DataLife Engine / Саясаттану | Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары

Саясаттану | Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары

Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................................................3
I Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі
бағыттары.................................................................................................................................4 - 8
1.1 Социализм идеологтарының саяси –құқықтық көзқарасы.........................................8 - 11
1.2 Франциядағы саяси ілімдер .........................................................................................11 - 16
1.3 Германиядағы либерализм..........................................................................................16 -21
Қорытынды.....................................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................................23

Кіріспе
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер онан ары нығая түсті. Әсіресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Сондықтан да оның саяси-заңгерлік идеялары оқулықта қарастырылмайды. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси өдебиетінде Эдмунд Берк (1729—1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753—1821) және Луи де Бональд (1754—1840), немістерде — Людвиг фон Галлер (1768— 1854) және Адам Мюллер (1779—1829).
Капиталистік тәртіптерге консерваторлардан гөрі барынша қарсы шыққан социалистік лагерьдің өкілдері болды. Мұның басым көпшілігін пролетариатқа айналған еңбекшілер мен күйзеліске ұшыраған ұсақ меншік иелерінің қалың бұқарасы құрады. Капиталистік жүйе оларды бейшара халге түсірді. Олар құтқарылу жолын жеке меншікке негізделген еркениеттен бас тартып, ортақ меншікті қоғам орнатудан іздеді. Социализм осындай антикапиталистік позицияны ұстанды. Келесі бір идеологиялық бағыт — анархизмнің бағдарламасының өзіңдік ерекшеліктері болды. Олардың кейбір өкілдері буржуазия мен жеке меншікке қарсы болмағанымен, барлығы да бір ауыздан қоғамдық зұлымдықтардың шығу кезі ретінде жалпы мемлекетке теріс көзқарас ұстанды.
Батыс Европада орныққан" капиталистік құрылыс өз идеологиясын либврализмнен тапты. XIX ғасырда ол ете ықпалды саяси және интеллектуалды ағым болды. Оның жақтаушылары барлық қоғамдық топтарда да кездесті. Алайда оның әлеуметтік негізін — ең алдымен, кәсіпкер (өнеркәсіптік жене сауда) топтар, шенеуніктердің біраз бөлігі, еркін кәсіптің иелері, университеттік профессура құрады.
Либерализмнің концептуалды өзегінің екі негіз қалаушы тезисі бар. Біріншісі: жеке еркіндік, әрбір индивидтің еркіндігі жөне жеке меншік ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар болып табылады. Екіншісі: бұл құндылықтарды жүзеге асыру тек жеке тұлғаның бүкіл шығармашьшық мүмкіңдігінің ашылуы мен игілігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге бүтіндей қоғамның жене оның мемлекеттік ұйымдасуының, гүлденуіне әкеледі. Либералды идеологияның барлық өзге элементтері осы нсгізгі өзектің төңірегіне топтасады. Ол элементтердің арасында тарихтағы прогресс және әлемнің рационалды құрылымы туралы көзқарас, жалпы игілік және құқық, бәсекелестік және бақылау туралы пікірлермен қатар, міндетті түрде құқықтық мемлекет, конституционализм, биліктің, өкілеттіліктің, өзін-өзі басқарудың ажыратылуы және т.б. идеялар ұшырасады.
1.1 XIX ғасырдағы батыс европалық саяси-құқықтық ойдың жалпы барысын сипаттағанда француздың көрнекті социологы Огюст Конттың да еңбектері мазмұндалады. Оньщ мемлекет пен құқыққа қатысты нақты арнайы зерттеуі болмағанымен қоғамды ыңғайлы әлеуметтік ұйымдастыру туралы, қоғамның қызмет ету мен даму заңдылықтары туралы көзқарастары ғылыми-танымдық тұрғыда үлкен қызығушылық туғызады. Ол кейінірек кеңінен таралған позитивизмнің негізін қалады.
XVIII ғасырдың аяғында Англия қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша әлемдегі жетекші капиталистік державаға айналды. XIX ғасырдың бірінші жартысында буржуазиялық саяси ойдағы негізгі бағыт ретінде либерализм қалыптасады. Либерализм жеке инициатива, кәсіпкерлік, ұят, сөз, пікір, баспасөз еркіндіктері негізгі орын алатын "азаматтық еркін-дікті" негіздеу мен қорғауға күш салды. Бұл концепция бойынша мемлекет тұлға қауіпсіздігін, жеке меншікті, "азаматтық еркіндікке" негізделген қоғамды қорғауы тиіс. Либерализм "азаматтық еркіндікті" шектеуге қарсы шығып, мемлекеттің қоғамның экономикалық өміріне араласпауын қалады.
