DataLife Engine / Информатика | Информатика курсы бойынша білімді бақылауды автоматтандыру

Информатика | Информатика курсы бойынша білімді бақылауды автоматтандыру

Мазмұны

Кіріспе
1.Тест құру теориясы мен әдістемесі............................................................3
1.1.Тест құрудың теориялық негіздері…………………………………………........9
1.2 Информатикадан тест тапсырмаларын құрудың ерекшеліктері және оқушының білімін бағалау критерийлері...............................................................................26
2.Информатика курсы бойынша білімді бақылауды автоматтандыру.........................................................................................34
2.1. Информатика курсы бойынша тест тапсырмалары..........................................37
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Тест құру теориясы мен әдістемесі.
1.1. Оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне шолу. Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын бақылау оқу процесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Көпшілік жағдайда бақылаудың қортындысынан бүтіндей оқу процесінің жетістіктерін көруге болады.
50-жылдар әдебиеттерінде оқушылар оқу материалын сабақта немесе оқулықта айта алғандай емес, мұғалім қалай сұрайды, солай меңгереді деп көрсетілген. Педагогика ғылымында бақылау мәселесінің әртүрлі қырлары қарастырылады. Бақылаудың жалпы дидактикалық мәселелері. С.И.Архангельский, В.П.Беспалько, В.И. Михеева, Б.П.Есипов, Т.И. Илина, Н.М.Розенберг, Е.И.Перовский, Л.С.Рысс, Г.И.Щукина және тағы басқалар еңбектерінде зерттелген.
Білім беру саласындағы бақылау мәселелері көптеген ғалымдардың зерттеулерінде талай жылдан бері орын алып келеді. Оқушылардың білімін тестік бақылау мәселелері Қазақстандық ,ғалымдар Ғ.М.Мутанов, Е.Ө.Медеуов, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, С.С.Джузбаөв және т.б. еңбектерінде зерттелді.
"Бақылау" ұғымы оқушылардың білімін, біліктілігін айқындау, өлшеу және бағалау деген түсінікті білдіреді. Айқындау және өлшеу тексеру деп аталады. Сондықтан мұғалімге оқушы біліміндегі жетіспеушілікті дер көзінде анықтауға мүмкіндік беретін, оқушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесі туралы дәйекті ақпарат бөретін тексеру бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білімді меңгеру дөңгейі мен сапасын анықтау ғана емес, сонымен қатар алған білімінің көлемін де анықтау.Тексеру мен қатар бақылау жеткен жетістікті бағалауды және тексеру нәтижелерінің бағасын қамтиды. Бақылаусыз жеке тұлғаның қалыптасуы мен тануын қамтамасыз етуге болмайды. Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні - оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың
шығармашылық күшіне, қабылетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі керек. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және оның баяндылығы бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық мәлімет алу өте қажет.
Бақылау әдістері, функциялары, ролі мен алатын орны тәрізді маңызды мәселелер отандық, сонымен қатар шетелдік мамандар еңбектерінен орын алды. 50 жылдардың аяғында Е.И.Перовский кеңес мектебінде жинақталған тәжірибені қорытындылау негізінде оқушылардың білімін бақылау қағидалары мен қызмет ету аясын тұжырымдады. Сонымен қатар бақылаудың тұрпаты мен әдістерін, бақылау тапсырмаларының түрлерін сипаттады.
Зерттеулерде педагогикалық бақылаудың диагностикалық үйретуші, дамытушы және тәрбиелеуші сияқты негізгі міндеттері көрсетіледі. Сонымен қатар бақылаудың қайталаушы, бекітуші және жалпылаушы қызметтері көрсетілді. Оқушының білімін және біліктілігін бақылау мәселесі бойынша дидактиканың негізгі жетістіктерінің бірі бақылаудың әрбір қызметінің мәнін көп қырынан айқындау болып табылады.
Диагностикалық қызмет бүкіл бақылау мәселелері үшін айырықша және аса маңызды қызмет болып табылады. Оқушының үлгерімі- оқыту тиімділігінің маңызды өлшемдерінің бірі. Оның нәтижесі оқытудың әртүрлі кезеңінде білім мен біліктілікті игеру барысын сынауға, сонымен бірге оқу процесінің оңтайлылығын арттыруда қолданылатын құралдар мен әдістердің тиімділігін салыстыруға мүмкіндік береді.
