DataLife Engine / Қаржы | Казкоммерцбанк АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

Қаржы | Казкоммерцбанк АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

І. Екінші деңгейлі банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................................................5
1.1. Ұлттық банк және оның екінші деңгейлі банктерді реттеудегі ролі..........5
1.2. Банктегі бухгалтерлік есеп операция жұмысының жалпы сипаттамасы..11
1.3. Банктердегі аналитикалық және синтетикалылық есеп, олардың
формалары-....................................................................................................17

ІІ. «Казкоммерцбанк» АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері.......................................................................................................21
2.1.Екінші деңгейлі банктерде клиенттерге шот ашу, жүргізу және жабу
тәртібі..............................................................................................................21
2.2. «Казкоммерцбанк» АҚ негізгі құралдар мен материалдық
емес активтердің есебі....................................................................................29
2.3. Несиелендіру бойынша операциялардың есебі...........................................31

ІІІ. Екінші деңгейлі банктерде аудитті ұйымдастыру мәселелері......41
3.1. Банктік аудитті жүргізудің тәсілдері мен амалдары...................................41
3.2. Банктердегі аудиттің ерекшеліктері............................................................43
3.3. Банктердің қаржы есебі элементтерінің аудиті...........................................48

Қорытынды..........................................................................................................55

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................57


І. Екінші деңгейлі банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1. Ұлттық банк және оның екінші деңгейлі банктерді реттеудегі ролі
Банк жүйесіндегі есепке алу экономиканың басқа саласындағы есептеу жүйесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс банктердің кәсіпорындарға, мекемелерге есептеу, кассалық, кредиттік, инвестициялық қызметтер көрсетуінде байқалады. Қазақстан Республикасында банк жүйесі қалыптасу процесінен әлдеқашан өтіп кетті. Қазіргі қызмет көрсету қарқыны әлемдік аренаға көтерілу, Қазақстан экономикасының дамуы және оның әлемдік экономикаға интеграциялану процесіне енуге ынталану. Бұл орайда теңгенің тұрақтылығын сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі теңгенің бағамын макроэкономикалық көрсеткіштермен ішкі және сыртқы қаржы рыноктарындағы ахуалды ескере отырып белгілеп, реттелетін еркін айырбас бағамының саясатын жүзеге асырып отыр. Ұлттық банк банктердің сенімділігімен олардың сырттан қарыз алуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуге,банктердің халықаралық стандартқа көшу бағдарламасын іске асыруға байланысты шараларды жүзеге асырып отыр.
Ұлттық банкінің тарихына қысқаша оралсақ, ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді.Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды,халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп,үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы», «Вестник Национального Банка Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• ақша айналымы,несие,банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
• ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
• несие берушілер мен салымшалардың,сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден,Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай – ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады,сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты ( жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.Ұлттық банк- екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген,ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында,сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер,банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептін мерзімін, формасын,тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ак олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шакырып бакылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» Заң куші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден /сатып алушылардан/ Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік /бюджеттік/ резервке алынған қундылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды,өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан /резервтерінен/ құрылады. Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады. Резерв капиталы жаргылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан тускен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:
• алтыннан;
• банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
• Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
• шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
• шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
• өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы /тозуы/ қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі. Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі /Директорат/ саналады. Оның жоғарғы органы-Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мушелерінен тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыли мерзімге бекітеді.Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады.Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе,онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді. Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде,бірақ айында кемінде 1 рет өткізіп,онда Ұлттық банктің,жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды,ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.