Ағылшын либерализмінің ең көрнекті өкілінің бірі Иеремия Бентам (1746—1832) ағылшын философтары Гоббстың, Локктың, Юмнің және француз материалистері Гельвецийдің, Голь-бахтың бірқатар әлеуметтік-философиялық идеяларын қорыта отырып утилитаризм ("utilitas''-пайда) теориясының негізін қалады. Оның негізін мынадай төрт постулат құрайды. Біріншісі: адам әрекетінің мәні, қасіретті болдырмау және ләззат алу құрайды. Екіншісі: пайдалылық, қандай да бір міңдетті шешудің құралы болу мүмкіндігі — бүкіл құбылыстарды бағалаудың ең құнды өлшемі. Үшіншісі: адамгершілік мейлішне көп адамның барынша бақытқа жетуін бағдарлайтын қасиеттерден құралады. Төртіншісі: индивидуалды және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігімен жалпы ортақ мүддені барынша арттыру адамзат дамуының мақсаты болып табылады.
Бентам саясат, мемлекет, құқық, заң шығару жөне т.б. талдау барысында осы постулаттарға сүйенді. Оның саяси құқықтық көзқарастары "Заң шығарушылықтың принциптері", "Өкімет туралы үзінділер", "Барлық мемлекеттер үшін конституциялық кодекстің жетекші бастаулары", "Деонтология немесе мораль ту¬ралы ғалым" және т.б. еңбектерінде мазмұндалады.
Бентам өзінің алғашқы шығармаларында-ақ табиғи құқық теориясын теріске шығарады. Оның пікірінше, табиғи құқықтың мазмұны айқындалмаған және әрқилы түсіндіріледі. "Қоғамдық шарт" ұғымының да мәні жоқ, өйткені мемлекеттер зорлықпен қалыптасып, әдетке айналудың арқасыңда бекітіледі. Бентам 1789 жылғы француздың "адам және азамат құқықтарының Декларациясын" жалған "метафизикалық шығарма" ретінде сынға алады, себебі жеке тұлғаның құқықтары идеясы анархияны негіздеуге алып келеді. Заңға қарсы қойылған "құқық ақыл-ойдың дұшпаны және өкіметті күйрететін күш болып табылады".
Бентам да Гоббс сияқты құқықты сувереннің (егеменнің) еркінің көрінісі деп есептеді. Құқық — бұл мемлекеттің бекіткен жене санкциялармен қамтамасыз етілген бұйрықтар мен тыйымдар. Субъективті құқықтар заңнан туындайды, сувереннің ықтиярынсыз ешқандай да тұлға құқықтары жоқ. Бентамның айтуынша "табиғи құқықтар" — бұл "анархиялық софизмдер", заң мен оның қызметін өз еркімен бағалау. Прагматикалық-саяси тұрғыда оның құқық пен занды айырып қарастыру идеясына қарсы шығуы Бентамды заң ғылымындағы позитивизмнің негізін қалаушы ретінде көрсетеді.
Мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мәселесіне келгенде Бен¬там демократиялық позицияны ұстаңды. Бұл оның либерализмін күшейтіп нығайтты. Ол монархия мен мұрагерлік аристократияны сынады да, негізгі үш билік тармағы бөлінуге тиіс болатын мемлекеттің республикалық құрылымын қолдады. Бірақ, Бентам бұл билік тармақтары өздерінен-өздері өмір сүріп, бір-бірінен төуелсіз әрекет етуін қолдамады. Бентам олардың корпорациясын бір-бірімен өзара әрекетте болуын қалады, өйткені "осы өзара байланыс олардың бір-бірімен келісімге келуіне, тұрақты ережелерге бағынуына жағдай жасайды және жүйелі түрде үздіксіз қызмет етуге мүмкіндік береді. Егер биліктер мүлдем тәуелсіз болса, онда олардың арасында үнемі қақтығыстар бо¬лып отырар еді". Бентам Англияда бір палаталы парламент жүйесін енгізуді және лордтар палатасын таратуды ұсынады.