Бақылаудың маңызды қызметтерінің бірі үйретушілік болып табылады. Бұл қызмет аясын оқушылардың жаңа білім мен біліктілікті меңгеру және оларды бақылау тапсырмалары арқылы жетілдіру жолындағы іс-әрекеті деп түсіну қажет. Білімді жетілдірудің өзі толықтыру, түзету, нақтылау жолдары арқылы жүзеге асады. Бақылау тапсырмаларын орындау барысында оқушының өткен материалды ой түйінінен өткізіп, оның жөкө бөліктерін бір тұтас жүйөге біріктіреді. Үйретушілік қызметінің ролін бақылау процесінде оқыту ұғымымен түсіндіру қажет. Бұл ұғым мынандай құрамдас бөліктерден: бақылау барысында жаңа ұғымдарды бөліп алу; басты және қосымша ұғымдарды ажырату; білімді тереңдету, түсініктерді жіктеу, қосымша ақпарат алу; жаңа жағдайларда алған білімді қолдана білу; алынған білімді шығармашылықпен түйіндеу; білімді күнделікті іс-әрекетте пайдалану мүмкіншілігінен тұрады.
Бақылау барысында мұғалім оқушыдан дәлелдеуді, негіздеуді, дәйектеуді, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды талап еткен жағдайда ғана дамытушы қызмет көрінуі мүмкін. Бақылау оқушының ойлау қабылетін дамытады, өйткені бақылаудың кез келген түрінде оқушыға жұмыс істеу, қажетті білімді еске түсіру және оны өңдеу қажет. Бұл процестердің барлығы ойлануды қажет етеді.
Оқу сапасын бүтіндей жақсартуды бақылаудың қайталаушы және бекітуші қызметтері қамтамасыз етеді. Мәселені әртүрлі деңгейде қарастыруды, оқу материалын қайталауды бақылаудың жалпылаушы қызметі жүзеге асырады. Кері байланысты алуды және оны ұйымдастыруды бақылаудың басқарушы қызметі қамтамасыз етеді. Білім мен біліктілікті бақылау мәселесінің маңызды қырларының бірі оның барлық қызметтерінің табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шарттар мен құралдар болып табылады. Ол үшін бақылаудың әртүрлі әдістері мен түрлерін жүйелі түрде қолдану жеткілікті.
А.С.Аванесов, В.П.Беспалько, Р.М.Соколов және тағы басқа зерттеушілер оқытуды бақылаудың байырғы түрлері үнемі объективті, нақты (валидті) және сенімді бақылау әдісі бола бермейтінін атап көрсетті.
Бағаның субъективтілігі, бақылау қорытындыларын қайта қалпына келтірмейтіні дидактикалық прцесте нақты және пәрменді шешімдерді қабылдаудың және оны жетілдіру жолдарын табу мүмкін еместігіне әкеледі, демек, педагогикалық бақылаудың байырғы әдістерінің жеткіліксіздігін көрсетеді.
Тәжірибе білімді бақылауды ұйымдастырудың үш негізгі түрін (жекеше, жаппай (фронтальды), топтап) және білімді бақылаудың: алдын-ала, күнделікті, аралық және қорытынды бақылау сияқты төрт түрін ұсынады. Бақылаудың әр түрі өзінің міндетін , сонымен катар олар бір-бірімен және оқыту процесінің құрамдас бөліктерімен тығыз байланысты болады.
Алдын-ала бақылау мұғалімді материалдың күрделілігінің мүмкін болатын көлемін шамалауға бағдарлай отырып, білімнің негізгі деңгейіне диагностика жасауға қызмет етеді және алдын-ала табысты жоспарлау мен басқарудың алғы шарты болып табылады.
Күнделікті бақылау оқыту процесінің оқушының оқу материалының меңгеру дәрежесін анықтайтын табиғи бөлігі болып табылады. Күнделікті бақылаудың міндеттері мынандай: 1) оқытылған материалды меңгеру көлемін, сапасы мен тереңдігін анықтау; 2) білімдегі бар олқылықтарды анықтап және оларды жою жолдарын белгілеу; 3) оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру деңгейін анықтау және оларды жетілдіру жолдарын белгілеу; 4) оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жеке тараулар мен тақырыптарды оқу сапасының көрсеткіші аралық бақылау болып табылады. Егер күнделікті бақылау меңгерудің бірінші деңгейін , яғни тақырып бойынша жалпы бейімділігін барлау мақсатында өткізілетін болса, тақырыптық бақылау алынған білімді меңгерудің беріктігін бірталай уақыт өткеннен көйін бақылауға мүмкіндік береді. Тақырыптық бақылау пәннің көлемді тарауларын, бөліктерін қамтиды, бақылау жалпылаудың, неғұрлым жоғарғы дәрежесінде өткізіледі. Қорыта келгенде, аралық бақылау оқышыларға бағдарлама тақырыбын толық қабылдауға және меңгеруге, оның басқа тақырыптармен байланысын ашуға мүмкіндік береді, мұның өзі оқушы білімін бір жүйеге келтіруге жағдай жасайды.
