DataLife Engine / Экономика | Инвестиция туралы түсінік

Экономика | Инвестиция туралы түсінік

Мазмұны

Кіріспе

1- тарау Инвестиция туралы түсінік..................... 4-б
1.1 Инвестицияның мәні,формалары мен
Түрлері.............................................................4-7-б
1.2 Тікелей инвестиция........................................ 8-11-б

2- тарау Қазақстан экономикасындағы
инвестицияның орны..............................12-б
2.1 Қазақстан экономикасындағы шетелдік
инвестицияның орналасуы..............................12-18-б
2.2 Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей
инвестиция тартудың маңызы........................19-21б

3- тарау Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат,шетелдік инвестицияларды тартудағынегізгі проблемалар және олардың
болашаққа әсері......................................... 22-28б
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кесте-1
Кесте-2
Кесте-3

Диаграмма


1. Инвестиция туралы түсінік
1.1 Инвестицияның мәні, формалары мен түрлері.
Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық жиналған құралдардың запасын білдіреді. Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты.
Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі.
"Инвестициялар түсінігі" – көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:
Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады.
Инвестициялар – халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған және интелектілік құндылықтарды барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз – пайда табу мақсатындағы капиталдың ұзақ мерзімдік салымы.
Инвестициялар- бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс тұрғысынан, өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты шығындар. Бірақ қоғамда басқада өндірістік деп айтуға болмайтын шығын түрлері бар. Оларға қорғанысқа жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады.
Шетелдік инвеситция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Қазіргі кезде инвестицияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады. Қаржылық инвестиция - бағалы қағаздарды, облигацияларды, акцияларды сатып алу, банктерге пайыз мөлшерлемесімен депозиттік шотқа ақша салу және т.б.
Қаржылық емес инвестиция – ақшалай емес инвестиция, ол инвестициялық жобаға материалдық емес активтерді (құқықтар, лицензиялар, ноу-хау) және материалдық активтерді (машиналар, құрал-жабдықтар, жер учаскелері және т.б.) салу.
Тікелей инвестиция – шаруашылық субъктінің жарғылық капиталына, акционерлік қоғамның акциаларына, дивиденд түрінде пайда табу мақсатында да, сонымен қатар акционерлік қоғамның мүлігін басқаруға қатысу құқығына ие болу мақсатында, ақшалай салымдар.
Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы өте зор. Себебі бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл жерде технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады. Бұл ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ құнды қағаздар ретінде келеді.
Өндіргіш күштердің дамуына, интеллектуалдық потенциалына, ғылыми зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдердің білімге және ғылымға жұмсалатын салымдары олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды.
Қаржылық инвестициялар капиталдық салымдардың қосымша көзі бола алады, сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы биржалық ойының құралы да бола алады. Бірақ, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі – материалдық өндірістің әр түрлі салаларындағы кәсіорындардың акциаларындағы салымдар - өзінің табиғаты жағынан өндірістегі тікелей инвестициялардан ешқандай айырмашылығы жоқ.
Кез-келген фирма қызметінің маңызды саласының бірі ретінде инвестициялық операциялар, яғни жобаларды жүзеге асыруға салынатын ақшалай құралардың салымымен байланысты операциялар.
Комммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
• Физикалық активтерге салынатын инвестициялар;
• Ақшалай активтерге салынатын инветициялар;
• Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар.
Физикалық активтерге өндірістік ғимараттар және құрылыстар, сонымен қатар кез-келген машиналар және құрал-жабдықтар, қолдану мерзімі бір жылдан жоғары, өндірісте қолданылатын кез-келген мүлікті жатқызуға болады.
Ақшалай активтерге басқа жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан ақша сомаларын алуға құқықтарды жатқызуға болады. Олар банктегі депозиттер, облигациялар, несиелер, қарыздар, залогтар және т.б.
Материалдық активтерге персонолдың біліктілігін көтеру және қайта оқыту бағдарламаларын жүргізу, сату белгілерін дайындау, өнеркәсіптік меншік құқықтарын беру лицензияларын алуды жатқызамыз.
Инвестицияның барлық түрлері фирманың өмір сүру қабілетін сақтап қалуға және ары қарай дамуына маңызы өте зор.

