DataLife Engine / Құқық | Демократиялық мемлекеттегi билiк жүйесi

Құқық | Демократиялық мемлекеттегi билiк жүйесi

Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................................

1. Мемлекеттің нысаны туралы.................................................................
1.1 Мемлекет нысаны түсінігі.........................................................................
1.2 Мемлекеттік басқару нысаны түсінігі....................................................
1.3 Мемлекеттік құрылым нысаны түсінігі..................................................

2. Саяси тәртіп...............................................................................................
2.1 Саяси тәртіп түсінігі..................................................................................
2.2 Саяси тәртіп түрлері.................................................................................

3. Демократиялық мемлекеттегi билiк жүйесi........................................
3.1 Саяси жүйелер және демократиялық құрылым......................................
3.2 Мемлекеттегi өзiн-өзi басқаруы – демократияның бастауы.................
3.3 Қазақстан - демократиялық мемлекет.....................................................

Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................


1. Мемлекеттің нысаны туралы

1.1 Мемлекет нысанының түсінігі

Мемлекет нысаны туралы ұғым мемлекеттанудағы ең маңызды мазмұндамалық сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ. Канттың[2, 56 б] өзі де дер кезінде нысан жөнін мемлекеттліктің тәртіпке келтіретін, оны синтездейтін түпкі бастамалық негізі ретінде қарастырған. Күні кеше ғана болып өткен болмыс тіршіліктердегі ғылыми зерттеулер мен саяси құқықтық практика бұл санаттардың өз дәрежесінде бағаланбағанын айғақтайды.
Алайда, мемлекеттік-құқықтың жаратылыстан туындайтын мемлекет нысаныныњ қатаңдығы мен айқындығы саяси бағыт-бағдарларды іске асырудағы субъективизм мен зорлық-зомбылықтарды елеулі түрде шектей алатындығы сөзсіз. Кеңестік дәуір кезіндегі көптеген авторлар өз еңбектерінде мемлекет "мазмұнын", әсіресе оның "таптық" жақтарының маңызын атап-атап көрсететін.
Қазіргі уақытта нысан деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру
мен оның құрылымы ұсынылады. "Жұп" болып келген басқа да
философиялық санаттар тәрізді мемлекет нысаны да өзінің
мазмұнымен тығыз да нық байланыстылығымен сипатталады.
Бұл еңбектердегі мазмұнның өзі "қалыптастырылған", "құрылған" болып келетініне, нысанның өзі мазмұнның тіршілік ету тәсілі және білдіру екеніне, сол нысанныњ тек өзі ғана (басқа емес) мазмұнға ие екеніне көбінесе көңіл бөліне бермейтін[5, 156 б].
Бүкіл прогресшіл, алға қарай басушылықтың барлығын да тарихи материализм өкілдері өздерінің жеңіл қолдылығымен мазмұнға жатқызып келген болатын. Алайда, көптеген елдердің тарихы ұлттық күйреуге апарып соқтыратын өте қатал әлеуметтік-саяси дағдарыстар кездерінде тек қана мемлекеттің нысаны ғана, оның өз ішінен ұйымдасып бірлесуі, онда да, олардағы күштердің тірі күйінде, аман-сау сақталынып қалғаны ғана, опат болып құрудан, жойылып кетуден аман алып қалғанын көрсетіп отыр.
Мемлекетгегі орнықты және тұрақты болып келетіннің барлығы ең