Қорытынды бақылау оқушылардың алған білімдерінің мазмұнын сапалылығы, тереңдігі және көлемі бойынша бақылауға, оны іс жүзінде қолдану біліктілігін анықтауға қызмет етеді. Қорытынды бақылау бақылаушылық міндетін басқа бақылаудың түрлеріне қарағанда әлде қайда жоғарғы дәрежеде жүзеге асырады.
Оқушылардың білімін бақылау әртүрлі әдістермен, атап айтқанда, ауызша, жазбаша, бағдарламалы және тестік бақылау түрінде іске асырылады.
Ауызша түріне жататындар: тақта алдында сұрау, жаппай фронтальды сұрау, көзбен шолып бақылау (ескерту, талқылау, баяндамалар), оқушылардың өзара бақылауы, сынақ, емтихан.
Білім берудің қазіргі жүйесінде оқушының білімін бақылаудың кең тараған түрі бақылаудың ауызша түрі болып табылады. Ауызша бақылау түрі әрбір сабақта оқушының өткен сабақтың тақырыбын қалай меңгергендігін қысқаша бақылау ретінде өткізіледі. Қорытынды бақылау алдында ауызша бақылау көбірек өткізіледі және жеке даралық сипатта болады. Барлық ресми емтихандарда бақылаудың ауызша түрі маңызды роль атқарады. Соған қарамастан ол бақылаудың аз зерттелген түрі болып табылады, өйткені ауызша жауап ұзақ уақыт бойы оны қайтадан талдауға мүмкіндік беретін түрде бейнеленбей келді. Алғашқы зерттеулер көрсеткендей, білімді бақылаудың ауызша түрі нақты (валидті), сенімді және объективті емес. "Қарама -қарсылық әсері" : нашар оқитын оқушыдан кейін жақсы оқитын оқушы жауап берген көзде немесе керісінше жағдайда балл шашыраңқылығы 2,95 -тен 3,84 (5 балдық шкалада) беріледі. "Сөйлеу қарқынының әсері" -жылдам, баяу- 2,51-ден 3,38-ге дейін. Мұғалім оқушының сөйлеу қарқынының жоғарылығы оның білімінің тереңдігін және қабылетінің жоғарлығының белгісіндей көрінеді. Өткенді қайталау мақсатында ауызша бақылау кезінде әрбір оқушыға әртүрлі қиындық дәрежесінде сұрақтар берілетіні, бұл сұрақтардың қиындықтарындағы айырмашылықтары мұғалім қате қабылдайтыны дәлелденгенін үнемі есте ұстауы қажет.Өткен материалды қайталау мақсатында өткізілетін мұндай бақылауларды оқушының үлгерімін бақылауда қолдануға болмайды. Емтихан алушыға бір күнде бірнеше ауызша емтихан қабылдауға болмайды, өйткені "жауап кезектілігі әсерін" бақылау мүмкін емес. Сонымен, оқушының үлгерімін бақылауда ауызша бақылау жарамсыз құрал болып табылады.
Мұғалімдерді қарқынды түрде дайындамай және оқытпай тұрып, ауызша сұрау бақылаудың объективті, нақты емес және сенімсіз бақылау түрі болып қалады.
Дегенмен, оқушыны оқытуды ауызша сұрау үлкен роль атқарады, ол мұғалімге оқушыларды өз ойын айтуға үйретуге мүмкіндік береді. Оқушы өз ойын сауатты түрде айтып үйреніп, сонымен қатар ойлай білуге де үйренеді. Соған орай, ауызша бақылау мәселесін көтергенде мыналарды ескеру керек: 1) жауапта барлық маңызды нәрселер айтылды ма; 2) оқулыққа не қосылды; 3) баяндау реті; 4) ой түйіндерінің дәйектілігі; қорытындының дұрыстығы; 5) оқушының сөйлеуі. Оқушы жауабының мынадай жобасын ұсынуға болады: 1) не туралы сөз болуда; 2) не алынуы керек; 3) бұл қалай алынады.