1.2. Банктегі бухгалтерлік есеп операция жұмысының жалпы сипаттамасы

Бухгалтерлік есеп жүйесі банк басшысына банкті ұйымдастыруды жоспралау мен бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында жүргізілетін ақпаратты жүйе.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалылығын келесі белгілерден сипаттауға болады:
1. Ақпараттарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді;
2. Есеп беру мәліметтерін жедел түрде алуға мүмкіндік береді;
3. Нақтылықтың /дәлділіктің/ жоғары дәрежесімен қамтамасыз етеді;
4. Алаяқтық мүмкіндіктерін азайтады.
Барлық екінші деңгейлі банктер үшін бухгалтерлік есепті жүргізудегі құжат айналымымен есеп беруді ұйымдастыру мен бақылаудың ортақ тәртібі белгіленген. Заңды және жеке тұлғалардың шоттары бойынша нақты және ақшасыз түрде есеп ақша құжаттарына сәйкес орындалатын жұмыс шеңбері- есеп операция жұмысы деп аталады.
Банктің операцияларын жүзеге асыратын және олардың сомаларын есептеп бейнелейтін қызметкерлері – есеп «операция аппараты» деп аталады. Банктің есеп операция жұмысы өзінің жедел сипатымен ерекшелінеді. Оны мыналардан байқауға болады:
1. Банк мекемесіне клиенттерден, сондай-ақ байланыс бөлімшелері арқылы түскен құжаттар сол күні есепке бейнеленіп, өңделуі тиіс;
2. Күнделікті жұмыс күнінің басында бухгалтер клиент шотындағы қалдықты, сондай-ақ шотқа қойылатын талаптарды біліп отыруы тиіс;
3. Банк мекемелеріне күнделікті дербес шоттың көшірмесін және операцияны жүргізу есебінде қолданылған құжаттың көшірмесін беріп отыру керек;
4. Күнделікті құжаттардың аналитикалық және синтетикалық есеп материалдарының өз-ара салыстырулары жүргізіледі;
5. Әр-бір банк мекемесі операциялық күннің аяқталуына байланысты күнделікті бухгалтерлік баланс құруы керек.
Жұмысты ұйымдастыруға байланысты барлық аталған талаптар мен банк айналымдағы ақша қорытындылары, құндылықтарын сақталуын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру банк басшысына және бас бухгалтерге жүктелген. Банктің бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері заң және нормативті актілерде бейнеленген. Бас бухгалтерді тағайындау және оны жұмыстан босату жоғары тұрған мекеме арқылы жүргізіледі және бас бухгалтер міндетті түрде банк бастығына бағынады. Бас бухгалтер заң актілерін басшылыққа ала отырып қызмет етеді, яғни бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ҚР-ның Ережесі, Ұлттық банктің нұсқаулық құжаттары, нормативтік актілері және тағы басқалары. Бас бухгалтер қабылданған бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік принциптерінің сақталуына жауапты болады. Бас бухгалтерге заңға қарсы келетін операциялар бойынша қаржылық тәртіпті бұзатын құжаттарды қабылдауға тиім салады. Есеп операция аппараты жауапты қызметкерлер принципі бойынша жұмыс істейді. Жауапты қызметкерлерге есеп ақша құжаттарын толтырып, оларға қол қою жұмысы жұктелген.
Есеп операция аппаратының негізгі міндеттерін, сондай-ақ жауапты қызметкерлерге, бақылаушыға, шоттардың белгіленіп берілуін олардың қайта белгіленуін бас бухгалтер арнайы шоттарды белгілеуі және қайта белгілеу туралы кітапқа тіркеу арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кезде банкте жоғалту, жымқыру, зұлымдық жасау, тәуекелшілікті жою үшін ішкі құрылымдар ашылуы тиіс. Оның негізгі принципі мынада: әр қызметкер өзінің бөлімшесінде жүргізілетін операцияларды қадағалап солар бойынша жауаптылықта болады.
Банктің ішкі құрылысы шартті түрде негізгі екі бөлігі бөлінуі керек Франт-офис – банктің клиенттерімен серіктестік келісім шарт құратын бөлімі, ал Бэк-офис- орындалған операцияларды тіркейтін бөлім.
Құжаттар – жүргізілуі шаруашылық операцияларға заңды күш беретін жазбаша куәлік болу болып табылады.Құжаттау есеп аппаратының басы және банк қызметін тұтас ұздіксіз көрінісімен қамтамасыз етеді. Құжат дұрыс, ешқандай түзетусіз тапсырылуы керек. Құжаттарда тиісті реквизиттер және оған заңды күш беретін көрсеткіштер болуы керек оған мыналар жатады: құжат атауы, банк мекемесінің қызметін пайдаланатын мекемелер, төлеушілер мен алушылардың аттары мен тұрғылықты жері, банктегі шот нөмері, төлем түрі , операция сомасы, жауапты тұлғалар мен клиенттердің қолдары мен және олардың мөрінің көшірмесі, барлық құжаттарға бухгалтерлік жазба негізінде копировка болуы қажет, балансті және баланстан тыс дербес шоттар бойынша сомалары көрсетілуі керек.