алдымен және көбінесе оның нысанына жатады. Мемлекетке үйлестіре сәйкестенген "нысан" ұғымының білінуі көп бейнелі болып келеді. Өкімет өкілінің мемлекет қызметкерлерінің бір үлгідегі киім киісінен (униформасынан) мемлекеттің ішкі ұйымдасуына, оның құрылымына дейінгі аралықты қамтиды. Заң салаларының жария жақтарын жаратпай, оны елемей қоюдан мемлекеттік-құқықтық немқұрайлылықтың көбінесе бастау алатыны біздің заманымыздың қатты сырқаты.
Сол кездің өзінде-ақ тұтасқан, бөлінбейтін ежелгі әлеуметтік нормалардан құқықты нақ жария бастаудың өзі бөліп алған болатын, сондықтан да мемлекет өзінің пайда болуы хақында нақ нысанға байланысты-тын. Мемлекет нысанын зерттеп зерделеу теорияның өзін әліппеден бастаудың магистралдық бағытына тең болатын. Көптеген жүз жылдар бойында, антикалық заманнан келе жатқан үрдіс бойынша мемлекеттік-құқықтық ғылым өз назарының кіндік тұсы етіп екі мәселені ылғи да есте ұстаған болатын:
1) тарих және осы заман мемлекет нысанының қандайларын білетін еді,
2) аталған халыққа дәл осы өтіп жатқан кезеңдегі уақытта мемлекет нысанының белгілі болғандарының қайсысы ең жақсы ұнасымды болар еді ?
Ежелгі гректердің нысан мәнісінің маңызын атап көрсетуі кездейсоқтық емес. Мысалы, Платон нысан жөніне айқындаушы, белсенді рөл белгілеген [33, 45 б]. Мемлекет идеясын, оның нысанын өзінен бөліп алып қарастыруға болмайды. Осы аталым этимологиясының өзі соны нұсқап көрсетіп тұр (форма, нысан, эйдос, идея, морфэ).
Аристотельдің [37, 125 б] өзінде нысан мазмұнынан бұрынырақ заң ғылымдарының жиынтығында да, космологияда да (трансценденттік парасатты танып білуде) және антропологияда да (адам жанының жоғары рухани қабілетінің "бөлінетіні" мен оның мәңгілік екенін танып білу) приоритет және материямен пайдаланғандығын байқаймыз. "Рогаіа аіеі еввегеі" - деген мәтел арқылы римдік заңгерлер - "дүниенің барлық болмысын оның нысаны көрсетіп түрады" деп санаған.
Қазіргі уақытта нысан деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру
мен оның құрылымы ұсынылады. "Жұп" болып келген басқа да
философиялық санаттар тәрізді мемлекет нысаны да өзінің
мазмұнымен тығыз да нық байланыстылығымен сипатталады. Осы соңғысы мемлекеттік биліктің, оның субъектісінің кімге тиістілігін анықтауға мүмкіндік берсе, оны кім жүзеге асырады деген сауалға жауап тапса, онда ол мемлекет нысанын зерделеу барысында ол
мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылғандығын, оның өзі
қандай органдар арқылы атқарылатынын, бұл органдардың құрылу тәртібінің қандай болатынын, олардың өкілеттік мерзімдерінің қаншалықты ұзақтығын, ең соңында мемлекеттік биліктің жүзеге
асырылуы қандай тәсілдермен атқарылатынын және тағы сондай-
сондайларды анықтайды.
Мұнда басы ашық болып отырған мәселе мемлекет нысаныныњ теория жүзінде ғана емес, оның практикалық саяси мәнісінің бірінші дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттік биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп түрады. Міне мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы[14, 47 б].
Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарды құру және Екіншіден ұйымдастырудың - бұл, мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың белгіленген рет тәртібі. Үшіншіден – бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық, регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі, әдістері, амал-жолдары.
Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысанынан, мемлекеттің құрылымы нысанынан және мемлекеттік, саяси нысанынан синтезделеді (түзеледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған-тын.
Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылыс нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика) те қоса қарастырылатын болды.
Ғылыми басылымдардағы дискуссияларда - ғылыми айтас-тартыстар барысында әртүрлі пікірлер ұсыналып жүрді. Онда мемлекет нысаны жөніндегі синтетикалық ұғымның кейбір аспектілеріне приоритеттер (басылымдықтар) беріліп келген болатын. Қалай болғанда да, мемлекеттік билікті ұйымдастыру жөнінде бүгіндері ең көп тараған концепция (пікір) үш элементі: басқару, мемлекеттік құрылыс және саяси режимді біріктіре тұтастырып тұрады[38, 27 б].
Мемлекеттік нысанға бөлу көзқарасының тәжірибелік мәні бар және де ол оқу мақсатында кеңінен пайдаланады. Оны ғылыми зертеулерге пайдаланғанда мемлекет нысанын құрайтын жүйе тұтастығы бірлігін емес, оның элементтерін ойланбай қоса элементтердің тұтастығына басқаша назар аударылды. Бірақ іс жүзінде бұл тұтастық та жүйенің ішкі байланысын және оның ортаға қатысын (әлеуметтік, ұлттық, әлеуметтік-мәдени) қамтитын салу болып отыр. Мемлекет түрі сипаттамасы көбіне оның элементтері арқылы беріледі де, ал түрге анықтама беру жалпы философиялық ұғыммен шектеліп қалып жүр. Мұндай көзқарасты мінсіз деуге болмайды, тіпті соңғы жылда кейбір конституциялар (Түркия, Сальвадор) басқару түрі мен мемлекет құрылысын ескерумен шектеліп қана қоймай, “мемлекет түрі” деген кең ұғымды терминді де енгізді.
Мемлекет нысаны тек элементтерден ғана тұрмайды, дәстүрлі үш элемент солардың көрініс беретін мемлекет нысанының басты жақтарын көрсетеді, сөйтіп ол өз сапасын аяғына дейін сақтап қалатын болды.
Кез келген нысан секілді мемлекет нысаны оның мазмұнымен анықталады, өйткені нысан дегеніміз мазмұнды ұйымдастыру болып табылады. Ондай мазмұн мемлекеттік билік екені белгілі, мемлекеттің бір немесе өзге де түрі мемлекеттік билікті тиімді жүзеге асырудан барып құралады. Осы мақсатпен мемлекеттік органдар құрылады, белгілі бір әкімшілік – аумақтық бөлініс қолданылып, мелекеттік билікті жүзеге асырудың бір немесе өзге де әдістері қолданылады.
Соған қарамастан, мемлекет нысаны, мемлекет билігі секілді мазмұнмен ғана анықталмайды, ол соңғысының нақты әлеуметтік мазмұнына да тәуелді болады. Солай десек те, мазмұн мен нысан элементтерінің әрбірінің қатаң тәуелділігі болмайтындығын атап көрсеткен жөн. Зерттеушілер мазмұн мен нысанныњ байланысын зерттегенде көбіне әлеуметтік мазмұнмен ғана шектеледі. Егер тереңірек талдау жасайтын болсақ, мемлекет мазмұнының басқа жақтары да бар. Ол мазмұн басқару элитасы және ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге қажетті кадрлар құрамы бар байланыстар қарым-қатынасын, экологиялық проблемалардан, басқа мемлекеттермен байланыстардан туындайтын қатынастарды да өзіне кірістіріп отырады. Тіпті әлеуметтік мазмұнның өзін, бұрын жиі ұшырасатындай, таптар мен әлеуметтік топтардың қатынастарына ғана апарып тіреуге болмайды. Әлеуметтік мазмұнға ұлттық, этникалық қатынастар да, халқының этникалық құрамы бірдей мемлекет белгілеген аумақтық-ұжымдық – аймақтық қатынастар да, әйелдер жағдайына қатысты проблемалар да, т.