1.2 Тікелей инвестиция
Қаржы иелері нарықта капиталды тұтынушыларын делдалдарсыз табуы мүмкін, басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде қаржылардың иелерінен қарыз алушыларға тікелей ауысуы мүмкін. Бұл салымдар түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдердегі меншікке тікелей меншіктену құқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және қарыз бен несие түріндегі ішкі фималық аударулар кіреді.
Шетелдік инвестициялар халықаралық капитал қозғалысының формаларының ішінде ерекше роль атқарады. Тауар өндірісінің әлемдік нарықтан әлемдік шаруашылыққа өту барысында тек қана тауар қозғалысы ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторларынын да, әсіресе капиталдың тікелей инвестиция түріндегі халықаралық қозғалысы пайда болады.
Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды орнықтыру да кіреді.
Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, тікелей инвестиция дегеніміз – инвестордың өз қаржысын жұмсаған объектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болуы.
Инвестицияларды шет елден тартудың негізгі себебі ішкі нарықтың кенею кезіндегі капитал қажеттегі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол экономикалық өсу мен өндірісті жаңартудың маңызды көзі болады. Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс орындардың көбеюіне, жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді. Инвестор компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына технологияларды, маманданған кадрларды және нарықтарды беруі мүмкін.
Тікелей инвестициялар әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық бизнеске әсер етеді.
Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоңарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады.
Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:
• өзі үшін қалыпты нарықты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер нарығына шығудың бастамасы;
• әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі нарықты құру;
• аймақтық және халыаралық деңгейдегі мемлекеттік қатынастарға өзінің мүддесін қосу;
Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері болып:
• шет елдегі кәсіпорын, оның ішінде филиалдар мен тәуелді кәсіпорындарды құру;
• контракт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;
• табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;
• елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу болып табылады;
Тікелей инвестициялар әлемдік нарықта халықаралық корпорациялардың үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. П. Х. Линдерт пікірі бойынша, «тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылық ... ең алдымен бақылау мәселесінде».
Тікелей инвестициялар дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы «тиімді дауысын» түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:
1. шет елде акциялар сатып алу;
2. пайданы қайта инвестициялау;
3. ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану;
Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған: субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім - шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігінің кеңею процесі, глобальды мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет ететінін мойындауымыз қажет.
Капитал экспортының географиясының өзгеруі туралы айтқанда, бір қызық жәйтке көңәл аудару қажет. Қазіргі кезде капитал миграциясы тек өндірісі дамыған елдер арасында ғана емес, солар мен дамушы елдер арасында да өтуде. Біз дамушы елдерден, әсіресе ОПЕК ұйымының елдерінен дамыған елдерге капитал экспорьына куә болып отырмыз. Бұл бағыттағы капиталды шығару дамушы елдерге жоғары табыс әкелумен қатар, олардың өндірісі дамыған елдермен экономикалық байланысын нығайтады.
Бірақ бастапқы кезеңде капитал экспорты негізінен индустриалды елдерден, өздеріне тәуелді аграрлы елдерге бағытталған еді. Мысалға, Англия мен Франция өз қаржыларын Үндістан, Египет, Алжир, Сирия және тағы басқа да отарларына салған, АҚШ өз капиталын Латын Америкасына, ал Германия- Оңтүстік- Батыс Африкаға бағытталды.

2- тарау. Қазақстан экономикасындағы инвестициясның орны.
2.1 Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орналасуы.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро- пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді.Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу, соларға байланысты жаңа жұмыс орындарын ашу инвестициялық процестерге тәуелді.
1993 жылмен 31.12.2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына 38721,6 млн. АҚШ доллары шетелдік инвестициялар тартылған. Осы құрылымның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар үлесі – 58% немесе 22399,1 млн. АҚШ доллары. Сауда несиелері, ссудалар және т.б. міндеттемелер – 38%(15023,1 млн. АҚШ доллары) және портфельдік шетелдік инвестициялар үлесі -3,2%(1299,4 млн. АҚШ доллары).
Шетелдік тікелей инвестицияның жоғарғы деңгейінің сақталуы капиталдың ссуда және қарыз түрінде келуімен байланысты, әсіресе басты компаниялардың өздерінің филиалдарына беретін.
2004 жылы ЖШС “Тенгизшевройл” 3,3 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартты және 1,1 млрд. доллар еврооблигацияларын шығару құралдары арқылы. Қашаған жобасы бойынша мұнай операцияларын қаржыландыру 2003 жылмен салыстырғанда 72,2% өсті және ол 1,5 млрд. долларды құрады. Қарашығанақ жобасы бойынша капитал салымының 12,1 % қысқарғаны байқалды, сондықтан да барлық игерілгені 0,97 млрд. доллар болды.
Диаграмма. Қашаған , Теңіз және Қарашығанақ жобаларын қаржыландыруға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар, млн. АҚШ $.