Банктің есеп кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары бухгалтерлік есеп жүйесінде ақша есеп құжаттары негізінде бейнеленеді. Бұл құжаттар банкке шаруашылық мекемелерден, ұйымдардан және басқа да банктерден келіп түседі. Сондай-ақ құжаттарды банктердің өздері құрады.
Бұл құжаттардың жиынтығы банктік құжаттар деп аталады.
Құжаттар былай бөлінеді: банктік , клиенттік.
Банкте құралатын құжаттарға мыналар жатады:
- банк аралық есеп айыру бойынша дебеттік және кредиттік тапсырма.
- Мемориалдық және кассалық ордер
- Қаржы шоты бойынша несиенің қамтылуын талдау нәтижесі бойынша несие бөлімінің өкімі;
- Есеп айыру құжаттарын төлеу үшін несие беру туралы өкім;
Клиенттік құжаттарға мыналар жатады:
- төлем тапсырысы;
- төлем талап тапсырысы;
- қолма-қол жарнама, хабарлама;
Банк аралық есеп айыру бойынша дебеттік және кредитік тапсырыс операцияның орындалғаны туралы, сондай-ақ басқа қаланың есеп айыруын толтыру кезіндегі бір банктің екінші банкке хабарламасы ретінде қолданылады.
Мемориалды ордер төлем тапсырысын бөліп төлеген кездегі операцияны толтыру үшін қолданылады. Ақшаны босату және қабылдау операциясы кезінде толтырылатын кассалық ордерлер кіріс және шығыс бойынша бөлінеді.
Кіріс кассалық ордерге мыналар жатады:
- қол ма қол жарнаға хабарлама;
- кіріс кассалық ордер;
- ақша қабылдау бойынша түбіртек;
Шығыс кассалық ордерге мыналар жатады:
- ақшалай чек;
- ішкі банк операцияларын жүргізу кезінде қолданылатын шығыс
кассалық ордер/аванс беру,қызметкерлерге жалақы беру, клиенттерге аманат беру, айналымға ақша шығару/;
Бухгалтерлік жазбаларда қысқарту мақсатында операцияның сипатына байланысты құрама құжаттар қалдырылады. Бұл құжаттарда бірнеше операциялар біріктіріліп көрсетіледі. Оған жататындар:
-құрама төлем тапсырысы;
-құрама ордерлер;
Баланстан тыс құжаттарға кіріс және шығыс баланстан тыс ордерлер жатады. Бұл құжаттарда құндылықтардың, қатаң есеп бланкілерінің, бухгалтерия мен кассадағы құжаттардың қабылдануы мен берілуі көрсетіледі.
Банк операциясын жүргізуге негіз болатын барлық кассалық және мемориалды ордерлерде оларды тексерген және толтырған бланктерде тұлғалардың қолдары боу керек:
А/қосымша тексеруді қажет етпейтін құжаттарда жауапты орындаушының біреуінің ғана қолының болуы да жеткілікті
Б/клиенттерден келіп түскен құжаттар формальды және мәні жағынан тексеріледі.
Формальді жағынан бухгалтер мыналарды тексереді:
-реквизиттердің толықтылығын
-клиенттердің қолы мен мөрінің дұрыстығын
-алғашқы және соңғы даналарда ешқандай айырмашылық жоқ
екендігін.
Мәні жағынан тексергенде:
-құжат қай шоттан төленуі тиіс екендігін
-шотта құжатты төлеуге қаржы бар екендігін
-қол үлгісінің карточкасы бойынша құжаттарға кімнің қол
қойғанын
-құжаттың мерзімін.
Ақшалай чек бойынша шаруашылық ұйымдар ақша алғанда, шаруашылықтың жауапты тұлғасының төл құжаты тексеріледі.
Жұмыс күнін және құжат айналымын ұйымдастыру, банктің ішкі бақылауын жүргізу.
Есеп операция қызметкерлерінің жұмыс күнін ұйымдастыру, келіп түскен есеп ақша құжаттарын толтырып, бухгалтерлік есепте балансты және баланстан тыс шот бойынша баланс құрумен уақтылы қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Банктерді жұмыс күнін және құжат айналымын ұйымдастыруға мынадай негізгі талаптар қойылады:
-барлық есеп ақша құжаттары шоттар бойынша бухгалтерлік есепте сол күні бейнеленуіне тиіс
-операция күнінің соңына келіп түскен құжаттар тәртіп бойынша келесі жұмыс күні клиенттер шоты бойынша жүргізіледі.
Банктің жұмыс күнінің операциялық және операциялық емес болып бөлінуіне байланысты операция күнінің нақты аяқталу уақытын банк басшысы белгілейді. Операция күнінің барысында клиенттерден ......
31.12.2018
Вернуться назад