т. кіреді. Бұлар бір немесе өзге де дәрежеде мемлекет нысанының әр қырына өз ықпалын жүргізеді. Қолда бар қажетті кадрлар құрамы бұлар жоқ жерде мемлекеттік аппаратты өзгеше құруға мүмкіндік береді, себебі этностар мен аймақтар аумақ және ұлттық-мәдени автономия, экология мәселелерімен тығыз байланыста болады, оның өзі өмірде өзіндік басқару нысаны бар ерекше округтарды құруды талап етеді, ондай округтар Ұлыбританиядағы оған кіретін мектеп немесе медициналақ округтер секілді АҚШ-тың да, Жапонияның да әкімшілік аумақтық бөліністерінің жалпы жүйесіне кірмейді. Еркектер мен әйелдердің әлеуметтік қатынастарына байланысты жағдай мұсылман елдерінде мемлекеттің ерекше нысанын туғызды. Мысалы, әйелдердің сайлау құқығынан айырылуы, мемлекеттік жоғарғы қызметтерге отыру мүмкіндігінен айыру.
Көп жағдайда нысанның бір немесе өзге де жақтары мемлекеттің әлеуметтік мазмұнына немесе оның мазмұнына мүлде тәуелді болмайды, олар басқа факторлардан – географиялық жағдайлардан, дәстүрлерден, қоғамдық психологиялардан, кейде билеуші үстемшіл жеке тұлғалардың ниет еткен әрекетерінен туындайды.
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны түсінігі
Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің анығұрлым кең мағыныдағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғарғы органдарының жүйесіне, олардың арасындағы құзіретті бөлісу мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударады. Басқару нысаны мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады. Ол бағыт таңдау мен мемлекеттік саясат басымдылығына және оны жүзеге асырудың тәсілдеріне, биліктің демократиялық дәрежесіне және оның халыққа түсінікті болуына айтарлықтай ықпал етеді. Саяси тәртіп мемлекеттегі демократияның, оның ішкі саясатындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды жүзеге асырудың, “саяси хал-ахуалдың” жайын сипаттайды. Бұл мемлекеттік тәртіптен гөрі әлдеқайда кең ұғым, дегенмен де соңғысының, әдетте саяси тәртіпте оның шын мәнінің, өзегінің, үстемдігінің бастыларын құрайтынын да жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да ”саяси тәртіп” терминін көптеген мемлекет танушылыр әрқилы пайдаланып отыр.
Басқару нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны мемлекет нысанының дербес бөлшектері болып табылмайды және олардың басқа құрамда болуы мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясында «нысан» термині мемлекеттің құрылысын айқындайтын арнайы ғылыми термин ретінде қолданылады. Философиялық жағынан қараған кезде, мемлекет теориясының бұл мәселесі философиялық «нысан» санатымен тоғысады. Сондықтан да, мемлекет нысанына қатысты мәселені шешуде «мазмұн» нысанына сәйкес келетін мемлекет келбетін ескеру керек. Осылайша статикалық жағынан алғанда мемлекетті мемлекет нысанын құрайтын органдар жұйесі ретінде түсінуге болады. Сәйкесінше, осы жағдайда нысан құрылымды айқындайды, яғни органдар арасындағы байланысты оларға өкілеттіктерді бөліп беруді, олардың бағыныштылығын және т.б. көрсетеді. Мемлекет мазмұнының элементтері