Соңғы жылдары инвестициялық салымдардың құрылымы өзгермеген, себебі шетелдік тікелей инвестициялар алдыңғы орында.
Базистік жылға қарағанда, шетел азаматтарының қазақстандық кәсіпорындырдың акционерлік капиталына деген инвестициялары 393 млн. АҚШ долларынан 408 млн. АҚШ долларына дейін өсірген болатын. 2004жылы шетел азаматтарының қатысуымен, Каспийдің қазақстандық өңірінде барлау жүргізетін ЖШС “Аташ компаниясы” және ЖШС “Қазақстан-қытай құбыр жолы”құрылған болатын.
Сол 2004 жылдың ішінде тікелей шетелдік инвесторлар берген қарыздарды өтеу 1,8 есе өсті. Соңында ол 4,2 млрд. АҚШ долларынан асып кетті.
Осыған байланысты, 2004 жылы тікелей шетелдік инвестицияның таза көлемі 5,5 млрд, доллардан асып кетті.
Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестицияның Қазақстан экономикасына әсері ЖІӨ-ң 15%-н құрады. Осыған байланысты, ұлттық экономикалық саясат шетелдік компаниялар жағынан әзірге қатты қысым көріп отырған жоқ. Бірақ, тікелей шетелдік инвестициялардың өсуінің қазіргі қарқыны шетелдік инвестиция тартуға мемлекеттік реттеудің керектігін көрсетіп отыр. Сондықтан да, пайда болған ситуацияда бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын интенсивті дамыту керек, осыған байланысты портфельдік инвесторлар институттарының дамуы пайда болады.

Кесте-1 Тікелей шетелдік инвестицияның келу көлемі.


2004 жылы айналым капиталын қаржыландыру мақсатында түсті металлургия кәсіпорындары да өзінің аналық кәсіпорындарынан белсенді түрде қысқа мерзімді құралдар тартқан болатын және олар шетелдік тікелей инвестицияның түсті металлургия саласындағы үлесін – 3.8% дейін жоғарылатты.
Кесте- 2 Жалпы тікелей шетелдік инвестицияның экономика салалары бойынша Қазақстан экономикасына келуі, млн. АҚШ $.

2003 жылдың қаңтар маусымында инвестиция көлемі республиканың 11 өңірінде өсті. Аса мол өсім Қызылорда (3,1), Жамбыл (1,8 есеге), Солтүстік Қазақстан (1,6 есеге), Аламаты (1,5 есеге), Ақтөбе (1,4 есеге) және Атырау (1,3 есеге) облыстарында байқалды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында (12-2%) артты.
Барлығы 2004 жылы Қазақстанға 27830,5 млн. АҚШ доллары шетелдік инвестиция келді, оның ішінде жалпы шетелдік тікелей инвестициялар ағымы 8423,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Соңғы жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша инвестициялық ағындар бағытының өзгермегеніне қарамастан, түсім динамикасы шетелдік инвесторлардың қызығушылығы экономиканың өңдеу салаларына төмендегенін көрсетеді. 2004 жылы жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі тау-кен өнеркәсібінде 2,6% өсті, ал өңдеу салаларында 1.9% кеміді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің аграрлық секторда жүргізіп отырған прогрессивтік реформаларына қарамастан. ауыл шаруашылық саласында да тікелей шетелдік инвестицияның төмендегенін көруге болады. Транспорт және байланыс салаларына шетелдік инвесторлардың тікелей капитал салымдары өсті, оның басты себебі транспорттық қызметтер нарығын демонополизациялау реформалары болып табылады.
Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан экономикасындағы алдыңғы орындардағы донар елдердің де құрамы өзгерген жоқ. Тек Нидерланды Ұлыбританияны ығыстырып екінші орынға шықты.
Инвестиция салудан бірінші орынды АҚШ алады, ол Қазақстанда жиналған барлық шетелдік инвестициялардың -21.3% құрайды, одан кейін Нидерланды -19,9 % және Ұлыбритания -11.3% (3-кестеде көрсетілген).



Кесте 3. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың келуі, млн. АҚШ $
Жиналғаны Оның ішінде
Барлығы 31.12.04 Тікелей Портфельдік Басқалары
Барлық инвестиция 38721,6 22399,1 1299,4 15023,1
Оның ішінде
АҚШ 8238,1 7551,2 119,4 567,5
Нидерланды 7686,7 3687,4 10,4 3988,9
Ұлыбритания 4387,6 3009,6 136,8 1241,1
Италия 1635,8 1570,1 0,3 65,4
Жапония 1377,2 558,9 2,5 815,8
Германия 1307,4 232,3 10,9 1064,1
Ресей 1260,2 717,3 11,4 531,5
Қытай 1099,6 892,4 1,0 206,2
Франция 822,0 711,4 0,2 110,4
Швейцария 720,6 219,6 26,3 474,6
Түркия 579,4 400,8 7,3 171,3
Австрия 509,8 21,1 29,5 459,1
Канада 387,2 283,8 0 103,4
Индонезия 359,2 358,1 0 1,2
Басқа елдер 6130 2144,5 933,3 3079,1
Халықаралық ұйымдар 2194,2 40,6 10,1 2143,5

2004 жылдың баында АҚШ инвесторларымен 8238,1 млн. Доллар жиналған болатын, соның ішіндегі капиталдың үлкен бөлігі (78%) республиканың тау кен өнеркәсібі секторына негізделген. Ал басқа бөлігі республика ......
28.12.2018
Вернуться назад