері және Еуропалық Орталық Банкінің президентінің қолы болады. Сонымен қатар олар жалғандықтан сақталған болады. Евроның эмитенті – Еуропалық Орталық Банк.
Валютаны келесі міндеттемелерді қанағаттандыратын елдерде ғана енгізу рұқсат етілді:
• Инфляция деңгейі 1,5 %-н аспауы керек
• Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 60 %-дан аспауы керек
• Мемлекеттік дефицит ЖІӨ-нің 3 %-дан аспауы керек
• Минимум екі жыл бойы валюталық курстың тербелулерінің шегі орындалу керек
• Ұзақ мерзімді пайыздық ставкалар 2 %-дан аспауы керек.
Шарттар қатал, бірақ олардың орындалуынсыз бірыңғай валютаға көшу тиімсіз. Өйткені дамыған елдердің ұлттық байлығы аз дамыған елдерге құйылып кету себебінен. Одан кейін құнсыздану, сосын – валюта мен одақтың тұтас экономикалық жүйесінің жоюлуына әкеп соқтырады.
1.3. Евроны айналымға шығару кезеңдері
Евроны айналымға шығарудың процедурасы үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең 1999 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл кезеңде евро нақты ақшасыз есеп берулерде экономикалық және валюталық одақтың елдерінің ұлттық валюталарымен тең жүрді. Берілген процесс әрине жоғарыда айтылған шарттардың орындалуы кезінде ғана жүргізілді.
Бірінші кезеңде негізгі қаржылық жүйелер екі жақты қайта есептеу функциясымен қамтамасыз етілген болу керек. Яғни қандай да бір сома бір уақытта екі валютада, евро мен ұлттық валютада енгізілді және есептеу жүргізілді.
Тәжірибеде теорияға қарағанда бұл кезең қиын жұмыстардын өтті. Евроға өту – арзан ғанибет емес. Gartner Group корпорациясының аналитиктарының айтуы бойынша Еуропаның кәсіпорындарының осы операцияға кеткен шығындары 150 млрд. АҚШ долларынан 400 млрд. АҚШ долларына дейін құрды (IBM компаниясының специалистерінің есептеулері бойынша – 175 млрд. АҚШ доллары).
Қайта есептеудің нақты ережелері жоқ. Мысалға, лира мен испан песетасын дөңгелектеу жағдайында не істелік? Бұл кезде сандар неміс маркасын немесе голланд гульденін есептеуден біршама көп болады, бұл Еуропа кәсіпорындарына қиынға түсті. Оған қоса Экономикалық және валюталық одақ есептеулерде үтірден кейінгі алты санға дейінгі нақтылықты қажет етті, бірақ бұл дөңгелектеулер күрделі қателіктер әкелуі мүмкін болды. Бірыңғай валютаның жағымды жақтарының (ақшаны айырбастамай саяхат жасау және әр уақытта банктік комиссия.......
02.01.2019
Вернуться назад