ретінде қоғамның әлеуметтік құрылысының элементтерін, яғни әртүрлі әлеуметтік топтарды қарастырамыз. Өйткені, байланыс тек мемлекеттік
органдар арасында емес сонымен қатар, олармен әлеуметтік құрылыс элементтері арасында да орын алады. Мемлекеттіліктің элементтерінің жүйесі мемлекеттің кез келген типі үшін өзгеріссіз қалады, мұнда нысанының әрқилылығы элементтер арасындағы байланыс типін орнату арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттіліктің мұндай элементтері ретінде мемлекет басшысын өкілетті огандардың жүйесін, атқару органдар арқылы жүйесін, тұрғылықты халықты алуға болады.
Мемлекеттіліктің арасындағы байланыс әралуан, дегенмен оларды келесідей үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1) мемлекет тетігін тігінен бөлшектеу нәтижесінде пайда болған органдар жүйесі арасындағы байланыс; мемлекет басшысымен, өкілетті, атқарушы және сот органдарының; олардың өзара өкілеттіктерді бөлуі, атқаратын қызметтерді бөліп алу және т.б..
2) мемлекет тетігін көлденеңінен бөлу нәтижесінде пайда болған орталық және жергілікті әртүрлі деңгейдегі органдар арасындағы байланыс; олардың арасындағы өкілеттіктерді бөліп алу, әрекеттеріндегі бағыныштылық және т.б.
3) әртүрлі мемлекеттік органдар мен тұрғылықты халық арасындағы байланыс; мемлекеттік органдарды құру тәртібі, халықтың мемлекеттік органдарды құруға немесе олардың қызметін бақылауға қатынасуы. Осындай байланыс түрлері арқылы кез келген мемлекеттің нысанын айқындауға болады.
Көбінесе мемлекет нысаны (басқару нысанына байланысты кейінен мемлекеттің тарихи типіне байланысты нақты белгілерімен толықтырылатын) монархия және республикаға бөлінеді. Былайша топтастыру монархия мен республика арасында үлкен айырмашылық болған кезеңдерде жасалған еді. Ол кезде монархия жариялылыққа қарсылықты бейнеледі, ал республика мемлекет нысанындағы жариялылықты сипаттады. Мемлекеттің монархиялық нысаны мұрагерлікпен келген мемлекеттік егемендіктің бастауы және айқындаушысы болып табылатын мемлекет басшысының болуымен сипатталды. Ал, республика нысаны туралы түсінік халықтың егемендігін жүзеге асыру мүмкіндігімен байланыстырылды.
Президенттік Республика – қазіргі замандағы мемлекеттік үкімет формасы болып саналады. Классикалық президентті республикаға Америка Құрама Штаттары мысал бола алады. АҚШ Президенті коллегия арқылы жергілікті елдердің сайлауымен тағайындалады. Ресейде осы сайлау 1991 жылда бекітілді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды, Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Үндістан, Туркия, Израиль т.б.) – парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) – Президент пен парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен және бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал президент – парламентті таратпайды. Дегенмен, парламент қабылданатын заңдардың көмегімен президент пен үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе, ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен – «тиым салу»).
Парламенттік республикада – үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы Президент, не Парламентпен не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады. Дегенмен, мемлекеттік өкімет огандарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті огандардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жартыпарламенттік) республиканың сипатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдына және парламенттің алдына. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептелінеді. Ол үкіметтің басшысын және министірлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
1.3 Мемлекеттік құрылым нысаны түсінігі
Мемлекеттік құрылыс нысаны, ең алдымен мемлекет нысанының тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған басқару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік-саяси режимнен басқа) болып табылады. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішікі құрылымын, ондағы ұлттық-мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрулар мен әкімшілік –аумақтық бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр, орталық мемлекеттік билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерініњ биліктері арасындағы ара қатынасты көрсетеді. Мемлекеттік құрылыс нысанының маңызы аса зор: оны қарамайынша орталық пен жергілікті органдардың қарым-қатынастар проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі орнын объективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін анықтау, ал көп ұлтты мемлекеттерде – әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін анықтау, ұлт аралық қарым қатынасты сипаттау қиынға соғады.
Егер бастапқы критерий етіп мемлекеттік құрылыс нысанын алатын болсақ, барлық мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып бөлінген болар еді. Олардың нақтылы құрылымдарына, мемлекеттік жүйенің түрлі «қабаттарының арасындағы құзіреттерінің бөлінуіне, билікті жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық институттарға, сондай-ақ халықты басқару ісіне тартудың нысандары мен әдістеріне келер болсақ, олардың арасындағы айырмашылық айтарлықтай.
2. Саяси тәртіп
2.1 Саяси тәртіп түсінігі түсінігі
Саяси тәртіп дегеніміз (басқарудың және мемлекеттік құрылыстың жоғарыды қаралған нысандары сияқты) оның мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекеттік нысанының компоненті болып табылады. Мемлекеттік-саяси тәртіп деп мемлекеттің пайдаланып жүрген басқару, реттеу және ықпал ету әдістерінің жиынтығын айтамыз. Соңғысы мемлекеттегі саяси бостандық дәрежесі туралы, мемлекеттік механизмнің түрлі буындары арасындағы қарым-қатынастары және бір жағынан олардың арасындағы, екінші жағынан партиялардың, қоғамдық бірлеситіктер мен халықтың арсындағы өзара қарым-қатынастың моральдық-психологиялық ахуалы туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік билік ету әдәістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субъектіліердің қарым-қатынасы, олардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдік және қамтамасыз етушілік деңгейі туралы түсінік алуға болады.
Оқулықтар және монографиялық еңбектерде мемлекеттік-саяси режимді көбінеенсе саяси деп атайды. Бұл, біздің ойымызша дәл емес: Ұйткені соңғысы мемлекеттік қызмет әдістерінен басқа, саяси партиялар қызметінің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық қозғалыс әдістерін де қамтиды. Егер мұндай терминологияға сүйенетін болсақ, онда режимнің не екендігін .....
23.12.2018
Вернуться назад