Бентамның ойынша тек мемлекеттік билікті ұйымдастыруды ғана емес, қоғамның бүкіл саяси жүйесін демократияландыру қажет. Осыған байланысты ол сайлау құқығын барынша кеңейтуді, оның ішінде әйелдерге де сайлау құқығын беруді жақтады. Ол демократия институтыньщ көмегімен (оның ішінде баспасөз бостандығы, қоғамдық пікірталас, жалпы халықтық жиналыстар және т.б.) заң шығарушы және атқарушы биліктің қызметін тиімді бақылап отыруға болады деп үміттенді.
Өкіметті тағайындау Бентамның ілімі бойынша, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі мен меншігіне кепілдік береді, яғни негізінен қорғаушылық қызмет атқарады. Әрбір жеке адам үшін бақыттың не болып саналатынын анықтауға, бақыт туралы өз көзқарасын индивидке таңуға және қалай болғанда да оны бақытты етуге өкіметтің құқығы жоқ. Бентамды өкімет қызметінің көлемі, оның бағыттары мен шекаралары туралы меселелер көп толғандырды. Ол мемлекеттің экономика саласына тікелей араласуы көп жағдайда қажетсіз, өйткені ол жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін деп есептеді. Оның экономикалық либерализм! А. Смит жене Д. Рикардоның саяси экономиясының занды жалғасы болды.
Заң шығарушылықты көнерген, архаикалық элементтерден арылтуда, оны қоғамда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге бейімдеуде Бентамның қосқан үлесі зор. Ол заң шығару процесін қарапайымдандырып жетідлдіруді, сот процесін кедейлер қорғана алатындай түрде демократиялаңдыруды ұсынды. Бүкіл қоғамдық жүйенің негізгі жалпы мақсаты — Бентам бойынша адамдардың неғұрлым көп мөлшерінің барынша бақытқа жетуі.
Бентамның бірқатар идеялары XIX—XX ғасырлардағы саяси-құқықтық ойдың дамуына, құқықтық ғылымның дамуына пәрмеңді ықпал етті. Мысалы, оның ұсынған заң шығарушылық және әлеуметтік мақсат пен мүдделер балансьның арақатынасы мәселесі құқықтың әлеуметтік мектебінің қалыптасуына алып келді. Екінші жағынан, Бентамның қарастырған табиғи құқық және заң арақатынасы мәселесі құқықтың заңгерлік-позитивистік мектебі құрылуының алғышарты болды.
Европалық либерализмнің отаны — Англия XIX ғасырда ,оның көптеген кернекті өкілдерін дүниеге келтірді. Заң шығарушылықтың Ньютоны атанған Бентамның ілімі сол заманның идеологиялық өміріне зор ықпал етті: оның утилитаризм теориясы Джон Стюарт Милльдің (1806—1873) шығармашылығында жалғасын тапса, ал оның методологаясы мен этикасы Джон Остиннің (1790—1859) заңгерлік позитивизм мектебіне әсерін тигізді.Қоғамның жоғарғы формасы мемлекет, онда қоғамды құраған адамдардың әр алуан индивидуалдық еріктері мен әрекеттерінің органикалық тұтастығы бекітіледі. Мемлекет жалпы ортақ ерікке қызмет етеді. Өзінің ұйымдасуы мен мақсатына қарай тек мемлекет еркіндікті қамтамасыз етеді.
Қоғам мен мемлекет өзара әрекетінде бір-біріне қарсы тұрады. Қоғам мемлекетті өзіне ұқсас етіп құрғысы келеді, ал мем¬лекет өзіне тиімді қоғамдық құрылысты қалайды. Қоғамнан "жоғары тұрған мемлекет жетекші ретінде қоғамдағы әртүрлі таптар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруы тиіс.
Егер атқарушы билік заң шығарушы билікке адал қызмет етсе ғана мемлекет өзінің басты ролін орындай алады. Мұндай жағдайда қарапайым мемлекет құқықтық мемлекетке айналады. Штейн — "басқару құқығы конституцияға сүйенетін және заңдар мен атқару бұйрықтары арасы құқықтық түрде ажыратылған" құқықтық мемлекеттің жақтаушысы. Құқықтық мемлекеттің тиімді нысаны ретінде Штейн конституциялық монархияны атайды. Штейішің пікірінше, монарх орталық түұлға ретінде қоғамдағы партикулярлық мүдделерге жол бермей, жалпыға ортақ мүдделерді қамтамасыз ете алады.