Бақылаудың жазбаша түріне бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, карточкалар бойынша жауап беру, тәжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жатады. Білім беру жүйесінде емтихандық жазба жұмыстары ең жиі қолданылатын бақылау құралы болып табылады. Барлық зерттеулерде бір ауыздан дәстүрлі жазбаша білімді бақылаудың әділдігі, нақтылығы, сенімділігі, жеткіліксіз екені және сыныптан сыныпқа, пәннен-пәнге өткен сайын баға ауқымында айтарлықтай айырмашылықтар пайда болатыны дәлелденді. Жазба жұмыстарының әділдігі жеткіліксіз екенін көрсеткен зерттеулердің қорытындысын жалпылай келе, барлық пән бойынша емтихан жұмысының бағасына мыналар әсер етөтінін көреміз: 1) жазба жұмысының сыртқы түрі; 2) бағалаудың реті; 3) сыналушы туралы белгілі болған ақпараттың сипаты; 4) грамматикалық қателері; 5) қолтаңба; 6) оқушыға көзқарас; 7) сыныптың үлгерім дейгейіне қатысты бағалаудың салыстырмалы жүйесі. Жазба жұмыстарының сенімділігі мен нақтылығын зерттеу де жағымсыз қорытынды берді. Баға қойғанда, мұғалім сапаның абсалюттік ауқымына емес, сынып үлгеріміне бағдарланған жеке сапа ауқымын алады. Оқушының біліміне алған бағасы оның білімінің сапасы емес, бүкіл сыныпқа қойылатын бағаға және сонымен қатар оқушыны бағалаушы мұғалімге де тәуелді болады. К.Ингенкамп өзінің зерттеуінде бір пәннің өзі егер ол мектепте негізгі болмаса, әртүрлі бағаланатынын, яғни пәннің "қиындығы" оның мазмұнына тәуелді емес екендігін дәлелдейді.
Бақылаудың бағдарламалы түріне есепті шығару, бақылау және лабораториялық жұмыстар, әртүрлі жоба -сызбалар жатады. Бағдарламалы бақылау оқу процесінің табиғи бөлігіне айналды, ол оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. әрбір оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды күтпей, келесі тақырыпты оқи алады, яғни оқыту саралап оқыту сипатына ие болды. Оқушы дұрыс жауап бермеген жағдайда пәннің меңгерілмеген тақырыптарын қайта оқуға мүмкіндік алады. Оқыту қарқыны жекешелендіріледі. Бірақ көптеген мектептерде материалды -техникалық базаның жоқтығына байланысты бағдарламалы бақылау көп таратылмаған.
Тестік бақылау- оқушының жетістіктерін неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік беретін, арнайы жасалған ғылыми -ұтымды процедура.
1.2.Тест құрудың теориялық негіздері.
80-90 жылдары зерттеушілер мен тәжірибелі оқытушылардың назары бұрынғы Кеңес Одағында 20-30 жылдарда қолданылған және қәзіргі шетел мектептерінде кеңінен пайдалынып жүрген тест әдісіне жұмылдырылды. Оған қызығушылық бірнеше себептермен түсіндіріледі: 1) біліктілікті қалыптастыруда бақылаудың үйретушілік міндетінің және соның ішінде адамға өте қажет таңдау біліктілігінің күшеюі; 2) жалпы оқу процесінде бақылауды әділеттендіруге бағытталу; 3) бақылау процесін интенсивтендіру арқылы оқыту процесін интенсивтендірудің әлемдік үлгісіне ұмтылу; 4) бақылаудың жиілігін арттыру және оған жіберілетін сабақ уақытын қысқарту қажеттігі.
Оқушылардың білімін бақылауда алғашқы тест әдісін 1864 жылы Ұлыбританияда Дж.Фишер қолданды. Тестілеуді әдіс ретінде бірінші рет американдық психолог Дж.Каттел ұсынған еді. Ол "тест" терминін енгізді, бірақ тестілеудің теориялық негізін 1883 жылы ағылшын психологы Ф.Гальтон жасаған болатын. Ф.Гальтон оны үш негізде тұжырымдады: 1) бірдей сынауды сынаушылардың көп тобына қолдану; 2) нәтижелерін статистикалық түрде өңдеу; 3) баға эталонын белгілеп алу.
Алғаш тестер XIX -XX ғасырда психология ғылымының шапшаң дамуына байланысты психологияда кеңінен қолдана бастады. "Тест" ұғымымен алғаш танысқандар оны адамдардың бір қабылетін, білімін, қасиетін, бейімділігін сынайтын немесе тексеретін құрал деп білді.
XX ғасырдың 20-30 жылдарында тестердің теориясын қамтитын психологиялық өлшеулер теориясының негіздері салынды. Психология үшін тың жаңа бұл бағыттың пайда болуы қауырт приактикалық мәселелерді шешу және ......
28.12.2018
Вернуться назад