Штейннің бірқатар идеяларын таптық қайшылықтан тыс "әлеуметтік монархия" ретіндегі Герман империясының апологиясы үшін пруссиялық канцлер Бисмарк және өзге саясаткерлер қолданды.
1.2 XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында либералдар буржуазиялық тәртіптерді (жеке меншік, кәсіпкерлік еркіндігі, бәсекелестік және т.б.) дәріптеп жатқан тұста Батыс Европада бұл тәртіптерді аяусыз сынға алып, қанаушылықтан құтқаратын қоғамның жобаларын ұсынған ілімдер де пайда болды. Капита¬листа қоғамның қайшылықтарын ашып әлеуметтік теңдікке, әділеттілік пен еркіндікке негізделген қоғам туралы ілімнің — утопиялық социализмнің классикгері қатарына Сен-Симон, Ш. Фурье жене Р. Оуэн жатады.
Олардың барлығын еңбектің жалпыға ортақ міндеттілігі, әдлетті бөлініс, коллективизм (ұжымшылдық), еркіндік, тұлғаның үйлесімді дамуы идеялары біріктіреді. Бұл дәуірде пролетариат пен буржуазия арасында қақтынас өлі ушығып шиеленісе қоймаған болатын. Сондықтан барлық утопистер әділетті қоғамды ешқандай әлеуметтік сілкіністерсіз және тап күресінсіз бейбіт жолмен орнатуға болады деп сенді. Сонымен қатар, олардың жобаларыңда айырмашылықтар да бар. Ш. Фурье жене Р. Оуэн жаңа қоғам "төменнен" бастап ұйымдасады және өзін-өзі басқаратын өндірістік бірліктерге (фаланга, қауым) негізделеді деп санады. Сен-Симон "жоғарыдан" жоспарлы түрде бір орталықтан ұйымдастыру принципін жақтады. Олардың меншікке де қатынасы әртүрлі болды. Р. Оуэн жеке меншікке түбірлі қарсы шықса, Ш. Фурье де, Сен-Симон да жеке меннгікті теріске шығарған жоқ.
Утопистер өздерінің шығармаларында саясатқа, мемлекетке және құқыққа аз көңіл бөліп, мемлекеттік және саяси институттардың мәнін жете бағаламады. Дегенмен олардың көзқарастарының жүйесін талдау өте қажет. Өйткені бұл қоғамдық және саяси-құқықтық ойдың кейінгі тағдырына орасан зор ықпал еткен XIX ғасырдағы Европаның рухани өміріңдегі аса маңызды құбылыстардың ерекшеліктерін толығырақ айқындауға мүмкіндік береді.
Анри де Сен-Симонның (1760—1825) мемлекет және құқыққа көзқарасы оның тарихи прогресс концегщиясымен анықталады. Оның пікірінше адамзат қоғамы бір кезеңнен екіншісіне өте отырып, өзінің "алтын ғасырына" ұмтылады. Антикалық, заман мен феодалдық дәуірді қамтитын теологиялық, кезеңнің орнын метафизикалық кезең (буржуазиялық дүниетанымдардың орнау дәуірі) алмастырады. Оның артынан позитивті кезең келді: "қоғамның басым бөлігін құрайтын адамдардың өмірін бақытты ететін, өздерінің маңызды қажеттіліктерін өтеу үшін барлық мүмкіндіктерді беретін қоғамдық құрылыс орнайды. Егер бірінші кезеңде қоғамдағы үстемдік дін иелері мен феодалдардың қолында, екінші кезеңде заңгерлер мен метафизиктердің қолында болса, ал үшінші кезендеол ғалымдар мен өнер кәсіпшілердің қолына өтеді. Қоғамдық дамудың қозғаушы күші ретіңде адамгершілік пен білімнің прогресі аталады.
Тарихтың позитивті кезеңіне индустриализм жүйесін (экономиканы талантты өнеркесіпшілердің басқаруы) енгізу дәстүрлі мемлекеттік-құқықтық нысандарды бұзуды қажет етпейді....
25.12.2018
Вернуться назад